Та?ырыбы:??тты?тау жазып ?йренеміз 3сынып


29.04.16ж.Сабақтың тақырыбы: Құттықтау жазып үйренеміз.Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға құттықтау жаза білуді түсіндіру, үйрету; ә)Оқушылардың тұжырымды сөйлей білуін байланыстырып сөйлей білуін жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, көзқарасын білдіруге жетелеу; б)Оқушыларды ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, мәдениеттілікке, ұшқыр ойлылыққа тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі парақшалар, үнтаспа.Сабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, топтасу, жұптасу, ойландыру.Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Қайырлы күн балалар! Қайырлы күн болсын!Барлық күндер әрдайым сәттілікке толсын! Біздің алар бағамыз кілең бестік болсын! II. Үй тапсырмасын сұрау. - Үй тапсырмасы ауызша оқытылады.III. Жаңа сабақ.: Құттықтау жазып үйренеміз.Үш топқа бөлу.- Бүгінгі сабағымызда құттықтау жазып үйренеміз. - Біз құттықтауды қай кезде жазамыз?- Қандай мерекелерді білесіңдер?Оқулықпен жұмыс.1 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Ашықхатқа құттықтау сөз жаз.2- жаттығу.Мәтінмен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Досының құрбысына айтқан құттықтау тілегін көшіріп жаз. Шығармашылық жұмыс. Анаңның туған күніне арнап тілек жаз.3 - жаттығу. (ауызша)Құттықтау хаттарды оқып, кім жазғанын айту. Қандай мерекеге арнап жазылғанын айту.4- жаттығу. Ауызша орындау.
5-жаттығу. Өлең жолдарын әнімен айт. Анаңа арнап туған күнімен немесе мерекесімен құттықтап, өлең жолдарын жазып көр. «Ұйқасын тап» ойыны. (Жұптық жұмыс)1. Дер кезінде тамақтан,Кешікпей кел...2.Оқуда зейінді бол,.... бейімді бол.3.Кір шалмасын беттерін,Таза болсын....IV.Сергіту. Ойын: Кім шапшаң?
V. Қорыту.Сұрақ-жауап. Топтық жұмыс.Үш топ өздері құттықтау жазады, оны қорғайды.VI. Үйге тапсырма.9 - мамырға құттықтау жазу. Бағалау.
3.05.16ж.Сабақтың  тақырыбы: Дыбыс, әріп, буынды қайталаймыз.
Сабақтың  мақсаты: а) Дыбыс және әріп туралы білімдерін кеңейте түсу, дауысты және дауыссыз дыбыстарды еске түсіре отырып, жаттығулар орындау барысында ажырата білуге үйрету. ә) Сұраққа толық жауап беру,  байланыстыра сөйлеу, ұжымда жұмыс  жасай білу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін дамыту; б)Сауатты, әдемі жазуға, топпен жұмыстар арқылы ұйымшылдыққа, бірін - бірі тыңдай білуге тәрбиелеу. Сабақтың типі:  Дәстүрлі. Әдіс түрлері:   Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ – жауап әдістері. Көрнекіліктер:   Әліпби,  сызықтық  диктант жауабы,  үлестірме қима қағаздар, суреттер, Сабақтың барысы: І.  Ұйымдастыру. Психологиялық   дайындық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап . Көркем жазу. Қазақ  тілі  десек әрине әркімнің ойына мына бір шумақ өлең келеді. Қане, бәріміз әдемілеп айтып көрелік. Әліпбиді біліңдер, Онда қалып, жүйе бар. . Біздің қазақ тілінде Қырық  екі әріп бар. III. Дыбыс, әріп, буынды қайталаймыз. Дауысты дыбыс: А, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, y, u,... 1. Созылып айтылады, кедергіге ұшырамайды.2. Жуан, жіңішке. 3. Буын құрайды. 4. Екі дауысты дыбыс қатар келмейді.Дауыссыз дыбыс: к, қ, м, н, ң, р, й,... 1. Созылмайды, кедергіге ұшырайды. 2. Қатаң, ұяң, үнді З. Буын құрамайды. 4. Екі дауыссыз қатар келеді. І топ:     .....ерма,    ....ат ІІ топ :   тұ.....ы,     ....ех. ІІІ топ :   ....ек,      ша...ар. Сөйлемдерді толықтырайық. І топ. Дыбыс туралы не білеміз? ІІ топ. Әріп туралы не білеміз? ІІІ топ Дыбыс түрлері?
ІV.Оқулықпен жұмыс.1-жаттығу. Алдымен жуан, сонан соң жіңішке сөздерді көшіріп жазу. Жуан: Жазғытұры, қымбат, ұстахана, жұрт, бұлақ, жұмысшы, жұп, зымыран. Жіңішке: кішігірім, мөлдір, көкжиек, көлік, түтік, білезік. 2-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз. І топ  Жуан буынды сөздер. Жұлдыз, хабарлама, ғалым, қараңғы. ІІ топ   Жіңішке буынды сөздер. Жүйрік, дәптер, әңгіме. ІІІ топ Жуан – жіңішке буынды сөздер:Кітап, еңбекқор, қорек, егінжай, қадірлі, жауынгер, атамекен, мұғалім. 3-жаттығу. Өз бетімен орындау.Көп нүктенің орнына э,е әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. 1.Жол бойы электр сымдары тартылған бағандар екен. 2.Асыл аэровокзалдан аэропортқа апаратын автобусқа отырды. 3.Анам елеуішпен ұнды елеп отыр. 4. Оқушылар "Жасыл көл" жағасына экскурсияға шықты. 5.Экскаватор - жер қазатын машина. 5 жаттығу. І топ . 2  дыбыстан тұратын сөздер :ор, ар, ас, өр, ат, ел.       ІІ топ . 3  дыбыстан  тұратын сөздер:екі, тор, бар, қас, төр, сат, кел. ІІІ топ .4  дыбыстан тұратын сөздер:егін, отыр, апар, асық, өрік, асат, елек. 1 артық сөзді табыңыздар./егінші / Осы сөздерді тасымалдауға бола ма? Y.Сергіту. Ойын: Кім шапшаң? Тест. YI.Сабақты бекіту: Топтар бір-біріне сұрақтар қояды. YII.Үйге тапсырма:   4 жаттығу.