6 санына к?бейту ж?не б?лу кестесі


Пәні: Математика

Сынып: 3 А Пән мұғалімі: Кусаиновва Н.М
Сабақтың тақырыбы: 6 санына көбейту және бөлу кестесі
Сабақтың мақсаты: Есептің жаңа түрімен таныстыру,терминдерді дұрыс қолдана алуға үйрету
Балаларды бірыңғай ақпараттық кеңістік – ұжымдық парасаттылыққа кіріктіру. Сабақта, «оқы да - тоқы» ұстанымын жүзеге асыра отырып, оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталану.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: ОӘЖӘ парағы, жаттықтырғыш парағы
Әдіс - тәсілі: Биоақпараттану және Синергетика технологиясы
Картасы: «Алгоритм»
Сабақтың барысы:
(«триада –алгоритм» картасы бойынша)
Ұйымдастыру кезеңі
«Алгоритм» картасы бойынша оқушылардың жұмыс жүргізу мотивациясы төмендегіше:
мотивация > оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру > қабылдауды ұйымдастыру > ұғынуды ұйымдастыру > түйсіну. Түсініктің алғашқы тексерілуі > алғашқы бекітуді ұйымдастыру > талдау > түйсіну.
Орындадың+түсіндіре білдің=меңгердің.
Білімді болу – өз ойыңды нақты жеткізу және сұрақ қоя білу біліктілігің.
Үйренгің келсе – үйрет, оқыт.
Топтық рух: сенде мүмкіндік бар, басқаларға көмектесе отырып, өзіңе көмектесу.
Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі.
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ!
Жұмыстың реті карта бойынша түсіндіріледі.
ООМ бойынша жұмыс барысы түсіндіріледі.
1 Ұйымдастыру кезеңі Үй жұмысы тексерілмейді – бұл жаңа тақырып. Алдыңғы тақырып аяқталған деп саналады және түйсінуді қажет етпейді. Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады: тақырыптар уақыты жылдық жоспар бойынша көрсетіледі Оқушылардың назарын өзіне қарату. Қызығушылығын ояту:”Ой толғау” әдісі.Бұл кезеңде оқушыларға қосу, азайту, көбейту, болу амалдарының компоненттерін айтқызамын.1. Қосу амалының компоненттерін кім айтып жібереді?2. Азайту амалының компоненттерін кім айтып жібереді?3. Көбейту амалының компоненттерін кім айтып жібереді?4. Бөлу амалының компоненттерін кім айтып жібереді?5. Көбейткіштердің орындары ауысқанымен не өзгермейді? Жұмыстың реті карта бойынша түсіндіріледі. Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі.
2 ОӘЖӘ сызбасы бойынша бірінші түсіндіру.
6 мен 5-тің көбейтіндісі қанша болады? (30)Ал, 6-ны өзіне өзіне 5 рет қосқанда қанша болады?(30) демек бізге қайсысы тиімді екен? Әрине, көбейту амалын қолданған ұтымды болады.6-ға бөлу кестесі:36: 6=6 себебі 42: 6=7 себебі
48: 6=8 себебі 54: 6=9 себебі
Өз қалауы бойынша бір оқушы шығып түсіндіреді. (Координатор)
Оқушылар түсінбеген жерлері болса сұрақ қояды. Түсіндіру уақыты у1
у1 = 6 минут (тақтаға жазу).
3 1 цикл «Байқау» «Оқушылардың субъективті тәжірибелерін өзектендіру»
Қабылдауды ұйымдастыру Тапсырмаларды орындау. Оқушылар бірдей бір шапалақ ұрады, «Байқау» сөзін дәптерлеріне жазады және жұмысқа кіріседі. Мұғалім сынып ішінде аралап жүреді және бірінші түсіндіруден соң оқу материалын сыныптың меңгерген дәрежесін талдайды.
ТКШ АКШ ЖКШ
Үш тапсырма: ТКШ – АКШ – ЖКШ . Жұмыстың аяқталуы 5+30.
4
Ұғынуды ұйымдастыру Түйсіну
Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексерілуі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады.
Тақтада мынадай жазу болады: ТКШ = ≥63 ; АКШ = ≤63; ЖКШ =≤63 (Қолдағы қаламсап қателіктің белгісі)
Жетістік формуласы жазылады.
Жылдамдық-
Зейін-
Есептеу-
Орындалуы-
5
2 цикл «Бекіту» «Оқушылардың субъективті тәжірибесін
өзектендіру» Екінші түсіндіру.
Мұғалім сыныптан сұрақ-жауап алады және өз ойынша оқушылардың көбі жіберген қателіктер бойынша ОӘЖӘ сызбасы кезеңіндегіден жаңаша түсіндіруді бастайды. Түсіндіру уақыты бірінші кезеңдегі түсіндіруден 2 есе кем болады. 1. Түсіндіру уақыты у2 у2 = 3 минут (тақтаға жазу).
6 Қабылдауды ұйымдастыру Тапсырманы орындау. Оқушылар бірдей екі рет шапалақ ұрады, дәптерлеріне «Бекіту» сөзін жазады және тапсырманы орындауға кіріседі. Мұғалім сынып ішінде аралап жүреді және бірінші түсіндіруден соң оқу материалын сыныптың меңгерген дәрежесін талдайды.
2- кесте бойынша тапсырма беріледі:
ТКШ АКШ ЖКШ
Үш тапсырма: «Егер-онда» сызбасы бойынша. Жұмыстың аяқталу 5+30.
7 Ұғынуды ұйымдастыру Түйсіну Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» командасы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексерілуі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тақтада мынадай жазу болады:
ТКШ = ≥63 ; АКШ = ≤63; ЖКШ = Жетістік формуласы толтырылады.
8 3 цикл. «Есте сақтау» «Оқушылардың субъективті тәжірибесін өзектендіру» Үшінші түсіндіру.
Мұғалім сыныптан сұрақ-жауап алады және өз ойынша оқушылардың көбі жіберген қателіктер бойынша ОӘЖӘ сызбасы кезеңіндегіден жаңаша түсіндіруді бастайды. Түсіндіру уақыты екінші кезеңдегі түсіндіруден 2 есе кем болады. 1. Түсіндіру уақыты у3 у3 = 2 минут (тақтаға жазу).
9 Қабылдауды ұйымдастыру
Тапсырманы орындау. Оқушылар бірдей үш рет шапалақ ұрады, дәптерлеріне «Есте сақтау» сөзін жазады және тапсырманы орындауға кіріседі. Мұғалім сынып ішінде аралап жүреді және бірінші түсіндіруден соң оқу материалын сыныптың меңгерген дәрежесін талдайды.
2-кесте бойынша тапсырма беріледі:
ТКШ АКШ ЖКШ
Үш тапсырма: «Егер-онда» сызбасы бойынша. Жұмыстың аяқталу 5+30.
10 Ұғынуды ұйымдастыру Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексерілуі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тақтада мынадай жазу болады:
ТКШ =≥63; АКШ =≥63; ЖКШ = Жұмыс аяқталысымен тақтаға бірден барлық жауаптарды жазуға тиым салынады.
11 Түйсіну 1. Сыныпқа байланысты ОӘЖӘ сызбасы мен материалды меңгеру деңгейі анықталады.
2. «Биоинтернет» картасымен жұмыс жасау бойынша сарапшылар тобы анықталады.
3. Сол тақырып бойынша сабақ нәтижесін ескере отырып жұмыс уақытының болжамын береді.
4. Егер де, сол күні «Биоинтернет» картасы бойынша сабақ жоқ болса, онда үйге тапсырма береді: ОӘЖӘ сызбасы бойынша өз іс-әрекеттерін қысқаша айтып беру және тапсырмаларды шеше білу білігі.
5. Мұғалім тағы да тақырыптың аяқталумен карталар бойынша уақытты үнемдеуге «Қисын», «Көшбасшы», «КТС» карталарында ойнау мүмкіндіктеріне мәлімет береді . Үйге тапсырма саны 10 кем болмауы тиіс. Тапсырманы оқулықтан немесе өз еркінше беруге болады.
12 Ескерту Егер де, «Алгоритм» картасында сыныптың білім деңгейі 63% сапаға шықса, онда мұғалім келесі тақырыпқа қөшуге құқығы бар. Ол тақырып аяқталды деп саналады. Уақытты үнемдеуге дағдыланыңыз.
Егер 3 цикл бойынша 63%- дан асса, онда экспресс байқау өткіземіз.
Онда 3 деңгейге 2 нұсқадан есеп беріп, оқу сапасы анықталады. Осы тексерістен тағы 63%- дан асса, онда «Биоинтернет» сабағына көшеді.
2 кесте. «Егер-онда» үш деңгейлі күрделілік тапсырма деңгейін іріктеу сызбасы
Алынған нәтиже Жоспарланған тапсырма
1 Егер ТКШ≥ 63% АКШ≤ 63% ЖКШ≤ 63% 1-онда ТКШ ТКШ АКШ
2 Егер ТКШ≥ 63% АКШ> 63% ЖКШ≤ 63% 2-онда АКШ АКШ ЖКШ
3 Егер ТКШ≥ 63% АКШ> 63% ЖКШ> 63% 3-онда АКШ ЖКШ ЖКШ
4 Егер ТКШ≥ 63% АКШ≤ 63% ЖКШ> 63% 4-онда Тапсырмадағы қателік. Тапсырманың күрделілік шектігі талапқа сай келмегенде.
Бұл кестемен жұмыс әрбір кезең соңында жүргізіледі. Жаңа кезең үшін тапсырмаларды таңдау алдыңғы нәтиже бойынша жүзеге асады. Мысалы: Кестенің «Алынған нәтиже» бағанынан таңдаймыз және «онда» сілтемесінен «Жоспарланған тапсырма» деңгейін табамыз. «Алгоритм» картасы бойынша жұмыстың әсерлілігін санауды бастаймыз: - барлық сабақ барысында үш рет – түзету, бақылау, өздік бақылау және түйсіну жүргізіледі; - кері байланыс сызбасы бойынша оқу тапсырмаларының күрделілік деңгейі шектелініп беріледі; - алдыңғы тақырыптарға байланысты білім мен дағды бойынша барлық қарыздары (борышкерлік) анықталады; - мұғалімнің дайындық деңгейі анықталады.
Келесі технологиялық картаға көшеміз.
ОҚЫ ДА-ТОҚЫ
ОРЫНДАДЫҢ +ТҮСІНДІРЕ БІЛДІҢ + МЕҢГЕРДІҢ
БІЛІМДІ БОЛУ-ӨЗ ОЙЫҢДЫ НАҚТЫ ЖЕТКІЗУ ЖӘНЕ
СҰРАҚ ҚОЯ БІЛУ БІЛІКТІЛІГІҢ
ҮЙРЕНГІҢ КЕЛСЕ-ҮЙРЕТ,ОҚЫТ.