?азіргі кездегі аударма м?селесі


Қазіргі кездегі аударма мәселесі
Еліміздің экономикалық әлеуетін көтеріп, демократияны дамытумен қатар Елбасы «Қазақстанның болашағы – қазақ тілі» екендігін әрдайым ескертіп, «Қазақстан – 2050» Стратегиясында әрбір қазақстандық үшін қағида ретінде: «Тілге деген көзқарас, елге деген көзқарас» деп баса айтқаны баршаға белгілі. Тілдің, оның ішінде терминологияның елді демократияландырып, оның экономикасын көтеруге тікелей ықпалы бар екендігіне көпшілігіміз мән бермейміз. Жолдауда: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамытуымыз қажет.
Аударма теориясының обьектісі – аударма, ал міндеті – аударма практикасында өмір сүріп отырған әртүрлі құбылыстарды реттеп, сұрыптап жинақтай отырып, оларды практикаға жетекшілік ете алатын теория деңгейіне көтеру.Ал, аудармашылар болса, осы теория негізінде, практика барысында кездесетін әр түрлі нақтылы мәселелерді жан-жақты дұрыс шешуі қажет. Аударма дегеніміз екі тілге қатысты әрекет болғандықтан аударма теориясын зерттеу жұмысы да сол тілдердің тұлғасына тығыз байланысты болады. Екі тілдің лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктерін қатар қарастырады. Сол себепті де, аударма теориясының міндеттерін мынадай түйіндерге жинақтап көрсетуге болады: 1) Тіл ғылымын негізге ала отырып, түпнұсқаны лексика, грамматика, стилистика, логика жақтарынан салыстыра зерттеп, екі тілдегі ұқсастықтары мен ерекшеліктерін тауып шығып, оларды терең зерттеп, аудару тәсілін жан-жақты қарастыру; 2) Осындай салыстыру принципі негізінде аударма практикасында кезіккен алуан түрлі мәселелерге жан-жақтылы талдау жүргізіп, дұрыс қорытынды шығару; 3) теорияның практикаға жетекшілік ету рөлін нұрландырып, аударма сапасын үздіксіз жоғарылату;
Қазіргі кезде аударманың қолданылмайтын саласы жоқ:мағлұматтар алмасудың және көпке таратудың, интернет жүйесіне қосылып ақпараттар алудың бірден-бір жолы - аударма жасау.Мәдени және рухани табыстарды ортақтастыруда, халықтардың өз ара қарым қатынасын ұлғайтуда аударма нағыз жалғастырушы күш болып табылып отыр.
Аударма - халықпен халықты, тілмен тілді, әдебиетпен әдебиетті қауыштырушы дәнекер болып табылады.Аударма - өмір танытатын, білім тарататын, тәрбие беретін құрал ғана емес, ол сонымен қатар ұлтар арасындағы экономикалық, әлеуметтік, рухани, ғылыми қарым-қатынастың тәрбие –тағылым алмасудың үлгісі. Бүгінгі күні халықтардың өзара достық қарым-қатынасында, олардың бір біріне етене жақындасуың да аударма шығармалардың орны ерекше. Аударма - бір тілдегі ойды (ауызша, жазбаша) екінші тілге беру Қарым-қатынастың құралы ретінде әр түрлі тіл пайда болғанда, бір тілде сөйлейтіндердің екінші тілде сөйлейтіндермен түсінісу, сөйлесу қажеттілігінен туған, тіпті оның шығуын ғалымдардың пайымдауынша адамзат қауымының алғашқы даму дәуірімен, яғни тілдің шығуымен байланыстырады.Аударманың бірнеше түрі бар :1. Ауызша аудару. Әр түрлі сөйленген сөздер, баяндамалар ізбе-із ауызша аударылады, шетелдерден келген ресми өкілдермен, қонақтардың пікір алмасуына аудармашылар көмектеседі. Революциядан бұрын қазақ жерінде орыс ұлықтарының алдында жүретін аудармашылар - тілмаштар болған.2. Жазбаша аударма. Барлық хат-хабар, ресми құжаттар, ғылыми және көркем шығармалар жазба түрінде аударылады. Түп нұсқаның түрі мен мәтініне қарай аударманың да қолданылатын әр алуан амал-тәсілдері бар. Мысалы ресми документтерді аударғанда түп нұсқаны қаз қалпында бұлжытпай толық жеткізу көзделсе, ғылыми және техникалық шығармаларды аударғанда, белгілі пәндердің терминологиялық ұғымдарын дұрыс беру көзделеді. Осыны ескемегендіктің салдары депутаттардың заң шығару барысында көп кесірін тигізіп жүр. Заңның дұрыс аударылмауы көптеген қиындықтар туғызады.Ал көркем шығармаларды аударғанда бірінші кезекте түп нұсқаның көркемдік - эстетикалық әсерін беру міндетті тұрады.3. Компьютерлік (машинамен) аудару. Алдын ала жасалған программа бойынша кибернетикалық әдіспен сөзбе-сөз аударып, түпнұсқа туралы түсінік беру.