?азіргі ?аза?станды? суретші-кескіндемешілерді? туындыларымен танысу


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар      29. Оқушылардың дайындық деңгейлері пәндік, тұлғалық, жүйелік-әрекеттік нәтижелер бойынша бағаланады.
      30. Пәндік нәтижелер 5-сынып соңында білім алушылар:       1) кәсіби және халық музыкасының негізгі жанрларын;       2) дәстүрлі музыканың қазіргі заман мәдениетінде алатын орнын, кәсіби композиторлар шығармашылығындағы халық музыкасының әсерін;       3) танымал Қазақстан композиторларының есімдерін;       4) әлем халықтары эпикалық шығармаларының ең озық үлгілерін;       5) музыкалық аспаптардың классификациясын;       6) түркі халықтары музыкасының айырмашылықтарын;       7) Шығыс музыка мәдениетінің ең үздік жетістектерін;       8) Батыс Еуропа және орыс музыкасының ең танымал композиторларының есімдерін;       9) әлемге танымал ең ірі опера және балет театрлары мен концерттік залдарды білуі тиіс.       31. Пәндік нәтижелер 5-сынып соңында білім алушылар:       1) өмірдегі музыкалық құбылыстарға өз көз-қарасын білдіруді;       2) халық музыкасын бағалауды, халық әндері мен күйлерге жасылған аранжировкаға өз ойын білдіруді;       3) музыкалық жанрлар туралы алған білімдерін пайдалана отырып, классикалық, халық, қазіргі заман шығармаларын талдаған кезде, олардың ерекшеліктерін ажырата білуді;       4) музыканы тыңдауды, талдау жасауды, тыңдаған музыка жайлы өз ойын жеткізе білуді меңгеруі тиіс;       5) халық әндерін, қазіргі заман және классик композиторларының әндерің өз мәнерінде орындау;       6) оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру.       32. Пәндік нәтижелер 6-сынып соңында оқушылар:       1) бейнелеу өнері, әдебиет және музыканың негізгі көркемдеуші құралдарын;       2) аспапты, вокалды және сахналық жанрларды, музыка және басқа да өнер түрлері арасындағы өзара үндестікті табуды;       3) қазақ эстрада жанрларын қалыптастырушылар мен жасаушыларды;       4) қазіргі заман музыкалық өнердегі дәстүр мен жаңашылдықты;       33. Пәндік нәтижелер 6-сынып соңында білім алушылар:       1) музыканың басқа да өнер түрлерімен байланысын табуды;       2) әр түрлі бағыттағы музыкалық шығармаларға баға беруді;       3) музыканың адам өмірімен байланысын сезінуді;       4) музыканың адам өміріндегі алатын орнын білуі тиіс;       5) күнделікті естіп жүрген музыканың жақсы жаман аражігін ажыратуды меңгеруі тиіс.       34.Тұлғалық нәтижелер:       1) қазақстандық музыка өнерінің шынайы құндылықтарын ажырата білу;       2) қазіргі қоғамдағы музыка өнерінің маңызы жайында көзқарас қалыптастыру;       3) әлем халықтарының музыкасының сан алуандығын сезіну, басқа халықтардың музыкасымен мәдени байланыстарды таба білу;       4) өнер шығармаларының адамгершілік қасиетін түсіну;       5) музыка өнерінің әр түрлі ұлттар мен ұрпақтар арасындағы түсіністік құралы екендігін сезіну;       6) музыканы өз жақындары мен достарына деген көзқарасын білдіретін тәсіл ретінде пайдалану;       7) музыкалық шығармаларды талдау барысында өз білімдерін пайдалану арқылы айқындалады.       35. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер:       1) музыканың негізгі көркемдеуші құралдарын ажырату;       2) музыкалық шығармаларға жалпылама талдау жасау дағдыларын қалыптастыру;       3) ғылыми-шығармашылық ізденісін қалыптастыру;       4) көркемдік талғамын қалыптастыру, қазіргі музыка мәдениеті жайында өз ойын емін-еркін жеткізе білу;       5) музыка өнері туралы пікір таластыра білу.
Қазақстан Республикасы