Д?ниетану Тыныс алу м?шесі 3-сынып


Дүниетану пәні бойынша 3-сыныпқа арналған
қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшесі.
Мақсаты: Тыныс алу мүшесі туралы мағлұмат ала отырып, адам өміріндегі маңызын білуге мүмкіндік жасау.
Күтілетін нәтижесі: Тыныс алу мүшесінің атқаратын қызметін біліп, өз ойларын дәлелдей алады.
Әдістер: Түрткі сұрақтар, АКТ - бейнекөрсетілім, «Дана үкі»стратегиясы, екі жұлдыз, бір тілек.
Ресурстар: Оқулық, бейнекөрсетілім, постер, интербелсенді тақта, маркер
Блум
таксономиясы Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі.
3 мин
-68949956800
І. Білу.
5 мин. Сергіту сәті.
Топқа бөлу.
Тест жұмысын орындау.
1.Тірек, сүйек, қорғаныс – бұл ....
а) қаңқа ә) бұлшық ет б) жүрек
2.Саңылаулар, тер мен май, сипап сезу – бұл ...
а) қаңқа ә) сүйек б) тері
3.Жүрек, күретамыр, артерия – бұл ...
а) қанайналым ә) қаңқа жүйесі б) жүйке жүйесі
4.Сіңір, бұлшық ет жиырылуы, қозғалысқа келтіру - бұл ...
а) тері ә) бұлшық ет б) қанайналым жүйесі
5.Жүрек – бұл ...
а) сүйек ә) бұлшық ет б) мотор
Интербелсенді тақтадағы көрсетілім бойынша сергіту сәтін орындайды.
«Ғалымдар», «Дәрігерлер», «Зерттеушілер» болып
3 топқа бөлінеді.
Оқушылар өздігінен орындайды. Интербелсенді тақта арқылы өзін-өзі тексереді, әр дұрыс жауапқа смайлик алады.
ІІ. Түсіну.
7 мин. Интербелсенді тақтада бейнематериал көрсетемін.
Оқушылар бейнематериалды көреді де, топта өз ойларын айтады.
ІІІ. Қолдану
3 мин. *Түрткі сұрақтар:
- Тыныс алу және шығару дегенді қалай түсінесіңдер?
-Тыныс шығару кезінде қолыңды аузыңа жақындат. Не сездіңдер?
-Тынысыңды бірнеше секунд ұстауға тырыс. Не болды? Оқушылар мәтінді жеке оқиды.
IV.Талдау
10 мин Оқулықпен жұмыс.
- Жеке оқу.
- Топта талдау.
Оқып болған соң топта талдайды.
V.Жинақтау
15 мин. «Дана үкі» стратегиясы бойынша топтық жұмыс.
1-топ - «Ғалымдар». Тыныс алу жүйесінің құрылымы туралы
«Сенің организміңе ауаның жасаған саяхаты» - постер қорғау.
Жоспары:
-Өкпе қайда орналасқан?
-Адамда неше өкпе бар?
Тыныс алғанда өкпенің көлемі өзгереді ме? Неліктен?
-Тыныс алу жүйесінің мүшелерін атау және қызметін анықтау. Мұрынның ролі.
2-топ - «Зерттеушілер»
Эссе жазады.
3-топ
«Дәрігерлер» сахналық көрініс. 1-топ оқулықтағы мәтінді оқи отырып, жоспар бойынша сұрақтардың жауаптарын тауып, постер қорғайды.
2-топ
Тыныс алу және тыныс шығарудың қалай өтетінін зерттейді. Дем алу және дем шығару қалай жүзеге асатыны туралы қысқаша эссе жазып қорғайды.
3-топ
Тыныс алу мүшелерін күту жолдары туралы сахналық көрініс көрсетеді.
VI.Бағалау.
5 мин. Бағалау Сабақ барысында алған смайликтері бойынша бағалау.