Саба?ты? та?ырыбы: Зат есімні? жасалуы. Деректі, дерексіз зат есімдер


Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 9.11.2016 Сынып: 6 «а», «ә» Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жасалуы. Деректі, дерексіз зат есімдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : тақырып бойынша білім беруі, кеңейту, алған білімдерін қолдана білуге үйрету; Тәрбиелік : түрлі тапсырмалар арқылы ұлтжандылыққа, өлеңді мәнерлеп оқуға, аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу;Дамытушылық : оқушылардың шығармашылық және өз бетіндік қабілетін, таза, көркем жазу қабілетін, ой-санасын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпСабақтың өту әдісі: кесте , түсіндіру, тапсырмалар беру, сұрақ-жауап, Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа арналған сызба, кеспе карточкалар
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығына назар аудару.
3.Оқушылардың назарын тақтаға аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
103-жаттығу. «Ұлттық салт –дәстүрлер» тақырыбында қазақ салт-дәстүрлері туралы шағын әңгіме жазыңдар.
Сұрақ –жауап:
1.Сөз таптары дегеніміз не?
2.Сөз таптары нешеге бөлінеді?
3.Зат есім дегеніміз не? Мысал келтіру, сұрақтарын атау,
4. Зат есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?
5.Құрамына қарай қалай бөлінеді?
6.Жалпы және жалқы есімге мысал келтіру
7.Деректі және дерексіз зат есімдер дегеніміз не? Мысал келтіру.
ІІІ.Жаңа тақырып:Зат есімнің жасалуы.Деректі,дерексіз зат есімдер.
Зат есім мағынасына қарай Құрамына қарай
Мәні бойынша Танылуы бойынша Дара зат есім Күрделі зат есім
1.Жалпы есім.
Біркелкі заттарды, құбылыстарды жаппай атайтын сөздер.
М: тау, құс,адам,өсімдік, жануар, аң,ауыл, 1.Деректі зат есім. Нақтылы тануға болатын ,көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат атаулары.
М:кітап, мектеп, дос, су, нан, дәптер, қалам, ине, Бір сөзден жасалған зат есім дара зат есім деп аталады.
М:Ана, аға, әке,көл,өзен, 1.Екі не бірнеше сөздің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі, қысқаруынан жасалады.
1.Негізгі зат есім.
Тек түбірден жасалған зат есімдер.
М:Отан, ер,есім,дос,жол, мал,ауыл Мысалы:Мұражай, аққу, баспасөз, дос-жаран, ата-ана, сан есім, сын есім, ҚазҰУ, ата заң, ҚазҰПУ,саябақ.
2.Жалқы есім.
Бір затқа ғана берілген атау. Біркелкі заттарды, құбылыстарды жекелей атайтын, арнайы берілген есімдер мен атаулар.
М:Алатау , Ақерке, Жетісу, аю,сауысқан, Алатау, 2.Дерксіз зат есім.
Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары.
М: Ақыл,ой, бақыт, арман, білім, 2.Туынды зат есім
Жұрнақ жалғану арқылы жасалады
М: қуан-ыш, сез-ім, шат-тық, ту-ыс, тоңазыт-қыш,қон-ақ, тара-қ,күре-к ІV.Оқулықпен жұмыс.
104-жаттығу. Зат есімдерді көшіріп жазып, мағыналық түріне ажыратыңдар.Қарамен жазылған сөздер жалпы есім бе, жалқы есім бе түсіндіріңдер.
105-жаттығу. Берілген сөздерді төрт топқа (деректі, дерексіз, зат есім, жалпы есім, жалқы есім) бөліп жазыңдар.
Деректі зат есім Дерексіз зат есім Жалпы есім Жалқы есім
Жүзік, ақша Абырой, адамгершілік Ақша ,ықшам аудан Зеңгі баба
106-жаттығу. Зат есімдерді теріп жазып,мағыналық түрлеріне атап беріңдер.
V.Сабақты бекіту.
Сұрақ –жауап ;
1.Зат есім дегеніміз не? Мысал келтіру, сұрақтарын атау,
2. Зат есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?
3.Құрамына қарай қалай бөлінеді?
4.Жалпы және жалқы есімге мысал келтіру
5.Деректі және дерексіз зат есімдер дегеніміз не? Мысал келтіру.
VІ.Үйге тапсырма. 107-жаттығу. Төменде берілген сөздерге байланысты өз жандарыңнан жұмбақ, жаңылтпаш немесе шағын өлең құрастырыңдар. Жұлдыз, дос, арман, бәйтерек, қыран, бақыт.