С?раулы с?йлем саба? жоспары 8 сынып


Күні: Сыныбы: 8 «А,Б» Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлемЖалпы мақсаты:
Сұраулы сөйлем туралы білу;Сұраулы сөйлемнің негізгі түрлері жайында түсіндіріу;Мәтін ішінде ажырата білуге, тыныс белгісін қоя білуге үйрету;Күтілетін нәтиже:
Сұраулы сөйлем туралы білу;Сұраулы сөйлемнің негізгі түрлері жайында түсіндіріу;Мәтін ішінде ажырата білуге, тыныс белгісін қоя білуге үйрету;Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Сұрақты ұстап ал», «Ойлан. Бірік, Бөліс» әдісі., Ыстық орындық
Сабақтың көрнекілігі: Сұрақтар, суреттер, үшбұрыштар, дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері Мұғалім іс- әрекеті Оқушы іс- әрекеті
Ұйымдас-тыру кезеңі(3 мин) Сынып оқушылардың назарын сабаққа аудару;Сыныптың топқа «хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем, бұйрықты сөйлем» болып бөлінуін бақылау;Топтағы ролдерді, міндеттерді бөлуді ескерту;. Оқушылар таратпадағы сөздерге қарай топқа бөлінеді. Оқушылар топтағы рөлдерді өзара бөліседі
Білу «Қайталау - оқу айнасы» 36-жаттығу. Мәтіннің сөз тіркестерін пайдаланып «Ұстаз сыры» тақырыбында эссе жазу.
«Сұрақты ұстап ал» әдісіСұрақ толтырылған қапшықты оқушыларға лақтыру арқылы жауап алу;1. Хабарлы сөйлем деп қандай сөйлемді атайды?2. Хабарлы сөйлем қай шақтарда жасалады?3. Хабарлы сөйлемге мысал келтіріңдер?4. Хабарлы сөйлемнің дауыс ырғағы қандай? Сұрақтараға жауп береді.
Түсіну Топтық жұмыс.
«Ойлан. Бірік. Бөліс» әдісі. Топтарға жаңа сабақты бөліктерге бөліп оқытып, жаңа сабақты түсіну.І топ Негізгі сұрақІІ топ Жетек сұрақІІІ топ Анықтауыш сұрақ Оқушылар берілген тапсырманы қолдана отырып алдымен өзі оқиды, жұпта талқылайды, кейін топта талқылау жүргізеді, Баяндамашылар қорғайды.Топтар бір-бірін түрлі-түсті үшбұрыштар арқылы бағалайды. 
Қолдану Жаттығу жұмыстары.
Әр топқа жаңа сабаққа байланысты тапсырмалар беру;І топ 37- жаттығуІІ топ 39- жаттығуІІІ топ 40- жаттығу Өз беттерімен топта ақылдаса отырып жаттығуларды орындайды.
Талдау «Хан аталы сөзден жеңіліп, ат басын кері бұрыпты» сөйлеміне синтаксистік талдау жасау. Синтаксистік талдауды тақтаға жасайды.
Жинақтау Топ басшыларының сайысы.
«Ыстық орындық» Ортаға жаңа сабақты жақсы меңгерген бір оқушыны шығарып, жаңа сабақтар бойынша сұрақтар қойғызу; Оқушылар жаңа сабақ бойынша сұрақтар қояды, сұрақтарына жауап алады, түсінбегендерін түсінеді Топ басшылары шығады. Қарама-қарсы топтардан сұрақтар қойылады.
Рефлексия Сабақты жақсы түсіндім
Әлі де ізденетін сұрақтарым бар.
Сабақты түсіне алмадым. Сабаққа деген көзқарастарын білдіреді.
Үйге тапсырма 38-жаттығу. Жұмбақ құрастыру.
Үй тапсырмасын жазып алады, түсінбеген жерін сұрайды.
Бағалау Үшбұрыштар арқылы топ басшылары бағалайды. Бағаларын күнделікке қойдырады.