Урок по математика Саба?ты? та?ырыбы: Санды ж?не ?ріпті ?рнектер


Данекерова Л.А
2 «Ә» класс.
Пәні :Математика
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер
Мақсаты: Санды өрнектер және әріпті өрнектер туралы өткен білімдерін еске түсіру. Екі таңбалы сандарды жазуға, оқуға дағдыландару. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Жауапкершілкке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену
Көрнекілігі: екі таңбалы сандар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа даярлық
Психологиялық дайындық
Ойарманын кешеміз,
Ақылды боп өсеміз.
Есепке тұңған әлемнің
Жұмбақ сырын шешеміз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№ 5орындалуын тексеру . оқу, талдау, тексеру.
ІІІ. Ауызша есептеу
Өмір сүріп ,достасқан
Бес қозы,тағы төрт балапан
-Барлығы нешеу? Қандай амалмен таптыңдар ?
10 12 14 16 18 20 сандарының ондығы мен бірліктерін атау
Сандардың құрамын қайталау
ІҮ. Жаңа сабақ
1.Кіріспе
Оқушыларды сабақтың тақырыбымен таныстыру
-Мына сандарды пайдаланып өрнектер құр.
2+3 4-2 а+5 5+а 40+2 т.б
Өрнектер құру арқылы оқушылар санды және әріпті өрнек екендігін өздері айтылары керек
-Дұрыс .Сонымен балалар бүгін біз санды және әріпті өрнектер құруды ,салыстыруды үйренеміз
2.Оқулықпен жұмыс
.№ 1.Өрнектер құру және мәнін табу
20- 1; 70– 60; 90 – 10;
90 + 10; 70 + 20; 80 + 10;
№ 2.
А-8 а-30 а=40
40-8=32 40-30=10
А+20 20+а а=30
30+20=50 20+30=50
№ 3.Әр қатардағы сандарды салыстыру, талдау.Ауызша
№4. Есепті шығару және кері есеп құрастыру
Қымыз-40л
Шұбат -20 л
Барлығы -? л
Ш:40+20=60 (л)-барлығыЖ: барлығы 60литр
Барлығы -60л
Қымыз-40л
Шұбат -?л
Ш.:60-40=20(л)-шұбат
Ж: шұбат 20 литр
Барлығы -60л
Шұбат -20л
Қымыз-?л
Ш:60-20=40(л) –қымыз
Ж:қымыз 40 литр
№ 5.Ауызша Суретте неше көпбұрыш бар. Неше төбесі, қабырғалары нешеу табу.
V.Сергіту сәті VI.Карточкамен жұмыс
Теңдеу шығару
Х+20=70 50+х=80 9-х=3 х-1=5
Шығармашылық тапсырманы орындау
Самат 8балық ,ал Марат 4 балық ұстады
Бекіту
Оқушыларға 2 санды өрнек және 2 әріпті өрнектер құру ұсынылады
Талқылау, қателерін түзету ,түсіндіру VII.Сабақты қорытындылау
ҮІІ. Үйге тапсырма:№6, 33 бет, бағалау.