Сценарий внекалассного мероприятия по самопознанию на тему: «Мейірімді ж?ректен…»


Бекітілді:
Күні: 6. 02. 2016 ж
Тақырыбы: «Мейірімді жүректен...»
Мақсаты: Оқушыларға Бізге күндей нұрын шашып, осы өзін-өзі тану пәнін сыйлаған Сара Алпысқызы Назарбаева туралы кеңінен мағлұмат беру.
Көрнекілігі: мультимедиялық қондырғы, слайдтар, күн, бұлт суреттер, жүрекшелер
Кіріспе сөз.
Оқушыларға Бізге күндей нұрын шашып, осы өзін-өзі тану пәнін сыйлаған Сара Алпысқызы Назарбаева туралы кеңінен мағлұмат беру.

Қазақстанның Бірінші Ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі рухани – адамгершілік білімінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманы - өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіре отырып,«Өзін-өзі тану» әлемінің басты мақсаты – ұл-қыздарымызды жеке өзі және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу. Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, Ата-Анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу
жүргізуші:
Жан-жағына нұр шашып,
Арайлап жарқын таң атса,
Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе, көк майса.
Жүрегім жыли бастайды
Кездескенде достарымҚұшағын маған кең ашса,
Жүрегім жыли бастайды.
жүргізуші:
«Мейірбандық – жүректен» дейді халық. Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөлейді.
Жүргізуші
- Балалар, бүгін мейірімділік жолы бізді жүректер жылуын сезіндіретін әлемге алып келді. Бүгін бізге күн шапағын шашу үшін күн көкжиектен көтеріліп келе жатыр. Жүргізуші:
- Күн нұры жүрегімізге ұяласын десек жылы жүректі адам қандай болады? Соған жауап табайықшы.(Балалардың пікірі)
Жүргізуші:
- Рахмет балалар, күн шуағын сезіне бастадық, ендеше күн шапағына назар аударайық. («Жүрек жылуы» шығады)
“Қуаныш — жан шуағы”“Кел балалар, күлейік,Көңілденіп жүрейік”Күлімде күн, күлімде,Күлсін барлық бала шат!Берекелі бүгіндейБейбіт болсын болашақ!
Жүрек жылуы:- Саламатсыздар ма, балалар!Жарық пенен жылудыБақыт пенен мейірімдіӨзім ғана беретінМен жүректің жылуы.- Мен де осындай мейірімді достарымды көргеніме қуаныштымын. Сендермен бірге болғаныма тек мен ғана емес, қараңдаршы шуақты күн де күліп тұрғандай.
Бүгінгі сайысымызда әділ төрелік етуші әділ-қазылар алқасымен таныс болайық:
1.Бейімдеу оқу білім меңгерушісі Гүлнар апай2.Бастауыш оқу білім меңгерушісі Жанар апай3.Өзін-өзі тану пәннінің жетекшісі Мұңсыз апай1. Күн нұрына арманын малған да – Адам.
Жақсылықпен бір тыныс алған да – Адам.
Құлап түскен торғайдың балапанын
Ұясына көтеріп салған да – Адам!
Қ.Мырза Әлі
2. Жақсылықты ақ жүрекпен қабылдап, Самға биік, жалын атып жүр алда. Жігерің мен сеніміңді оттық қып, Жас қырандай қанат қағып қиялға. Асқақ арман – үлкен өмір бастауы, Болашаққа бақыт үнін жолдаңдар! 
3. Мейірімділік – ғажайып өмір есегі, Мейірімді болсаң, сазды әуенмен тербетілер бесігің. Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің, Мейірімсіз болсаң, Алладан болмас кешірім. Қол ұшын бер жетімдерге жылаған, Қайтарма қолын ананың көмек сұраған Оу, Адамзат, сіңірген бойға мейірімді. 
4. Қайырымды бола білу үлкен іс, Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп. Жақсылықты жаса қолдан келсе егер, 
Біле білсең өзің үшін ол жеңіс. 
5. Біз тілейміз бар бөбекке, Бақытты өмір сүргенін. Туған елге еркелеп, Қуанғанын, күлгенін. Сусынымыз қанады, Өнер, білім, нәрімен. Әлемдегі баланың, Дос боламыз бәрімен. 
2.жүргізуші: Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. 
1.жүргізуші: Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген.
Ендігі кезекті 4 сынып оқушыларының арасында Сара Алпысқызына арналған қойлым сайысы ұйымдастырылды.

4 «А» сыныбы Ы .Алтынсарин «Бақша ағаштары» әңгімесінен үзінді
Қолғанатов Ардақтың орындауында «Балбырауын» күйі

4 «Ә» сыныбы « Мөлдір бұлақ» ертегісі


Алданышова Мерейлімнің орындауында «Ертегілер» әні

4 «Б» сыныбы «Ырыс алды – ынтымақ» ертегісі

Сабихан Жанардың орындауында «Туған ел » әні

жүргізуші:
Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!!! Өзін ғана ойлаған, Жамандықтың белгісі. Өзгені де ойлаған, Адамдықтың белгісі. 

«Күн — шуағы», «Жүрек жылуы»
Жақсы адам көңілі – күн,Жанға сәуле түсірген.Нашар адам көңілі – түн,Кеудеден отты өшірген.Талпын жақсы болуға,Күндей сәуле шашатын. жүргізуші:
Бүгінгі әсем, күн, жүрек жылуы сендердің мәңгі естеріңде қалады деп ойлаймын.
Әділ-қазылар алқасына сөз беріледі.
Қорытынды:
Мұғалім: Құрметті оқушылар, қонақтар! Сабағымызды Сара Алпысқызының ұрпақтарына деген айтқан ғибаратты тілегімен қорытындылайық.
Қымбатты балалар, мен – Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата - анаңа, айналадағы адамдарға мейрімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата - анаңа ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін».
«Бала тілегі»әнімен сабағымызды аяқтайық.


Қармақшы аудандық оқу бөлімі №275 орта мектебі
каммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайыс сабақ
« Мейірімді жүректен...»


4 сыныптар
Өзін-өзі тану пән мұғалімі: Таубаева.А.А

2015-2016 оқу жылы