Саба? жоспары С?йлем, с?йлемні? айтылу ма?сатына ?арай т?рлері


Бекітемін
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:Г.Базарова
Күні:25.10.2016
Сыныбы:3Ә
Пәні: Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Тажмағамбетова Г.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыда сөйлем, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау;
Дамытушылық: оқушыларды сөйлемді оқыған кезде дауыс ырғағын салыстыру арқылы оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру; тіл дамыту, рефлексиялық жаттығуларды орындату арқылы оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту;
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, бірлесіп топпен жұмыс істеуге баулу; алған
білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қорытындылау, өткенді пысықтау.
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, жұптық жұмыс,топтық жұмыс,талдау,
жинақтау, өз бетінше жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер (жеке, сюжетті), тірек-сызба.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Зейіндерін сабаққа аудару.
-Сабағымызды Қадыр Мырза Әли атамыздың өлеңімен бастасақ,
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

Топқа бөлу
-Жұмбақтың шешуі арқылы біз 3 топқа бөлінеміз
Өзім сөзден тұрамын.Біткен ойды құрамын.
Қоя салсаң бір тары,Жаңалықты құрадым.
Хабарлы сөйлем
Ойды аяқтап орақ тұрады,Жауап сөзді қалап тұрады.
Сұраулы сөйлем
Ұранды, шаттықты,Өкініш пен аптықты,
Білдіріп ойдың талайын,Көңілден шығып айтамын.
Лепті сөйлем
Төмендегі суреттер арқылы топтарға бөлу.
14287581915
2.Үй жұмысын тексеру.
Хат жазып келу,бірнеше оқушыға дауыстап оқыту.
Жаңа сабақ
Мағынаны тану.
Сөзжұмбақты шеше отырып,бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу.
С М
КӨЙЛЕК

Ұжымдық жұмыс
1-жаттығу.Ауызша орындалады.Берілген сөздерд оқу.Қайсысы сөйлем екенін анықтау.Сөйлемге тән белгілерді айту.
Топпен жұмыс.
Оқушылар сөздерді байланыстырып,сөйлемдер құрастырып дәптерге жазады. Жұпта, топта тексеріп,дұрыс нұсқасын тақтаға жазады.Өзгеріске түскен сөздердің астын сызып көрсетеді.
І топ
Кітап,оқы,көп.
Кітапты көп оқы. ІІ топ
Сендер,білім,кітап,көмектеседі,болу.
Сендерге білімді болуға кітап көмектеседі. ІІІ топ
Ұқыпты,таза,кітап,ұста.
Кітапты ұқыпты, таза ұста.
2-жаттығу
Топтық жұмыс.
І топ
3-жаттығу.Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп,мәтінді көшіріп жазады. Бір-бірін жұпта тексереді,қателерін жөндеп,дұрыс нұсқасын бір оқушы оқиды.
Алматы хайуанаттар бағына келушілер тоғанда жүзіп жүрген ләйлекке қызыға қарайды.Ләйлекті сырттай көкқұтанға ұқсатады.Бірақ ләйлектің қауырсыны ашық болып келеді.Әрі бойы да биік. Қосымша тапсырма:Қосымша мәліметтер жинап келу тапсырмасы берілген оқушылар ләйлек туралы айтып береді. ІІ топ
4-жаттығу.Ертегіні оқып,неше сөйлем бар екенін анықтайды. Сөйлемдерді тыныс белгілерін қойып,көшіріп жазады. Ертегіні жалғастырады.Бір оқушы оқып береді.
Арыстан мен түлкі
Арыстан қартаяды. Ол бұрынғыдай аң аулай алмайтын хәлге жетеді. Енді аңдарды айламен аулағысы келеді.
ІІІ топ
6-жаттығу
Сурет бойынша әңгіме құрайды.

Жылқышы деген кім?
Жылқышы жылқыны қалай шақырады?
Қазақ халқының атқа байланысты ұлттық ойындары туралы айтып береді.
«Жылқы» сөзін үш тілде айтамын,тақтаға жазамын.Оқушылар дәптерлеріне жазып алады.
Жылқы – лошадь – horse
Сергіту сәті. «Көбелектер биі»
Топпен жұмыс
Постер қорғау.
Лепті сөйлем
Сұраулы сөйлем
Хабарлы сөйлем



Сабақты қортындылау.
Берілген суреттерді қатыстырып,хабарлы,лепті,сұраулы сөйлемдер құрау.

7-жаттығу.Әр топ үйшіктерге хабарлы,сұраулы,лепті сөйлемдерді орналастырады.

Кері байланыс.
Кубизм әдісі арқылы кері байланыс орнату, сабақты қортындылау.
Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
«Ең жақсы сүйіп оқитын пәнім-қазақ тілі. Біз, бүгін қазақ тілі сабағында сөйлем тақырыбын қайталадық. Ребустарды шештік, мақал-мәтелдер айттық, тірек-сызбаларды сыздық, сөйлемдер құрадық. Көп тапсырмаларды жасап үлгірдік. Сабақтың өткенін байқамадым.» Құралай
«Бүгінгі қазақ тілі сабағы қызықты өтті. Топтарға бөлініп жарыстық. Әр топ өз пікірлерін айтты. Тақырыпты жақсы білеміз деп ойлаймын. Өйткені, мұғалім бізді мақтады. Өзі де өте көңілді болды.» Диас
«Қазақ тілі сабағында өткен ережелерді еске түсірдік. Әртүрлі тапсырмаларды орындадық. Өзім тірек-сызбалар сызғанды ұнатамын. Тірек-сызбалар арқылы тақырыпты жақсы түсінеміз. Бәріміз белсенділігімізді көрсетіп, мұғалімді қуанттық.»
Сұңқар