Саба?тас ??рмалас с?йлемні? т?рлері


Тексерілді: Г. Ахметова.
Күні: 07.10.15.
Сыныбы: 8
Сабақ тың лексикалық тақырыбы: Тіл дамыту
Грамматикалық тақырыбы: Есімше. Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері.
Сабақ мақсаты:
Есімше(етістіктің ерекше мағыналық түрі) жасалу жолдары мен сабақтас құрмалас сөйлемнің туралы ақпарат беру.Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері анықтауды , сызба бойынша сабақтас құрмалас сөйлемнің әр түріне бір сөйлемнен құрауды, үш деңгейлік тапсырманы орындауды үйрену. Өзара топтасып, жұптасып, өзгенің пікірімен санаса білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Есімше(етістіктің ерекше мағыналық түрі) жасалу жолдары мен сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері туралы білетін болады. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері анықтауды , сызба бойынша сабақтас құрмалас сөйлемнің әр түріне бір сөйлемнен құрауды, үш деңгейлік тапсырманы орындауды үйренеді. Сыныпта өзара сыйластықта болады.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ой қозғау, семантикалық карта, жоба қорғау, мәтінмен жұмыс.
Мұғалімнің іс -әрекетіОқушылардың іс-әрекетіКөрнекі құралдарСабақ барысы:
1. Оқушылар назарын аударып, сәлемдесуОқушылар мұғаліммен сәлемдесіп, топтарға бөлінеді,сабаққа дайындық жасайды. Сөз таптары бойынша
Зат есім, сын есім, етістік.
І Ой қозғау:
1. Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?
2.Салалас құрмаластың неше түрі бар?
3.Мысалдар айта аламыз ба?
4.Салалас пен сабақтастың айырмашылығы неде?
5.Етістіктің есімше түрі туралы не білеміз?
ІІ Есімше, сабақтас құрмалас сөйлем мен түрлері туралы мәлімет беру.
Үйге тапсырма:
2- тапсырма. Сабақтас құрмалас сөйлемнің әр түріне сызба бойынша бір сөйлемнен құрау.
Мәтінді жалғастырып жазу.
Оқушылар өз ойларын айтады.
Ұжымдық жұмыс.
Бұл қандай салалас?
1. Мен өзімді-өзім ұмыттым және көңілім шалықтап әлдеқайда алып-ұшып кеткен сияқты.
2. Көмекші жігіт қойларды ерте айдап әкеліпті, себебі күннің арты бұзылып келе жатқанын байқайды.
3. Ауырғанда жаным көзіме көрініп барады, бірақ  анамды қинағым келмейді. 
4. Тасқынның қаттылығы сонша – жолындағының бәрін жапырып кетті.
 5. Бұл жолы құрбысымен не ит жығыс түседі, не болмаса оны жеңуге тырысады.
6. Бірде желбіреген ақ сәулелі дала кездеседі, кейде қызыл бұйра тобылғылы   адырлар ұшырасады, біресе көкала қамысты көлдер кездеседі.
+ - Оқулықпен жұмыс.
Слайд, электронды оқулық
Топтық жұмыс (жоба қорғау)
І топ «Есімше»
ІІ топ «Шартты бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас» сөйлем.
ІІІ топ. «Қимыл – сын бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас» сөйлем. 2 жұлдыз, 1 ұсыныс
Топтық жұмыс
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін анықтау.
1. Жұмыс аяқталған соң, біз қайтуға кірістік. (мезгіл)
2. Ауылда өткізген соңғы жиырма күн аз болса да, көп жұмыс істелді.(қарсылықты)
3. Әкемнің бұл әңгімесін бұрын естімегендіктен, мен де қызыға тыңдадым. (себеп бағыныңқылы)
4. Мен қызық кітаптарды көп оқып, бұл кітаптардағы әңгімелерді әжеме айтып бердім.(қимыл – сын бағыныңқылы)
5. Мен шошып оянып кетсем, ата мен әжем шай ішіп отыр. (мезгіл)
6. Әңгімені бастау үшін, Саржанмен кездестім. (мақсат)
(дайын жауап арқылы бағалау)
Сергіту сәті.
Топтық жұмыс. Лексикалық тақырыппен жұмыс.
1. Мәтінмен танысу, мәтінге ат қою. (әр топ мәтінге қойған атауларын айтады). (мадақтау)
Жеке жұмыс
1. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, түрлерін анықтау.
2. Мәтіннен есімшелерді теріп жазу. (дайын жауап арқылы бірін - бірі бағалау).
Рефлексия:
Сабақтың сәтті өткен жақтары: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сабақтың сәтсіз жақтары: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________