Мектебім, мені? – мектебім! сыныптан тыс шара жоспары


Мектебім, менің – мектебім!
Слайд -1: мектеп, кешегі оқу кабинеті бүгінгі оқу кабинеті, мектеп фойесі, этаждағы жаңа безендіру бәрі слайд түрінде тақтада жүріп тұрады.
1-жүргізуші:
Мектеп! Қандай тамаша сөз! Осы бір сөзде терең ұғым жатыр емес пе? Шіркінай, мектеп өмірі қандай ғажап! Алты жасқа толып, алғаш мектеп табалдырығынан аттаған күн әрбір жас бала үшін үлкен мереке күні ғой. Иә, қалайша ұмыта аласың бұл күнді? Осы күннен бастап сен бір жаңа әлемге тап болғандай сезінесің өзіңді. Мектепте өзіңе дос табасың. Үлгілі, сыйлы болу, жақсы оқу – әрбір мектеп оқушысының ең басты міндеті.
1-оқушы:
Мектеп — сенсің адалдықты үйреткен,
Мектеп – сенсің жамандықты күйреткен.
Мектеп – сенсің жақсылықты ұран қып,
Мектеп – сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.
2- оқушы:
Мектеп деген – білім кені, жыр кені,
Мектеп деген  — ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген – тәрбиеші адамға,
Мектеп деген – даналардың мекені.
3- оқушы:
Мектеп, мектеп – менің жарқын көңілім,
Мектеп, мектеп – шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің.
Мектеп, мектеп, анам боп та көріндің.
Ән: Сәлем саған мектебім.
2- жүргізуші:
Мектеп… Осы бір сөзден біздің бүкіл өміріміздің алғашқы баспалдақтары басталады. Кімге де болса он бір жыл білім берген, адалдыққа, кішіпейілдікке, мәдениетке үйреткен, болашаққа жолдама беретін алтын ұя мектебі қымбат. Біздер үшін өміріміздің алғашқы қадамы басталған жер әр кез кімге болса да әр ыстық.
4-оқушы:
Оятып таңның бұлбұлын
Құстары келсе көктемнің,
Кеудеме тағып қыр гүлін
Жайнатты мені, мектебім!
5-оқушы:
Жомарт қолмен жылды аттапЖинаса жұрт еккенін,
Алтын күзбен құндақтап
Нұрланттың мені, мектебім!
6-оқушы:
Көрсең жазғы даланың
Жұпар желі ескенін,
Жаз болғай деп жанарың
Жырғалттың мені, мектебім!
7-оқушы:
Өмір деген биіктің
Ең алғашқы өткелін.
Сездім тұңғыш, сүйіктім,
Сен – алтын менің мектебім!
1-жүргізуші:
Адам бала боп өз үйінде еркелейді, шаттанады. Содан кейінгі сен үшін жақын орта – мектебің. Ол да сенің бала қылығыңды кешіре алады.
Слайд-:2 мектеп директорлары20 жыл ішінде  мектеп директоры болып еңбектенген жандар: Жумагулов Марат Рамазанович,Сапаров Дайыр Кадырович, Зейнеденова Балғыным Қуанышқызы, Төлемісов Орынбасар Төлемісович, бүгінгі күнде Махауова Малика Кашуковна2-жүргізуші:
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуіріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған.
Ұлағатты ұстаздар! Сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.
8-оқушы:
Мұғалім – ең құрметті мамандық,
Жас ұрпақты өсіретін адам ғып.
Ұстаздардан азаматқа таралған
Мол мейірім, ізгілік пен адалдық.
9-оқушы:
Бар тәлімін беріп елдің жанына,
Бір кездері қырауланып шашы да.
Ұстаз адам ұстаз болып қалады,
Қол соқтырып заман менен ғасырға.
10-оқушы:
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген,
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген.
Айтыңдаршы, адам бар ма өмірде
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген.
Слайд-3: завучтар1-жүргізуші:
Осы 20 жыл ішінде мектебімізде оқу ісінің меңгерушісінің қызметін атқарған жандар: Нұрзия Орынбасаровна, Рахатов Әбдукарим Тукетаевич, Байбулова Сәру Бисембаевна, Нурмухановна Анна Сулейменовна, Мухтарова Бахыт Ахтановна, Кадыргалиева Алтын Амангельдиевна, Уксукбаев Бейімжан Адильгеревич, Махауова Малика Кашуковна, Ақдавлетова Ұлпан Хамидуллиевна, Абдрахманова Құндыз Жылқыбаевна, Каратауова Гүлзина Курмангазиевна.
11- оқушы:
Ұстаз, ұстаз, қасиетті есімің,
Құттықтайды барша халық осы күн.
Өзің берген біліміңе қандырып
Тала ұлан шәкірттерді өсірдің.
12- оқушы:
Танимын жүзіңнен өршіген күй жалын,
Оятып ынтаны ізгілік сыйладың.
Жаныңнан жайдары жылылық сезіліп,
Халқыңнан әрдайым тек алғыс алғаның.
13-оқушы: