Ашы? т?рбие саба?. Та?ырыбы: «Н?рын шашып ынтыма? пен ырысты?, Т?ріне шы? ?лы к?ні ?лысты?»


Тақырыбы: «Нұрын шашып ынтымақ пен ырыстың, Төріне шық Ұлы күні ұлыстың» Мақсаты: 1. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүрлі түрде тойланып келе жатқан жыл басы – Наурыз мерекесінің қасиеті мен дәстүрінен сыр шерту. Оқушыларға ұлттық тағылым мен ұлттық салт-дәстүрлерден хабар беру. 2. Халқымыздың мол мұрасын саналарына сіңіре отырып, тағылым алуға жетелеу. 3. Ұлттық тәрбие көзінен нәр алуға түрткі жасау. Туған халқының бай ауыз әдебиетін қадірлеуге, салт-дәстүрін пір тұтуға, ұлттық тағылымдармен сусындап өсетін халқының азаматы болуға баулу. Түрі: мерекелік кеш Сабақтың барысы 1 жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Босқа қарап тұрмаңыздар! Наурыз тойы басталды! Көрген де арманда, Көрмеген де арманда, Қызықтан тыс қалмаңыздар! Наурыз келсе құт келгені халайық! Шашу шашып, ел боп қарсы алайық! 2жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Ұлыс тойы басталды. Наурыз тойын көтеріп, Жар салайық әлемге. Көрмегендер көріңдер, Естімегендер естіңдер. Дабылын наурыздың ғажайып, Шақырамыз бәріңізді ұлыстың ұлы күніне! 1- жүргізуші: Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы.Наурыз 22-де күн мен түн теңеледі,қыс өтіп көктем келеді.Тіршілік басталады.Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі.Кел,балалар ойнайық,Наурыз тойын тойлайық..Баянды боп мереке,Қыр гүліндей жайнайық..
2-жүргізуші:Наурыз мейрамы- өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке.Ол парсымыз «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзнен шыққан.Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай,Шәкәрім,Мұхтар Әуезов,Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған.Күн мен түн теңелген,мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген,жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен.1жүргізуші: Қымбатты қонақтар, баршаларыңызды жақсылықтың лебізіндей жыл құсымен бірге келер Наурыз мейрамымен құттықтаймыз. Наурыз күнінің бір есте қаларлық салтанаты бұл күн көрісуден басталады. Ол жай амандасу емес, адамдар бір-бірін құттықтап қана қоймай, бір-біріне деген өкпелерінде кешірген. Қане, бәріміз құшақтасып, амандасып өкпемізді ұмытайық.
2-жүргізуші: Жердің тойы – Наурызым! Елдің тойы – Наурызым! Төлдің тойы – Наурызым! Көңіл тойы – Наурызым! Көктем тойы – Наурызым! Дей отыра, Оқушылардың тақпақтарына кезек берсек:
Елім менен жеріме,Ырысын шашқан Наурыз.Күлімдеген көктемге,Шуағын шашқан наурыз.Жеті түрлі дән салып,Дәм татқызған наурыз.Жақсылық тілеп халыққа,Молшылық әкелсін наурыз.
Уа, ағайын халайық,Мұнда назар салайық!Мерекесі халықтынНаурыз тойы бастайық!
Наурыз айы келгенде,Күн шуағы шашылып.Жылғалардан су ағып,Ақ әжелер құлпырып.Наурыз көже пісіріп,Қонақтарға тартамыз.
Наурыз келдi елiме,Наурыз келдi жерiме.Байлық, бақыт тiлеймiн,Бүкiл қазақ елiне.
Жылдың басы Наурыз,Жердің басы Наурыз.Мерекеге арналсынБүгінгі жыр- әніміз.
1-жүргізуші:
:Армысыз әлемнің алтын шырағы,Күн Ана! Төрлетіңіз!
Күн Ана.-О, қасиетті Жер Ана! Алла –тағаланың әмірін қалт жібермей орындап,адамзат үшін саған бас иемін.Мен сен үшін табиғат байлығына енген тау – тасыңнан,жан-жануарыңнан бастап адам затына дейін қуаныш нұрын себу үшін,өзіңнің гүл көктеміңді, Ару көктемімді шықырғалы отырмын.
2 – жүргізуші:Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тіршілікке,Құтты болсын қуанышың Ару көктем,Шақыратын бәрімізді бірлікке. Ару –Көктем ! Төрлетіңіз!
-Армысыздар халайық,Бармысыңдар халайық,Наурыз тойын жұп жазбай,Жылда қарсы алайық. Өшкен шырақ жағылсын,Көктемнің әрбір ақ таңы,Қуанышпен, жақсылықпен ашылсын.
1 – жүргізуші: Бүгін ұлыстың ұлы күні!Ата бабаларымыздың сөзімен айтсақ«Ақ түйенің қарны жарылған күн». Ендеше,Наурыз мейрамының салтанатыНаурызды шақырайық.
Сәлем Анам алтын күн,Нұр шуаға халқымның.Ашық болсын аспаным,Аман болсын жас – кәрің.Жыл иесі тышқаным,Құт иесі тышқаным,Бақыт әкел елімеҚұт – береке молшылықДари берсін жеріме.
2-жүргізуші: Әрине, Аяла, Наурыздың 21 түні даланы Қыдыр ата аралайды екен. Сол себептен осы түн «Қыдыр түні» деп аталады. Қыдыр ата әр шаңырақтың табалдырығын аттап, әр отбасына береке-бірлік, таусылмас ырыс, денсаулық тілейді. Ал ендіше Қыдыр атаны шақырайық. Бата сұрайық.
Армысыздар жамағат! Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын. Қайда барсаң жол болсын. Жаңа жыл бақыт жылы болсын! Малың тоқ, уайым, қайғың жоқ болсын. Ұлыс береке берсін, Бәле-жала жерге енсін! Дастарқанымыздан дәм кетпесін, Көңілімізден сән кетпесін. Ұрпақ, ұлыс аман болып Өмірімізден мән кетпесін. Құдай пейілімізді тарылтпасын, Қуаныштан арылтпасын. Халқым ешбір қамықпасын, Қасиеті шарықтасын! Әумин!
Кемпір шашу шашады.Армысың ауылымның асылдары Жайнасын көңіліңнің жасыл бағы. Сендер үшін ән мен күй, өлең мен би, Сендер үшін Наурыз той шашулары. Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды, Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр. Уа жамағат, жинап ал несібеңді, Ризығың болсын көл – көсір! Шашу! Шашу! Шашу! (шашу шашылады)
1 жүргізуші: Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар, Оның сырын ашқанға жұрт қызығар
Кәнекей қазақтың Ерулік дәстүрін көрсетейік.
Қазақтың дәстүрі бойынша ауылдың алты ауызын біз айтайық.
Би: Қара жорға ,
Ал енді қонақтардан қонақ кәде сұрайық.
Домбыра мен күй тартады:
Ал енді ауыл жастары мен қазақтың ұлтық ойындарын ойнайық
Күрес
Арқан тарт
Қол күре
Асық ойнау
Оқушы: Жыл басы 22 Наурыз жақындағанда әрбір үйде келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде дастарханға өзгеде ұлттық тағамдармен қоса міндетті түрде Наурыз көже пісіріледі. Түрік халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан Наурыз көжеге жеті дәм қосылады. Ата-бабаларымыздың айтуы бойынша бұл күні Наурыз көжені тойып ішкен адам жыл бойы молшылық пен тоқшылықта болады.
Анам екеуміз дайындаған наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз.
1 жүргізуші: Наурыз тойын тойлайық қане, ағайын, Амандықпен туа берсін күн сайын. Бақыт тілеп, бақ тілеп халқымызға Мерекені бүгінгі мен жабайын. Молшылық пен тыныштық боп жерімізде Бейбітшілік нық болсын елімізде. Достықпенен жайнай берсін отанымыз Желбіресін қазақ туы көгімізде! 2 жүргізуші: Жиналған құрметті қауым! Келесі Наурызда да төрт көз түгел, уайым-қайғысыз, амандықпен кездесейік. Бас аман, бауыр бүтін болсын! Бәріңізді мерекелік дастарханға шақырамыз.
«Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Нұрын шашып ынтымақ пен ырыстың, Төріне шық Ұлы күні ұлыстың»
Сынып жетекшісі: В. Аманжулова
2016-2017 оқу жылы