Урок не тему, Компьютер деген не? Компьютерге к?тім жасау ережелері ж?не ?ауіпсіздік техникасы.


Сабақ № 1
№_ тобында ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Информатика
Тақырыбы: Компьютер деген не? Компьютерге күтім жасау ережелері және қауіпсіздік техникасы.
Мақсаты: Компьютердің қызметі және құрылғылары туралы әңгімелеу. Компьютермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы айту. Балаларда техника және компьютер туралы түсінік қалыптастыру.
Сөздік жұмысы: компьютер, жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан, қауіп-қатер, ток көздері, т.б.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімді ояту
Компьютер құрылғыларының суреттері арқылы балаларға тақырыпты түсіндіру, олардың атқаратын қызметін балаларға баяндау, түсіндіру. Балалар компьютердің құрылғылары туралы қойылған сұрақтарға жауап берді. Компьютер құрылғыларының атын атады.
Іздену
ұйымдастырушы
Балаларға жаңа тапсырманы түсіндіру. Сұрақтарға жауап бере білу. Сөздік жұмысын жүргізу.
Сөздерді балаларға қайталату. Балаларда компьютер туралы ұғымды қалыптастыру. Компьютерде жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Балалар компьютер және оның құрылғыларының қызметі туралы айтты. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Компьютерде жұмыс жасаған кезде қойылатын қауіпсіздік талаптарына байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді.
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау
Балалардың компьютер құрылғылары мен қауіпсіздік ережесін қалай меңгергендігін сұрақтар қою арқылы анықтау. Көз жаттығуын жасату.
Сабақты қорытындылау.
Балалардың жауаптарын мадақтау. Балалар сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Бір-бірімен ойларын бөлісті. Бір-бірін мадақтап қол соқты.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Компьютердің қызметі, құрылғыларының атауы мен атқаратын қызметі, компьютермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін білу.
Болуы керек: Балаларда жаңа сөздердің мағынасы туралы ұғым болу керек.
Баланың қолынан келуі: Сұрақтарға жауап бере білу. Компьютердің құрылғыларын, атқаратын қызметтерін есте сақтау.