Т?рбие са?аты: Мен ?з Отанымны? Патриотымын!


№5 орта мектеп
Тақырыбы:«Мен өз Отанымның Патриотымын! »

Өткізген: Нашанова А.С.
1 В сынып
2016-2017 оқу жылы
01.09.16
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен өз Отанымның Патриотымын!»
Мақсаты: Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана және Арал қалаларына байланысты суреттер.Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілікБарысы: І Ұйымдастыру кезеңіОқушыларды дөңгеленте тұрғызып, қонақтарды қарсы алып, тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырамын.Біз бүгін ата - аналармен бірлесе отырып, «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз. Өту барысында өз Отанымыз туралы ой - пікірлерімізді ортаға салып,, Отандарыңа арнап салған суреттеріңді көреміз, өз ойларыңнан жазған шығармаларыңды тыңдаймыз.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?- Қазақстан- Қазақстан жері қандай?- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.(слайд)1 - оқушы:  АйымКөп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң,Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың.Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң,Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың.2 - оқушы:  АрманОтан - жерім, Отан - суым,Отан - қуат, нәр береді.Отан - ұран, Отан - туым,Отан мәңгі гүлденеді.Сүйемін мен Отанымды,Гүл жайнаған жерімді.Сүйемін мен ата - анамды,Мені өсірген елімді.3 - оқушы:  Ақмерей Отан деген - атамекен,Отан деген - туған жер.Отан - ана, Отан - пана,Қазақстан - туған ел.4 - оқушы:  ІлиясОтанды біз атамекен,Деп аялап айтамыз.Өйткені оны мекен еткенБабамыз бен атамыз.5 - оқушы:  БақдаулетОтанды жас - кәріміз де,Туған жер деп сүйеміз.Өйткені онда бәріміз де,Туып, өмір сүреміз.
Ән : орындайтын Аяулым.10 - оқушы:  РамазанОтан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.Бәрі: Қазақстан - Туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі,Әнұранымен айбатты.Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.11 - оқушы: ФатимаАта, Әжем, Әкем, анам -Төртеуі де «Отан!» мағанТөртеуі де «Ботам» дейді«Ер азамат атан!» дейдіМақтанамын Отаныммен,Отаныма «Ботамын»мен12 - оқушы: АмирСарқылмайтын қуатым,Тірегімсің сен, Отан!Мәңгі соғып тұратын,Жүрегімсің, сен Отан!13 - оқушы:ҚарақатКең байтақ Қазақстан менің туған өлкем, оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы, жасыл жайлауы - менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін.Оқушылардың шығармашылық жұмыстары тыңдалады.Шығармаларын оқып, өз ойларын ортаға салады. Суреттерін таныстырамын.Қорытынды:Бәрі: Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!Мұғалім:Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар