Мен ?з Отанымны? патриотымын ашы? сынып са?аты


Мен өз Отанымның патриотымын!​
Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен өз Отанымың патриотымын!
Мақсаты:Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп, қастерлеуге,өз елін, тегін,тарихын білуге тәрбиелеу. Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасының суреті, ҚР рәміздерінің суреттері,нақыл сөздер жазылған плакаттар,интербелсенді тақта,стикерлер
Барысы:Ұйымдастыру.Шаттық шеңберін құру,оқушылардың бір- біріне жақсы тілектер айтады
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Армысыздар, құрметті ата-аналар,оқушылар! Бүгінгі 6-сынып оқушыларының «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбындағы тәрбие сағаты ашық деп жариялаймын. «Отан оттан да ыстық», - дейді халқымыз. Егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентінің өзегін өртейді, ешкімге тәуелсіз болса,мақтаныш алауын маздатады.Менің туған өлкем – кең –байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны ардақтаймын. Шексіз сүйемін. Әрқашан аялап, қорғап жүремін.Ата-бабамыздың өткен жолына біраз шолу жасап қарасақ, «Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр да батыл менің елім!» деп көңілің көкке көтеріледі. -Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан-бұлөзіңніңтұратын, өмірсүретін, қызметететінжерің. Отан адамүшінбіреу ғана. Отандыанағатеңейді. Себебі, Отансендердіанаңдайқорғайды, көмектеседі, күшбереді.БізОтанымызды, еліміздісүйеміз. Біз, Қазақстанныңпатриотымыз!
Отан деген не, кім қалай түсінеді?
Сара:
1.    Қазақстан туған жерім – киелі.Қасиеттіңді қастерлеп басымды да иемін.Табиғатым тұнып тұрған қазына,Соның бәрін аялаймын, сүйемін. Абылхайыр:
2.    Ата – бабам жанын қиып қорғаған,Тәңірі қолдап, бақ – береке орнаған.Қазақстан – азат елсін сен бүгін,Ақ тілегін болашаққа арнаған
Арайлым:
3.Отан – осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
«Отан» деп өс жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!
4. Асет:
Еліміз егемендігін алған күннен бастап өз тілі, өз әнұраны, өз елтаңбасы, өз туы, өз теңгесі, өзіндік салт-санасы мен өз шекарасы белгіленген дербес күйге ендік. Осы күнді ғасырлар бойы жауымен арпалысып келген ата-бабаларымыз қалай аңсады десеңізші! 
5 Нурикамал: Ия, Асет біз ата-бабаларымыздың арманына жеттік. Етек жеңін жинаған, көршілерімен тату –тәтті өмір сүрген ел болдық. Көкшедей сұлу табиғаты, Каспийдей кең айдыны, Алатаудай асқары бар сұлу табиғат бізде десек артық айтпаймыз. 
6.Әбунасыр:
Рас, сұлу табиғат, бай өлке бізде. Оныақынжырлары да растай түскендей. Ырғалғанжасжанымдагүлбопжайнап, СенбісіңҚазақстандеген аймақ? Сенбісіңдүниенідүрсілкінтіп, Өмірдіңдумантойынжатқантойлап 
7.Айнел: Ата-бабаларымыз жылдар бойы аңсаған күнін, күткен таңын біздер, бүгінгі ұрпақ қадірлеп, осы күн үшін күрескен азаматтарымызды еске алып, ертеңгі күніміз бүгінгіден де жарқын болсын деп армандаймыз! 
8.Данияр: Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.
9.Иманали:1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, әнұран .Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтапұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдіртүсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі,тыныштық пен байлықтың белгісі.
10.Абылайхан:
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көкемесолтектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Слайдтан мәтін оқып, жауабын оқушылардан алу:
11.Дарина: Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік Елтаңбасындакөгілдір түс аясындашаңырақ бейнеленген.Шаңырақты айнала күнсәулесіндей тарап, уықтаршаншылған. Бес жұлдыз,қанатты тұлпар бейнеленген.Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді.
12.Уалихан:
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбәт, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
13.Темірлан:Кез-келгенмемлекеттікрәміздердіңеңмаңыздысы- әнұран.Әнұранмемлекеттікән. Олхалықтыәйгіліетеді. Оның сөздерінде халықтыңмыңдағанжылғытарихы, бүгінгіөмірі мен клешекарманыайтылған.
13.Аслан:            
Оттай жаныпжанарың
Оданқуаталамын
Әнұранол — тынысы
Кеңжазирадаламның.
Мұғалімнің сөзі: видеоролик көрсетуПрезидент Нұрсұлтан Назарбаев Рио олимпиадасының жүлдегерлерімен кездесті
Қазақстан
Патриот
Мен сөздеріне оқушылар анықтама береді.Сынып ата – аналары  «Сіз өзіңізді Отанымыздың патриотымын деп есептейсіз бе?» деген сұраққа жауап береді.
Ендеше кезекті Отан, туған жер, туған тіл туралы жырлаған ақындарымыздың өлеңдеріне берейік. Отантуралыөлең-жырдан шашу шашылады
14 .Жанель: «Үш бақытым»
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,Соған берем ойымның алтын кенін.Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.Ал екінші бақытым – Тілім менің,Тас жүректі тіліммен тілімдедім.Кей – кейде дүниеден түңілсем де,Қасиетті тілімнен түңілмедім. Бақытым бар үшінші – Отан деген,Құдай деген кім десе, Отан дер ем!… Отысөнгенжалғандажан барсың ба?Ойланбай – ақкелдағы от ал менен.
15Айнел:«Қазақтілі» С. Торайғыров
Сүйемін туған тілді – анам тілін,Бесікте жатқанымда-ақ берген білімШыр етіп жерге түскен минутімненҚұлағыма сіңірген таныс үнім.Сол тілмен шешем мені әлдилеген,Еркелеткен, «құлыным», «жаным» дегенСол тілменен бірінші білгізілген:«Ана» деген сүйгендік сөз әм мененҚылжықтап, алып қашып құрбы бөркінСол тілменен ойнадым далада еркінСол тілменен бірінші сыртқа шығыпӨмірде ен далада ұққан көркім.
16 Сара: Мұқағали Мақатаев«Отан туралы»
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,Мен оның қасиетті тілін сүйем,Мен оның құдіретті үнін сүйем.Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлағанЖаным менің,Кеудемді жарып шық та,Бозторғайы бол оның шырылдаған!Отан!Отан!Бәрінен биік екен.Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.Отанды сүймеуің де күйік екен,Отанды сүйгенің де күйік екен...
17Айбар: Рас, шынында да біз ХХІ ғасыр ұрпақтары өз еліміздің жемісіміз. Отанымыз бізді өсірді, жеткізді және алдымызға таудай талаптар қойды. Біз Отанымыз үшін қандай жақсылықтар жасаймыз? Оның сенімін қалай ақтаймыз?
18Жанель : Осы сұрақтарға сыныбымыздың белсенді оқушылары ..........былайша жауап береді. (екі оқушы дайындап келген шығармаларын оқиды)
Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?
Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек. Дұрыс-ақ, ендеше сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосуда бір бірімізг қандай тілектер арнаймыз соны алдарыңдағы стикерлерге жазып, гүл шоғына жапсыруларыңа болады.
Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді.
Б- білімімді арнайтын  СараО- отанымды қорғайтын  МағжанЛ- лаңкестікті даттайтын  Инкар
А- адалдықты жақтайтын  БекжанШ- шуағымды шашатын  МадиярА- асулардан асатын  НұрмұхаммедҒ- ғарыш сырын меңгерген  ДаринаЫ- ынтымақты тең көрген  АлиМ- менмендікті жек көрген  Айбар
Қ- қазаққа қызмет ететін  Жанель
А- арманына жететін  темірланЗ- заңды жақсы білетін  АйнельА- алға қарай жүретін  АбылхайырҚ- қайырымды елімнің  ӘбунасырС- салтанатты жерімнің  ИманалиТ- толықтырам сенімін  НурикамалА- абыройын,жігерін  АбылайханН- намысын қолдан бермейтін  Дінмұхаммед
Бәрі:
Мен боламын еңбекқор, Болашағы елімнің! Ән «Көк тудың желбірегені».
Қортынды: — Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз,Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

Конец формы