?орша?ан ортамен таныстыру. Та?ырыбы: К?п?лтты ?аза?стан


Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы 9.05.16 Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Көпұлтты Қазақстан»
Мақсаты: Еліміздің көпұлтты республика және жергілікті ұлт-қазақ халқы екенін түсіндіру, әр ұлттың ерекшелігі , өздерінің салт-дәстүрлері бар екенін және Қазақстан олардың Отаны екенін саналарына жеткізу. Ұлтаралық татулыққа достыққа сыйластыққа баулу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Әр түрлі ұлттар туралы мәлімет беру.
Қостілдік құрамы: халық-народ, ұлт-нация, Отан-родина.
Әрекет кезеңі Тәрбиешінің қызметі Балалар қызметі
Мотивациялық – қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Қай елде тұрамыз?
Елордамыз қай қала?
Ұлтымыз қандай?
Қай тілде сөйлейміз?
Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Қазақстан Республикасы
Қазақстанда
Астана қаласы
Қазақ
Қазақ тілінде сөйлейміз.
Ұйымдасты-рушылық- ізденушілік Балалар, міне біз үлкен,
зайырлы, әдемі елде тұрамыз. Біздің еліміз Қазақстанда әр түрлі ұлттар көп. Міне, бүгін біз көптеген ұлттар мен олардың салт-дәстүрлерімен танысамыз.
Суретке назар аударайық.
Балалар, бұл суретте не көріп тұрсыңдар?
Бұл адамдар әр түрлі ұлттардың өкілдері. Бұл жерде – қазақ, орыс, тәжік, өзбек, неміс ұлттарының суреттері бар. Қазақтардың салт-дәстүріне келетін болсақ, олар өте көп. Мысалы: тұсаукесер, бесікке салу, беташар, тоқымқағар. Ал басқа ұлттарда өздерінің салт- дәстүрлері бар, бірақ олар Қазақстанда тұратындықтан көпшілігі қазақтардың салтын ұстанады.
Қазақстанда барлық ұлттардың достығы мен татулығы күні – 1 мамыр.
Сергіту сәті:
Жоғары қарап күн көрдім
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
Дидактикалық ойын:
«Бұл қандай ұлт?»
Мақсаты: әр түрлі ұлттарды ажыратып, атауға үйрету.
Шарты: Суреттегі ұлттарды көрсетіп атау.
Балалар сендер қандай ұлттарды білесіңдер?
Қостілдік құрам: халық-народ, ұлт-нация, Отан-Родина.
Енді, балалар, мен сендерге қазақтың салт-дәстүрінің бірі бесікке салуды көрсетейін.
Алдымен бесікті аластау керек. Содан кейін баланың төсегін салып, көпшіктің астына пышақ, айна,тарақ салады. Пышақ жын-шайтандардан сақтау үшін, айна мен тарақты бала сұлу, көрікті болуы үшін салады. Баланың ұйқысы қап-қап болсын деп бесіктің үстіне қапшық жабады. Осыдан кейін баланы бөлеп бесік жырын айтып тербетеді. Әртүрлі ұлттармен танысады.
Суретке назар аударады.
-адамдар
Балалар мұқият тыңдайды.
Сергіту сәтін қимылмен орындайды.
Дидактикалық ойынды ойнап, ұлттарды ажыратады.
-қазақ, орыс, өзбек, татар, неміс
халық-народ, ұлт-нация, Отан- Родина.
Балалар «Бесікке салу» салтын қызыға қарайды.
Рефлексифті – түзетушілік Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Қазақстан қандай мемлекет?
Ал жергілікті ұлт калай аталады?
-Жарайсыңдар. -Қазақстан
-көпұлтты
-қазақтар.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қазақстанның көпұлтты ел екенін біледі;
Үйренеді: Еліміздің салт-дәстүрлерін;
Меңгереді: Ұлттардың бір-бірімен достық, татулық қарым қатынаста екендігін меңгереді.