УРОК НА ТЕМУ ?АЖАЙЫП ЖА?БЫР.ШОКОЛАДТАН САЛЫН?АН ЖОЛ (4 КЛАСС)


Сыныбы: 4 «А» Күні: 20.05.2015
Сабақтың тақырыбы: Ғажайып жаңбыр. Шоколадтан салынған жол
Мақсаты: Оқушылардың қиялын дамыту, тапсырмалар орындау арқылы білімдерін пысықтайды.
Күтілетін нәтижелер: Оқушылардың қиялы дамиды, топта еркін жұмыс жасайды.
Керекті құрал-жабдықтар: Оқулық, компьютер, А4-қағазы, түрлі-түсті стикерлер, түрлі-түсті қаламдар.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Жұмыс түрі уақыт Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау түрі
Ұйымдастыру Қызыл, жасыл, сары, көк түсті кәмпиттер арқылы топқа бөлу 2 мин Амандасу , оқушыларды түгендеу
Кәмпиттерді таңдау арқылы топқа бөлу.
Оқушылар кәмпиттердің түсіне қарай 4 топқа бөлінеді. Топ басшыларын тағайындайды. Проблеманы айқындау
А) Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындау
Үй жұмысын тексеру. Картамен жұмыс.
5 мин
2 мин Картадан Мюнхаузеннің барған елдерін тауып, ол жерлерде не істегендігін сипаттау.
Жауаптарын Мюнхаузеннің мультфильмін көрсету арқылы дәлелдеу.
Бүгінгі тақырыбымыз: Дж. Родари Ғажайып жаңбыр. Шоколадтан салынған жол
Дж.Родаридің өмірін тамашалау.
Картадан Мюнхаузннің болған елін картадан тауып, ол елде не істегендігін сипаттайды.
Шапалақтау арқылы бағалау
Проблеманы шешу Оқулықпен жұмыс
топпен
жұптық
20мин 1.Мәтінмен танысу
1, 2 –топтар- Ғажайып жаңбыр әңгімесі; 3,4-топтар- Шоколадтан салынған жол әңгімесі
2. Мәтіннің негізгі идеясын басшылыққа алып сурет салдырту 1)Топ оқушылары мәтінді оқып шықты.
Әр топ бір-біріне диалогқа түсу арқылы сұрақ қоя отырып жауап береді, бір-бірін толықтырады, жауабының дұрыстығын талдайды ,ойланады, пікірлеседі
2 Оқушылар жұптасып әңгіменің желісі бойынша суреттерін салады. смайликтер арқылы бағалау
Проблема шешімін қолдану Жеке жұмыс. 10мин Өз қиялдарынан тәттілер туралы шағын әңгіме құрау . Әр оқушы дәптерлеріне өз әңгімелерін жазады. Формативті бағалау
Рефлексия 6минӘр түрлі көңіл күйдегі күлегештерді ұсыну. Күлегештердің көңіл күйлеріне байланысты оқушылар өз стикерлерін жабыстырады. Топ басшыларының қорытынды бағалауы
Бағалау бетшесі
-4318016637000Критерийлер
Топ мү-
шелері Идеяларды ұсыну Жолдастарын топ жұмысына жұмылдыру Идеялардың дербестігі Сұрақ қою Сұрақтарға жауап беру Белсенділігі Жалпы балл
Топ номері Ескерту: Жоғарғы ұпай- 5
Бағалау нормативтері:
30-25 ұпай- «5»
24-19 ұпай- «4»
18-10 ұпай-«3»
Топ басшысының аты-жөні: