Сыныптан тыс саба?. Та?ырыбы: Б?рін білгім келеді


Сабақтың тақырыбы: Бәрін білгім келедіСабақтың мақсаты: оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау, ойлау қабілеттерін, қызығушылықтарын, тіл байлықтарын жетілдіру, танымдық бағдарламаларды негізіне ала отырып оқушыларға ақпараттық жүйемен жұмыс жасауға үйрету;
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, сызбалар, сандар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі;
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар, қадірлі оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Бүгінгі сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!
- Көңілді тапқыштар мен білгіштер
Бар өнерін алдарына салады.
Кім біледі? Көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Білімімен сайысады ойыншылар,
Алға озар ең мықтысы осы жолы.
Көпшіліктің өнерлерін қызықтайық,
Сұрайық шығуларын жұрт алдына!
Сонымен қарсы алыңыздар: ең ақылды оқушылар!
Оқушылар хормен:
Бастауышта оқимыз бәрімізде,
Достық сөзі әрқашан жанымызда,
Жарысуға өзіміз келіп тұрмыз,
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге.
Оқушы:
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.
Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп,
Ойламандар «Қорқып біздер қашар» деп.
Дайынбысың жарысуға, достарым,
Көрсетіңдер өздеріңде қандай күш барын.
Біз ойынды бастаймыз.
Мұғалім: Балалар, орындарыңа жайғаса қойыңдар.
Сайыскер оқушыларды әділ- қазы алқасымен таныстыру. Жалпы ойын тәртібімен таныстырып өтейін ойынға 10 ойыншы ІІ топпен қатысады.
Сайыс бес бөліммен тұрады:
І бөлім – « Бәйге»
ІІ бөлім – «Полиглот»
ІІІ бөлім – « Білімпаз»
ІҮ бөлім – «Тіл өнері»
Ү бөлім – «Тапқырлық»
ҮІ бөлім – «Жорға» деп аталады.
Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 5 пен жоғарғысы 10 ұпайдан беріледі. Әр турдан кейін ұпайы төмен оқушылар шығып отырады. Ең соңында бір оқушы, яғни көшбасшы қалу керек. Сонымен қатысушыларға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.
І – бөлім «Бәйге».
Бұл бөлімінде қатысушылар қойылған сұраққа тез және нақты жауап беруі керек.
Қазақ тілінде тұрлаусыз мүшелер нешеу? (3: анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш)
Тұңғыш рет ғарышқа ұшқан қазақ және қашан ұшты: (1991 және 2 қазанда қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарыш сапарына аттанды)
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қашан енгізілді? ( 1993 жылы 12 қараша)
Қазақ әліпбиінде неше дауыссыз дыбыс бар (25)
Шаршы дегеніміз не? ( Барлық қабырғалары тең төртбүрыш)
Заттың қимылын, іс –әрекетін білдіретін сөздер (етістік)
Сәуле дегеніміз не? ( Бір нүктеден таралған түзу сызық)
« Әке мен бала» әңгімесінің авторы: (Ыбырай Алтынсарин)
Жалғаудың түрі қанша? (4 көптік, жіктік, тәуелдік, септік)
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін қашан сайлады: (1991 жылы 1 желтоқсан)
Адамның денесін қимылға келтіретін не? (бұлшық ет және қаңқа)
Кімнің? Ненің? Қай септіктің сұрақтары? (Ілік септігі)
Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді? (3 топқа: қатаң, ұяң, үнді)
Жалқы есімдер қалай жазылады? (бас әріппен)
Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз: ( Енін ұзындығына көбейтеміз)
Тәуке ханның қазақ тарихындағы ең үлкен еңбегі қалай аталады? Бұл еңбекті жасауға кімдер қатысқан? («Жеті жарғы»: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
Жүз жасаған қазақ ақыны кім? (Жамбыл Жабаев)
«Жаңбыр жаумаса- жер жетім» деп бастаған шешендік сөзді кім айтқан:(Төле би)
Көкжиек түстарын анықтайтын құрал: (Түсбағар)
Қай құс жұмытрқасын басқа ұяға салады? (көкек)
Елтаңбаның авторы кім: (Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уалиханов)
Қазақстанда қызыл кітап қашан шықты? (1977)
Дүние жүзіндегі ең терең көл. (Байкал)
Ертегі деген не? (Халық ауыз әдебиеті)

ІІ- бөлім «Полиглот»
Жұмбақтардың шешуін тауып, жауабын қазақ- орыс тілдерінде айту.
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды. (ағаш- дерево)
Төрде жатып шалқиған,
Дәу қарны қампиған. (жастық – подушка)
Бірін бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос - жаран. (әріп – буква)
Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл. (ұстаз –учитель)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (күн – солнце)
Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды (мысық – кошка)
Шықса жасыл,
Түссе сары (жапырақ – листья)
Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз, баптаймыз,
Бейбітшлік құсы деп
Қайсы құсты атаймыз? (көгершін- голубь)
Ән салады чемодан,
Ішінде жүр көп адам.
Естімейді сөзіңді,
Сөйлесеңде сен оған. (теледидар- телевизор)
Бір-ақ сөз біледі,
Өз аты онысы.
Соны айтып жүреді және жоқ қонысы. (көкек- кукушка).
ІІІ- бөлім: « Білімпаз»
Кестенің атын, санын атап, сұрақтарына жауап беру. Жауап бере алмаған жағдайда, қарсылас ойыншы сол сұраққа жауап бере алады.
Жол басы: 20 30 40 50
Баспалдақтар: 20 30 40 50
Тағылым: 20 30 40 50
Жол басы:
20 – Қазақ тілінде тұрлаулы мүшелер нешеу? (екі: бастауыш және баяндауыш)
30 – Кезінде «қазақ даласының жұлдызы» атанған ақын жазушыны ата. (Ыбырай Алтынсарин)
40 - « Ұшқан ұя» шығармасы кімнің атынан әңгімеленген? ( Бауыржан Момышұлы)
50- (видеосұрақ) Мына ертегі қай ертегіден үзінді, қай елдің ертегісі («Еңбекпен тапкан тиын», грузин ертегісі)
Баспалдақтар:
20 - Әр адамның шағын Отаны ( Отбасы)
30 - Көкжиектің негізгі неше тұсы бар? (оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс)
40 – (аудиосұрақ) Қазақтың бұлбұлы. Мына әнді шырқаған кім?(Бибігүл Төлегенова)
50 – Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі қалай аталады? (түбір)
Тағылым:
20 – Біздің өлкеміз Тараздан шыққан Қазақ барысы, палуан ( Бейбіт Ыстыбаев)
30 – Әлемдегі ең биік шың? (Эверест шыңы)
40 – (аудиосұрақ) Мына үзінді қай ертегіден алынған? (Ұр тоқпақ)
50 - (аудиосұрақ) Қазақты әлемге танымал еткен, алғаш рет Парижде 1925 жылы қандай ән, кімнің әнін және кім шырқады? ( Ақан серінің әнін «Балқадиша», Әміре Қашаубаев шырқады)
ІҮ – бөлім: «Тіл өнері»
Таңдаған тақырып бойынша мақалдарды айту. Көп мақал айтқан ойыншыға 10 ұпай. Тақырыптары:
« Отан», «Еңбек», «Білім», «Жақсы жаман»
Ү- бөлім: «Тапқырлық»
Сөзжассам. Біріккен бір сөзден бірнеше сөз шығару.
Түркістан Желтоқсан

ҮІ – бөлім: «Жорға»
1 минут ішінде берілген сұрақтарға жауап беру. Әр сұраққа бір ұпайдан беріледі)
Үш би? (Төле би)
Қ. Р Президенті? (Н. Назарбаев)
Қазақ тілінде неше әріп бар? (42 әріп)
Атақты қазақ күйшісі? (Құрманғазы)
Сөйлем неден құралады? (Сөзден)
«Қасқыр мен түлкі» ертегінің қай түріне жатады? (Хайуанаттар)
Төрт мүлік малды ата. ( сиыр, қой, жылқы, түйе)
1 сағатта неше минут бар? (60 минут)
Өсімдік тіршілігіне не қажет? (су)
Есту мүшесі. (құлақ)
1 дм неше см бар? (10см)
ҚР- валютасы (тенге)
Алғаш рет мектеп ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)
Алыс сөзінің антонимі (Жақын)
Қазақтың тұңғыш кәсіби палуаны кім? (Қажымұқан)
Математика неше амал бар? (4)
Қазақтың Ұлы ақыны (Абай
Жеті күн (апта)
Жер шарының үлгісі (шар)
Төрт тышқанның құлағы нешеу? (сегіз)
Орман дәрігері (тоқылдақ)
9 бен 3 –тің көбейтіндісі неге тең? (27)
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)
Балықшы сөзінің түбірін тап (балық)
Басталатын нүктесі бар сызық (сәуле)
12 ай неге тең? (жыл)
Қандай кенді «Қара алтын» дейміз? (мұнай)
Абайдың әжесі? (Зере)
7 ондық 0 бірлік неге тең? (70)
Қойдың төлі қалай аталады? (қозы)
Шаршы қандай фигура? (қабырғалары тең)
Заттың іс – қимылын білдіреді. (етістік)
Қазақтың бұлбұлы (Бибігүл Төлегенова)
Көру мүшесі. (Көз)
Басты байлық. (Денсаулық)
«Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы? (Ы. Алтынсарин)
9 мамыр қандай күн? (Жеңіс күні)
Қ.Р рәміздерін ата. (Ту, елтаңба, әнұран)
1 метрде неше см бар? (100см)
Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім? (Ахмет Байтұрсынұлы)
Мұғалім: Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба орта жолда қалыспа.
Әділ қазы бағалайды сіздерді
Жеңіс- мәре жақынба, әлде алыспа, - демекші ендігі ойынды саралап, қортындылап беретін сөз кезегін әділ қазыларға берейік!
Жеңімпазды анықтау, құттықтау, марапаттау.