Санды ж?не ?ріпті ?рнектер


Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектеп.
Ашық сабақ
Пәні: Математика
Сыныбы: 1 «ә»
Тақырыбы « Санды және әріпті өрнектер.»
Мұғалімі : Қалжекенова Тойған Мусахановна
Жалағаш.
Сабақтың тақырыбы: Санды өрнек және әріпті өрнек.
Сабақтың мақсаты:1. Әріпті және санды өрнектерді ажырату,өрнектер туралы ұғымдарын кеңейту.
2. Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, математика біліктерін, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, қиялдарын ұштап, білімін шыңдау .
3. Тәрбиелігі: алға қойған мақсатына жетуге, шапшаңдыққа өз беттерінен тапсырмаларды орындап, нәтижеге жетуге тәрбиелеу .
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас.
Оқыту формасы: жеке, топтық, ұжымдық.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1-ші слайд «Кім жылдам?»ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
ІІІ. Қіріспе. Венн диаграмма 2-ші слайд.
ІV. Жаңа сабақ: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
3-ші слайд.
Оқулықпен жұмыс;
№ 1 6+4 10-7Бұлар- санды өрнектер.
№2
Ойлаған сан мен 4-тің қосындысын жазып көрсете аласың ба?4 пен ойлаған санның қосындысын ше? Ойлаған сан мен 4-тің айырмасын ше?
4-пен ойлаған санның айырмасын ше?
Ойлаған санды “әйнекше” түрінде белгілейік.
Сонда +4, 4+ , - 4, 4- .
Математикада белгісіз санның орнына “әріп” жазылады. Сондақтан“әйнекшені” а әрпімен алмастырайық, сонда а+4, 4+а, а-4, 4-а өрнектері шығады
а+4, 4+а, а-4, 4-а. Бұлар-әріпті өрнек.
№3
4-ші слайд.
Алдымен әріпті өрнекті, содан соң санды өрнектерді ата.
4-а 7-а а+49-45+49-6
8-а а-43+72-2
V.Сергіту сәті.
VІ. Оқушылардың білімін бекіту.
№ 4 Есеп шығар.
Алма-6Алма ағашы-6
Отырғызды-2 алмаОтырғызылды-2
6-2=46+2=10
Жауабы: 4 алма ағашы артық Жауабы:10 алма ағашы.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Біз не үйрендік?
VІІІ.Бағалау. Үйге тапсырма.