?аза? тілінен саба? жоспары. та?ырыбы: Сан есімді ?айталау (4- сынып)


Зеренді ауданы КММ «Викторовка ортамектебінің» бастауыш сынып мұғалімі: Мейрхан Алмагул
Бұл сабақ жоспары киелі сандардарды сабақта қолдану және оқушыларды жеке, жұптық, топтық жұмыстар жасай отырып, әр түрлі тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Қазақ тілі 4 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Сан есімді қайталауСабақтың мақсаты:Оқушылардың сан есім туралы
білімдерін еске түсіре отырып, білімдерін тереңдету, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру, сандарға қатысты ұғымдарға мән бере отырып, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, киелі сандардың қасиетін білуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: қайталау сабағыСабақтың әдісі: жұптық, топтық жұмыс,сұрақ – жауап, оқулықпен жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: тренинг,киелі сандар, слайдтар, кластер, жұмбақ, мақал – мәтелдер, бағалау парақшасы.Пәнаралық байланыс: математика, халық ауыз әдебиеті.Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларға сандар жазылған конфеттер тарату арқылы топқа бөлу. (Конфеттерге 3, 5, 7, 9 сандары жазылған егер сыныпта бала көп болса әр санға байланысты 4 топқа, ал бала саны аз шағын жинақталған сынып болған жағдайда 3 пен 5 саны бар оқушылар 1 топ, 7 мен 9 саны бар балалар бір топ болып бөлінеді). Шағын жинақталған сынып болғандықтан оқушылар 2 топқа бөлінді.
Тренинг. «Мен таптым!» оқушылар дөңгелене отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым!» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау .
Оқушылардан «Серпілген доп» ойыны арқылы үйге берілген тапсырма тексеріледі.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымызды екі топ «Жамбы ату» ойыны арқылы бастаймыз. Әдісі: Тақтада сандар берілген сол сандарға жебемен атып дәл тигізу арқылы тапсырма алып отырамыз. Кім дұрыс орындайды, сол оқушы сол ұпай санын алады.
9
5
7
3

Зат есім     Сын есім   Сан есім   Етістік
Тапсырмалар: -Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары , мысал келтіру. – Сын есім дегеніміз не? Сұрақтары, мысалы. -Етістік дегеніміз не ? Сұрақтары мысал келтіру. – Сан есім дегеніміз не? Сұрақтары, мысалдары.
Бүгінгі сабағымызда сан есімді қайталай отырып, дара және күрделі сан есімдерді білетін боламыз. 3 және 33; 7 және 77; 9 және 59 т.б.
Бұлар дара және күрделі сан есімдер.
Дара, күрделі дегеніміз не?
Дара сан есімге бір сөзден жасалған сөздер жатады. Мысалы: үш, алты, жеті, тоғыз.
Күрделі сан есім екі немесе одан да көп сөздің тіркесінен жасалады.
Мысалы: он үш, қырық бір, бес жүз елу.
(Оқушыларға мысал келтіріп айтқызу.)

1524000-188595 бір құс
он үш бала

Қазақ халқында осы келтірілген сандардың қандай сырлары бар? Әр топ өз топтарындағы сандарды кластерге түсіреді . Жұптық жұмыс.

7
3



(3 санын 2 оқушы, 5санына 2 оқушы, 7 санын 2 оқушы , 9 санын 2 оқушы)
Үш және жеті санына байланысты: Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ.
Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық .
Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет.
Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат.
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті.
Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:
Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың – сыншыл.
Жеті қазына:1. Ер жігіт2. Сұлу әйел 3. Ақыл, білім4. Жүйрік ат
5. Қыран бүркіт6. Берен мылтық
7. Жүйрік тазы.Жеті күн:1. Бүгін2. Ертең
3. Бүрсігүні4. Арғы күн5. Ауыр күн6. Соңғы күн7. АзынаЖеті жетім:Тыңдамаған сөз жетім,Киюсіз тозған бөз жетім,Иесіз қалған жер жетім,Басшысы жоқ ел жетім,Аққу - қазсыз көл жетім,Замандасы қалмаса - Бәрінен де сол жетім.
(оқушылар өз білімдерімен берілген берілген сандар құпиясын ұштастыра отырып, жобаларын қорғайды)Топтық жұмыс.
Сан есімдер реттік және есептік деп бөлінеді. 1-топ. « Есептік сан есім» Мәтіннен есептік сан есімдерді табуАстана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 808 429 адам тұрады (1 қараша 2013) Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр.
2-топ. «Реттік сан есім» Жеті аталарыңды ойға түсіріп, реттік сан есімдерді жазыңдар.
Атасы– бірінші
Әкесі -
Баласы-...
Немересі
Шөбересі-...
Шөпшек -...
Немене-...
Оқулықпен жұмыс . 1 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, сан есімдерді тап.
Он саусақ.
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ
Жалғыз деген сөзді тағы қалай айтуға болады?
Бір.
Бір санына байланысты қандай өлшемдер, мақал – мәтелдер білеміз?
І. Ұзындық өлшемдері: 1) елі (бір елі) 1 елі, 2 см
Саусақтың көлденең қалыңдығы, ені
2) тұтам
Бармақ пен ортан қолдың түйісу аралығы
3) сүйем
Бармақ пен сұқ саусақтың аралығы
4) қарыс
6. .... атасын білген ер,.... жұрттың қамын жер.(жеті)
7. Білгенің....., білмегенің –...... (бір тоғыз), (тоқсан тоғыз)
Бармақ пен ортан қолдың аралығы. 1 қарыс, 20 см
5) құлаш
Иық деңгейінде созылған екі қол ұшының аралығы. 1 құлаш, 142 см
Бір табан, бір адым, бір аттам өлшемдерін көрсет.
1-топ. 2 - жаттығу. Жұмбақтарды шешіп, жинақтық сан есімдерді табыңдар
Кездеспейді екеуі
Көк аспан мекені ( ай мен күн)
Басы да екеу
Аяғы да екеу ( қайшы)
Қатар тұрып екеуі
Бірін бірі көрмейді
Көр десең де көрмейді ( екі көз)
Біреуін бердім,
Онын тердім.
(тұқым)
Сергіту сәті. (Музыка әуенімен)
1-2-3 – Бойға жинап күш,
4-5-6 – Жаса қазақ халқы.
7-8-9 – Болмасын еш соғыс,
10 – дегенім «Отан» қорға оны, ботам!
2-топ. 3- жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті сан есімді қойып жазу.
1. Білекті.... жығады, білімді.... жығады.(бірді)
2. Қызға...... үйден тыю.(қырық)
3. Ер жігіттің..... сөйлегені өлгені.(екі)
4..... ала болса, ауыздағы кетеді(алтау)
5...... кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ.(қырық)
Көңілді шумақтар оқу. Презентация
1-топ. 1 – бір
Же1 екен 1қазан: ---------- Жебір екен бірқазан:
Кей1 жемді 1қазан -------- Кейбір жемді бірқазан
1 – ақ сәтте қойды жеп. -- Бір – ақ сәтте қойды жеп
Кү1 етті, - Күбір етті,
«Тойдым», - деп. - -----------«Тойдым», - деп.
Естіп 1 кез дү1ді, ------------ Естіп бір кез дүбірді,
Жағадағы тү1ді -------------- Жағадағы түбірді
Паналауға жүгірді. ---------- Паналауға жүгірді
Піл к3ті --------------------- Піл күшті
Піл к3ті емес ----------------- Піл күшті емес
Тіл к3ті.------------------------- Тіл күшті.
2-топ. 2. 6н балдақ қол сәні,--------Алтын балдақ қол сәні,
Әшекей т10 сәні.------------------ Әшекей тон сәні.
3. 4еу түгел болса, төбедегі келер, ------------Төртеу түгел болса, төбедегі келер,
6ау ала болса, ауыздағы кетер. -----------------Алтау ала болса, ауыздағы кетер.
IV. Сабақты бекіту.
Қорапты кез келген оқушыға лақтыру арқылы нөмірленген сұрақтарға жауап беру.
- Дара және күрделі сан есімдерге мысал келтіру.
V. Бағалау .
VI. Үйге тапсырма: Киелі сандарға байланысты мақал – мәтелдер жинастыру.
VII. Рефлекция