Тері ж?не оны? ат?аратын ?ызметі 3 сынып


Сабақтың атауы Тері және оның атқаратын қызметі
Мақсаты 1. Терінің адам өміріндегі маңызын ұғыну, терінің құрылысымен танысу
2. Асқорыту, зәр шығару зат алмасу жөніндегі ұғымдарын дамыту; дүниетанымдарын кеңейту; 3. Өз ағзаларын күте білуге, салауаттылыққа, өз денсаулықтарын, жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу; Тез ойлауға, алған білімдерін өмірде жүзеге асыра білуге
тәрбиелеу;
Күтілетін нәтиже Психологиялық ахуал Добым, добым домалақ (екі қолынды айналдыру)
Тоқтамайсын домалап (тезірек екі қолды айналдыру)
Үстел үстін бүлдірдің (көлымен үстел үстін көрсету)
Тәрелкені сындырдың (екі қол алақанымен тарелкені жасау, екі жаққа жылдам шашу)
Тентек болып кеттің деп(Сұқ саусақпен ескерту)
Тұрмын сені тепкім кеп (екі қол белде, оң аяқпен тебу) Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Терінің атқаратын қызметі қандай
1. Қорғаныш 2. Сезімталдық 3. Ыдырау өнімдерін шығару. 4. Жылу реттеуші. 5. Тыныс алу
Сыртқы қабат Эпителий ұлпасынан тұрады. Үстіңгі қабат өлі жасушалардан тұрады. Ол теріні қатты бөлшектердің газдардың, сұйықтардың әсерінен сақтайды. Ескірген өлі жасушалар орнына жаңасы келіп отырады
Ортаңғы қабат
Дәнекер ұлпадан тұрады. Терінің бұл қабаты қан тамырлар мен жүйке талшықтардың таралған ұштарымен торланған.
Ішкі қабат
Май ұлпасынан түзіледі, ол ағза мүшелері үшін оқшаулағыш қабат, “төсеніш” қызметін атқарып, қоректік заттар мен энергияға қойма болып есептеледі. Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Тері адам денесінің сыртқы жабыны.Ол мықты,серпімді болады.Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндіктерін береді.Тері арқылы біз ыстық пен суықты,тегіс пен бұдырды,үшкір заттарды,ауырғанды және денеге тиген нәрсені сеземіз.Тері сиап сезу мүшесі.
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке?  Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Сезім мүшелері:
Көру мүшесі – КӨЗ
Иіс сезу мүшесі - МҰРЫН
Есту мүшесі - ҚҰЛАҚ
Сипап сезу мүшесі - ТЕРІ
Дәм сезу мүшесі - ТІЛ
Үйге тапсырма Терінің атқаратын қызметі қандай? Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады