Коучинг жоспары Та?ырыбы Бастауыш сынып о?ушыларыны? коммуникативтік-??зыреттілігін дамыту


Тақырып Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік-құзыреттілігін дамыту
Сілтеме «Мұғалімге арналған нұсқаулық», «интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару»
Жалпы мақсаты Балаларды сауатты, анық сөйлей білуге, топпен ынтымақтаса қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже Балалар сауатты, анық сөйлей білді, топпен ынтымақтаса қарым-қатынас жасай білуге үйренді.
Ресурстар: маркер, түрлі-түсті стикерлер, форматтар, АКТ,
Коучинг сессияның өту барысы
Коучинг сессияның өтілу кезеңдері Уақыты Коуч іс-әрекеті Коучингке қатысушылардың іс-әрекеті
Жақсы психологиялық ахуал орнату 3 мин «Оконим» әдісі арқылы танысу жүргізіледі. Аттарын дұрыс, шын ниетпен толтырады.
Топқа бөлу 3 мин Туған жыл мезгілдері арқылы бөлу. Топқа бөлінеді де, топ ережесін нақтылайды.
Ой шақыру 5 мин Ассоцация құру. Коммуникативтік-құзыреттілікті қалай түсінеміз?
Коммуникативтік-құзыреттілік сөздерінің түсініктемесімен таныстырады. Әр топ ассоцация жасап қорғайды.
Жағдаяттар
1-тапсырма 5мин Берілген ертегі мәтінінен жасырынған үзіндіні табыңыздар. Мұғалімдер берілген үзіндіні толықтырып айтып, қорғайды.
2-тапсырма 7мин 1-топ: Ертегіні қалай аяқтар едіңіз?
2-топ: Авторға хат жазыңыз.
3-топ: Венн диаграммасын қолдана отырып, басқа бір ертегімен салыстырыңыз.
4-топ: Ертегі туралы пікір жазыңыз (ертегінің мектеп жасындағы балаларға маңыздылығы) Топтық шығармашылық жұмыс 10мин 1-топ: «Біздің сүйікті кейіпкеріміз» тақырыбы бойынша сурет салу, сипаттау (суретшілер)
2-топ: Ертегіден драмалық көрініс жасау (актерлер)
3-топ: Өлең шығару, жұмбақ жасыру (ақындар)
4-топ: «Интервью» әдісі топтардан сұхбат алу (тілшілер) 4 топ тыңдаушылары топпен постер жасап қорғайды.
4- тапсырма 5-минут Берілген суреттерге қатыстырып, ертегілер құрастыру. Әр топ өздеріне берілген суреттерге ертегі құрастыра отырып, баланы неге, қалай тәрбиелеп отырғандарын түсіндіреді.
Бекіту 5 мин Коммуникативтік-құзыреттілікті бала бойында айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым сияқты 4 дағды қатар болғанда дамыта аламыз. Бағалау 5 мин «Екі жұлдыз, бір тілек» Ұстаздар топ жұмыстарын «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалап шығады