Ашы? саба? Математика 4-сынып Та?ырыбы: 7-ге к?бейту ж?не б?лу кестесі


Солтүстік Қазакстан облысы
Уәлиханов ауданы
Кишкенекөл мектеп - гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Кадирова Шолпан Мұхтарқызы.
Сабақтың тақырыбы:7-ге көбейту және бөлу кестесі
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды 7-ге көбейту және бөлу кестесін ұғындыру, ауызша есептеуін жетілдіру.
Міндеттері: есеп шығару,амалдардаң орындалу ретін пысықтау. Ой-өрісін дамыта отырып, пәнге деген қызығушылықтарын, таным-белсенділіктерін арттыру,ойлау қабілеттерін дамыту.
Белсенділікке ,мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: түсіндіру.
Сабақтың әдісі:диалог сабақ.
Жабдығы: слайд,сызбалар,т.б
Сабақ барысы.
I.Ұйымдастыру кезеңі
а)Психологиялық дайындық.
Оқып,білім аламыз , Біз көңілді боламыз. Математика пәнінде, Тапқыр,алғыр боламыз.
б)Топқа бөлу: 1) «үшбұрыштар» 2) «төртбұрыштар» 3) «дөңгелектер»
II.Үй жұмысын тексеру.
III.Ауызша жаттығулар
а) 9 7 8 5 4 3 1 2 6
*6
23 17 96 73 65 91 100
-7
27 15 24 9 3 21 12 3
/3
б) Логикалық тапсырмалар. (есептер)
1.Шөпте қояндар тығылап отыр,тек он құлағы ғана көрініп тұр.Қанша қоян тығылып отыр?(5)
2.Ауылда 4 күн ,4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты?(4)
3.Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді.
Қанша адам қалаға барды?(1)
IV.Өздік жұмыс.
1.а) «үшбұрыштарға»:1/2*1/4; 1/8*1/2; 1/4*1/9;
ә) «төртбұрыштарға»: 1/3*1/7; 1/5*1/3; 1/7*1/3;
б) «дөңгелектерге» :1/2*1/3; 1/8*1/7; ½*1/4
2. а) «үшбұрыштарға»:35/5*3+14/2*5-8*4=
ә) «төртбұрыштарға»: (20/4)*5+(9*3+6*3)/5=
б) «дөңгелектерге» :15+7*(18/3)-(9+8)=
V.Жаңа тақырыпқа дайындық сергіту сәті.
а)Тұрып,отыру,отырған сайын 7 санын қосу.(орысша,ағылшынша сандарды айту) 7,14,21,28,35,42 т.б.
7-ден кемітеді:70,63,56, 49 т.б.
б)7 саны туралы не білеміз?
7 ата: Ата,Әке,Немере,Шөбере,Шөпшек,Немене,Туажат
7күн:дүйсенді,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі
7 қазына:Ер жігіт,сұлу әйел,ақыл,білім,жүйрік ат ,қыран бүркіт,берен мылтық,жүйрік тазы
7 жұт:Құрғақшылық,жұт,өрт,оба(ауру),соғыс,топан су, жер сілкіну
VI.Сабақтың тақырыбын және мақсатын айту.
а)жаңа тақырыппен жұмыс.(сабақтың дайын презинтациясы қолданылады)
VII.Оқулықпен жұмыс
а)Есеп №2(топ-топпен орындалады)кері есеп құрастырылды.
б)Салыстыру топ-топпен
VIII.Жаңа тақырыпты бекіту.
а)Ойлан тап!
14/ 56
35/ 28/ 49 63
49/ =7 42/ 42 *7 14
56/ 7/ 35 21
70/ 28
б)Өмірмен байланыс:
Көбейту кестесін өмір бойы пайдаланасың. Еңбектеген баладан,еңкейген қартқа дейін білу қажет.Сондықтан көбейту кестесін жатқа білу керек.
Ойын: «Дүкенде»
Сен дүкенге барып сатып алдың
Тауар Бағасы Саны Құны
Өшіргіш 7тг ?дана 63тг
Дәптер ?тг 7дана 56тг
Скрепка 5тг 7дана ?тг
IX.Сабақты қорытындылау.Үйге тапсырмасы 77бет №7
X.Бағалау