Саба? жоспары. Та?ырыбы:?аза? тілін ?йренейік


7- сынып Тақырыбы: Қазақ тілін үйренейік Мақсаттары: Білімділік: тұйық етістік формасын, сан есімді қайталатып, түрлі жаттығулар арқылы пысықтау. Дамытушылық: алған білімдерін ізденіспен қолдана білуге үйрету, ойлау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасуына ықпал ете отырып, қазақ тіліне қызығушылықтарын арттыру, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Оқыту әдістері: сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, мәтінмен жұмыс, интерактивті оқыту, ойландыру, диалог құру. Көрнекті құралдар: интерактивті тақта, кітаптар. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Амандасу; 2. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру; 3. Оқушылардың іске тез арада қосылуы; 4. Сабақ мақсаты мен жоспарының тұжырымдалуы II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі Міндеті: барлық оқушылардың үй тапсырмасын дұрыс, толық және түсініп орындауын пысықтау. - Сабаққа жақсы дайындалып келдіңдер. Ал бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Қазақ тілін үйренейік». Мынадай сұраққа жауап беріңдерші: - Қазақстан Республикасында жұмыс істеу үшін нені үйрену керек? - Дұрыс, қазақ тілін үйрену керек. Қазақ тілін жақсы білетін мамандар жақсы жұмысқа орналасады.Көрейік, қалай сендер қазақ тілін білесіңдер! Сендер бірнеше сынақтан өтесіңдер: мәтін бойынша тапсырма орындайсыңдар,сан есім мен тұйық етістікті қайталайсыңдар. Сынақтан өту үшін 3 топқа бөлінеміз. Мына геометриялық пішіндерді таңдап алыңдар, кім қайсын таңдайды, сондай пішін жатқан үстелдің қасына отырады. 1-сынақ. Тіл туралы мақалды жалғастыр / бірінші топ бастайды, екінші немесе үшінші топ жалғастырады/: Тіл жетпейтін түкпір ... / жоқ/ Сөз - ... /дүниенің сәні/ Сөйлесе білген, ... /үйлесе біледі/ Тілдің құлпы.../ тіс/ Тәтті сөз... / тас балқытады/ Халықтың тілі... / қайнар бұлақ/. Өте жақсы. Келесі тапсырма:1- топ: берілген мәтінді жалғастыру, мәтіндегі тұйық етістікті септеу; 2 –топ: мәтінді мазмұндау, мәтіндегі реттік сан есімдерді атау; 3- топ: мәтін бойынша диалог құру, мәтіндегі есептік сан есімдерді атау. 2- Бұл сынақтан да жақсы өттіңдер. Ал көрейік, қалай диалог құра аласыңдар. 1- ҚР рәміздері туралы; 2- қазақ тілі сабағы туралы; 3- ҚР спортшылары туралы. 3- Ал енді ойын түрінде сан есімдерді қайталайық. Ойын жүргізушісі Адель болсын. Жүргізуші : - мен сан есімдерді атап тұрамын, сендер жинақтық сан есімдерді естігенде, 1 рет шапалақтайсыңдар; болжалдық сан есімді естігенде, 2 рет шапалақтайсыңдар,т.б. 4- Келесі тапсырма оқулықтың 215-бетіндегі 3- тапсырма: а) тапсырманы оқу,мәтінді оқу. ә) сөздік жұмысы / жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құру/. б) тапсырмаларды орындау. 5- Ал енді сөзжұмбақ шешеміз C А Н Е С I M Бұл сынақтан да жақсы өттіңдер. 6- Қазір «Кім көп біледі?» ойынын өткіземіз. Қай топ көбірек мақал – мәтел, жаңылтпаш айтып береді, солар ұтады. 7- Рефлексия. Ал енді «Қазақ тілін білу үшін не істеу керек?» деген сұраққа кластер құрып, жауап беріңдер. 8- Өте жақсы, осымен сабағымызды қорытындылаймыз, әрбір топ өз-өзін бағаласын. - Бәрекелді,сабаққа барлықтарың жақсы қатыстыңдар, сендер болашақта жақсы маман боласыңдар деп сенемін. Үй тасырмасы: 216 – б., 4 – тапсырма, жаңа сөздерді жаттау. Осымен сабағымыз аяқталды, сендерге рақмет