План урока по информатике на тему Microsoft Word-та кесте ??ру. Кестелерді пішімдеу. 7 класс


Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы
№2 орта мектеп
Информатика 7 класс
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word-та кесте құру. Кестелерді пішімдеу.
Өткізген: Еренова Назгүл Бексұлтанқызы,
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы
Ембі қаласындағы №2 орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі
2015-2016 оқу жылы
Информатика 7 класс
Өткізген: Еренова Назгүл Бексұлтанқызы,
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы
Ембі қаласындағы №2 орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word-та кесте құру. Кестелерді пішімдеу.
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды үйрету.Тәрбиелілік: Жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа, еңбек етуге және жергілікті ерекшеліктерді, ұлттық ерекшеліктерді, информатика ғылымында болып жатқан әлем деңгейіндегі жетістіктерді ескеретін, оларды күнделікті өмірде қолдануға бағытталған тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлылығын дамыту.
Сабақтың түрі: Практикум, баяндау арқылы түсіндіру.
Қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интерактивті тақта, проектор.
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі2. Үй тапсырмасын тексеру3. Жаңа сабақ.4. Білімділік сатысы.
5. Түсіну сатысы 6. Сергіту сәті7. Қолдану сатысы8. Жинақтау сатысы9. Бағалау.10. Үйге тапсырма
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеруӨткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Microsoft Word бағдарламасының терезесі

2. Word бағдарламасының терезесі

3. Стандартты кұралдар үстелі

3. Жаңа сабақ
1. Кроссворд шешу
ПА С К А Л Ь М Е Г А Б А Й Т
С К А Н Е РБ И Т
М О Д Е М
Программалау тілі
1000 килобайт неге тең?
 Компьютерге мәтінді немесе бейнені енгізу құрылғысы
Ақпарат өлшейтін ең кіші бірлігі
Интернетке қосылу құрылғысы
Назар аударатынымыз1. Кесте құру;2. Кестенің жолы мен бағанының ұзындығын және енін өзгерту;3. Кесте ұяшығындағы абзацтың параметрлерін орнату;4. Кестенің жолын/бағанын қою;5. Кестенің жолын/бағанын жою;6. Кесте ұяшықтарын біріктіру/бөлу;7. Кесте ұяшықтарын форматтау;
8. Формула енгізу.


4. Білімділік сатысы
Бағалау кестесін жасау:

5. Түсіну сатысы
«Менің күнделігім» атты кесте жасау

6. Сергіту сәті
7. Қолдану сатысы




8. Жинақтау сатысы

9. Бағалау.
Сабақ барысында әр оқушының орындаған жұмыстарының бағалары бағалау парағында белгіленеді. Сабақтың соңында нәтижесін формула бойынша есептеп, өздерінің қаншалықты дәрежеде тақырыпты меңгергендігін анықтаңдар.
10. Үйге тапсырма
Кестемен жұмыс.
Дәптерге «Табиғатқа шыққанда алатын тағамдар» атты кесте құру. Тағамның аты, мөлшері, бағасы, барлығы, осыған шығатын шығынды жазу керек. Әрқайсысын бір бағанға жазу керек. (Әр түрлі әдістерді пайдаланып, кесте құру эл.түрде)