Ке?ес «Бас?а дене а?за?а т?скен жа?дайда к?рсетілетін ал?аш?ы к?мек»


Кеңес «Басқа дене ағзаға түскен жағдайда
көрсетілетін алғашқы көмек»
Басқа дене (сүйек, түйме және т.б.) баланың жұтқыншағына, тамағына түсіп көптеген қиындықтар туғызады.
Бұл жағдайда баланы дереу дәрігерге апару қажет. Басқа денені балаға нан жегізу арқылы итеріп асқазанға түсіруге болмайды. Егерде басқа дене бірден жұтқыншақтан асқазанға түссе, ол ағзадан табиғи түрде шығады.
Егерде басқа дене асқазанға немесе ішекке түскен жағдайда, балаға тамақ бермей қоюға болмайды, сонымен қатар іш жүргізетін дәрі бермеу қажет. Іш жүргізетін дәрілер ішек қабырғасының қысқартылуына әсер етіп, баланың зақымдануына мүмкіндік тудырады. Көрсетілген жағдайда балаға жұмсақ нан, ботқа,кисель беру керек. Егерде үшкір зат жұтып қойса (шеге, ине, шанышқы және т.б.) дереу жедел жәрдем шақырып емханаға жіберу қажет.
Басқа дене кеңірдекке, тамаққа түскен жағдайда бала тұншыға бастайды (асфиксия), беті, еріні көгереді, денесі тартылады. Кей кездерде бала жөтелген кезде басқа дене сыртқа шығады, сөйтіп баланың тыныс алуы дұрысталады. Басқа дене тыныс жолында қалған жағдайда, қызарып ісу үдерісі басталады, бала тұншығады. Осы белгілерді байқаған жағдайда, баланы дереу дәрігерге көрсетіңіз.
Басқа дене (құм, шыбын, кірпік) көзге, көздің қарашығына түскен жағдайда көз қызарады, жас ағады, бала жарыққа қарай алмайды. Тексерген жағдайда басқа дене жақсы көрініп тұрса, дәкені 1 % бор қышқылының ерітіндісіне батырып, алып тастау қажет. Ал өздеріңіз ала алмаған жағдайда маманға көрсетіңіз, өйткені ұзақ алмасаңыз баланың көзі қызарып ісе бастайды.
Баланың құлағына басқа дене (бұршақ, моншақ, түйме және т.б.) түскен жағдайда, баланың құлағында шуыл пайда болады, есту қабілеті әлсірейді.
Басқа денені алып тастау үшін баланың құлағына жарты шай қасық жылытылған сұйық май, глицерин, спирт немесе арақ құю керек. Сөйтіп баланың ауырған құлағын төмен салып 5-10 мин. жатқызыңыз. Ал бұл әдіс көмектеспеген жағдайда дереу дәрігерге барыңыз.
Мұрынға түскен басқа дене баланың тыныс алуын ауырлатады, бала жиі түшкіреді, ал асқынып кеткен жағдайда қанды ірің ағады. Бұл жағдайда баланың сау танауын басып, мұрынның шырышын құстың қауырсынымен немесе мақтамен тітіркендіре отыра, баланы түшкірту қажет. Егерде бұл әдіс
балаға көмектеспесе, дереу оны дәрігерге көрсетіңіз.