Негізгі ж?не туынды зат есім


Сынып: 3 «В»
Пәні: Қазақ тілі
Мерзімі: 7.02.2015ж.
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім
Сабақтың мақсаты: Зат есім және оның түрлерін қайталата отырып, негізігі және туынды зат есімнің жасалу жолын түсіндіру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар зат есім және оның түрлерінің ережелерін біліп, мысал келтіре алады. Негізгі және туынды зат есімдерді ажырата алады.
Неізгі түсінік: Сөз таптары,зат есім, түрлері, негізгі және туынды зат есім.
Сабақтың барысы:
№ уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Әдіс-тәсілдер, көрнекіліктер
1. 5 мин Психологиялық дайындық.
Мен сөздер айтамын. Зат есімдерді ажырату керек. Мысалы, көбелек, қызыл, ән, тәтті, жапырақ, үлкен, оқулық, жетінші, мың, телефон.
Егер ол зат есім болса, бір қадам алға аттайды. Ал, басқа сөз болса, қол шапалақтайды.
Топқа бөліну Саналу арқылы бөлінеді 2. 2 мин Үй тапсырмасы.
Дәптерлерін жинап алу.
3 оқушы өздері дайындап әкелген сызбаларын 3 қатарға түсіндіру. Дәптерлерін арттан алға қарай жинайды.
3 оқушы сызбаларын кезекпен түсіндіреді. сызба
3. 5 мин Жаңа сабақ.
Оқушылар өздері сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауы. Тақтадағы сөздерден негізгі және туынды зат есімдерді ажыратады да туынды зат есімнің түбірі қай сөз табынан екенін анықтайды. Оқушылар сабақтың мақсатын анықтайды.
Күнді, көркем жазуды жазады: Ққ,Кк. Әр түрлі сөздер
5 мин 31-ж. 3 топқа берілген жұрнақтардан тынды зат есім жасау. Топтар бірін бірі тексеру. Әр топ жаттығуды орындап, бірін-бірі тексереді, түсіндіреді. 5 мин Тақтада:2 оқушы орындайды Көп нүктенің орнына негізгі зат есім жазады. 3 мин 37-ж. Талданада. Ауызша жұмыс жасайды. 3 мин Электронды сергіту сәті Оқушылар билейді. 5 мин 33-ж. 3 топқа бір-бір мақал.
Зат есімді тауып, талдау. Жатқа жазады да, тексереді. 4. 10 мин Әр топ бір-біріне арнап,сурет салады. Оқушылар қарап, суреттен негізгі және туынды зат есімдерді тауып жазады. Көрме әдісі
5. 2 мин Рефлексия.
Кубик сұрақтары Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Кубизм әдісі
6. 2 мин Үйге тапсырма беру:36-ж. (155-бет)
7. 2 мин Бағалау