Тері ж?не оны? ат?аратын ?ызметі (3 сынып)


Бекітемін: ОІМ: А.Е.Кулекеева
Пәні: Дүниетану
Уақыты: 08.09.2016ж
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: Тері және оның атқаратын қызметі
Сабақтың мақсаты:
1. Терінің адам өміріндегі маңызын ұғыну, терінің құрылысымен танысу
2. Ас қорыту, зәр шығару зат алмасу жөніндегі ұғымдарын дамыту; дүниетанымдарын кеңейту;
3. Өз ағзаларын күте білуге, салауаттылыққа, өз денсаулықтарын, жеке бас гигиенасын сақтауға
тәрбиелеу; Тез ойлауға, алған білімдерін өмірде жүзеге асыра білуге тәрбиелеу;
Барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Добым, добым домалақ (екі қолынды айналдыру)
Тоқтамайсын домалап (тезірек екі қолды айналдыру)
Үстел үстін бүлдірдің (қолымен үстел үстін көрсету)
Тәрелкені сындырдың (екі қол алақанымен тәрелкені жасау, екі жаққа жылдам шашу)
Тентек болып кеттің деп(Сұқ саусақпен ескерту)
Тұрмын сені тепкім кеп (екі қол белде, оң аяқпен тебу)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру «Адам ағзалары және олардың қызметі» тақырыбын түсінігін айту
ІІІ. Терінің атқаратын қызметі:
1. Қорғаныш 2. Сезімталдық 3. Ыдырау өнімдерін шығару. 4. Жылу реттеуші. 5. Тыныс алу
Сыртқы қабат
Эпителий ұлпасынан тұрады. Үстіңгі қабат өлі жасушалардан тұрады. Ол теріні қатты бөлшектердің газдардың, сұйықтардың әсерінен сақтайды. Ескірген өлі жасушалар орнына жаңасы келіп отырады
Ортаңғы қабат
Дәнекер ұлпадан тұрады. Терінің бұл қабаты қан тамырлар мен жүйке талшықтардың таралған ұштарымен торланған.
Ішкі қабат
Май ұлпасынан түзіледі, ол ағза мүшелері үшін оқшаулағыш қабат, “төсеніш” қызметін атқарып, қоректік заттар мен энергияға қойма болып есептеледі.
Тері адам денесінің сыртқы жабыны.Ол мықты,серпімді болады.Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндіктерін береді.Тері арқылы біз ыстық пен суықты,тегіс пен бұдырды,үшкір заттарды,ауырғанды және денеге тиген нәрсені сеземіз.Тері сипап сезу мүшесі.
Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? 
Сезім мүшелері:
Көру мүшесі – КӨЗ
Иіс сезу мүшесі - МҰРЫН
Есту мүшесі - ҚҰЛАҚ
Сипап сезу мүшесі - ТЕРІ
Дәм сезу мүшесі - ТІЛ
Үйге тапсырма «Тері және оның атқаратын қызметі» тақырыбын оқу
Бағалау