Жабайы а?дар Ашы? ?йымдастырыл?ан о?у ?ызметі.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Койсариева.А.С.
Тобы: «Шұғыла» ортаңғы тобы.
Күні: 26.01.2017.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Жабайы аңдар»
Мақсаты: Әңгіменің мазмұнын сурет бойынша әңгімелету. Жабайы аңдар туралы білімдерін кеңейту, олардың тіршілігін сипаттап айтуға, қорғауға, қамқор болуға, аттарын ажыратып атауға жетелеу, сөздік қорын байыту.Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: тақпақтар,мақалдар жаттау,суреттер бойынша әңгіме жүргізу.
Әдіс -тәсілдер: ойын-саяхат, слайд,сұрақ-жауан,әңгіме,сахналау.
Қажетті көрнекі құралдар: суреттер, үлестірмелі материалдар
Билингвалді компонент: Жабайы аңдар - дикие животные- wild animals
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Балалар бүгінгі оқу қызметіміздің ерекшелігі бізге көптеген қонақтар келген екен, қане қонақтармен амандасып алайық.
Бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.
Шашы алтын, көзі-от
Шыға ғой күн тезірек
Шуақ берші,жылу бер
Маған,оған,досыма.
-Балалар,сендер ертегі тыңдағанды жаксы көресіңдер ме?
-Олай болса, бәріміз экранға қарап, ертегіні тамашалайық. Мұқият тыңдаймыз.
«Қоянның құлағы неге ұзын?» ертегісі қойылады.
-Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
-Қоян туған күніне қандай аңдарды шақырды?
-Кірпі,түлкі,қасқыр қоянның туған күніне қандай сыйлық сыйлады?
-Неге қоянның құлағы ұзын екен?
-Ертегіде нелер туралы айтылған?
Балалар,көрдіңдер ме ормандағы жабайы аңдар да бір-бірімен тату тұрады екен.
Сендер жабайы аңдарды жақынырақ көріп білгілерің келе ме?
Үш тілде амандасады.
Балалар шеңбер бойына тұрып, төмендегі өлең жолдарын айтып, қимылдар жасап орындайды.
-жақсы көреміз
Ертегіні мұқият тыңдайды.
-ұнады.
Кірпі,қасқыр,түлкі,аю.
-жабайы аңдар туралы.
-ия,көргіміз келеді.
Қуанады.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Ойын- саяхат
-Олай болса барлығымыз көзімізді жұмып, орманшы атаймен бірге қысқы орманда жүргендей елестетейік.
Ішік,пима,қолғап бар,
Арада жоқ тоңғақтар.
Баста қалың малақай,
Біз тоңбаймыз алақай.
Экранды қосу.
-Қысқы орман қандай керемет,
Орман іші тып-тыныш, ауасы таза.
-қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс айларын кім атап береді?
-Қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?
-Ал қыс мезгілі туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Ғажайып сәт: Орманшы кіреді.
-Салеметсіңдер ме балалар.
Мен орманшы атайларың боламын.
Орманның тазалығын қараймын. Өрт қауіпсіздігін болдырмауын қадағалаймын. Қоқыс тастауға,отты жағып қалдыруға болмайды.
Мұнда көптеген жабайы аңдар да бар.
-Сендер қысқы орманға көріп, аңдардың тіршілігімен танысқыларың келе ме?
Тәрбиеші:
-Балалар, мына әдемі орман ішінде ағаштардың арасында аңдар жасырынған сияқты, Мен сендерге жұмбақтар жасырамын.Шешуін дұрыс тапсаңдар жасырынған қандай аң екенін білетін боласыңдар.
-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, мұқият тыңдаңдар.
Дыбыстан қашып,
Қаққан безек
Қорқақ,жасық
Бұл не...?
Қоян қысқы азығын жинамайды.Ол бұталармен қоректенеді. Қоян маусымға байланысты терісін өзгертіп отырады.
Қоянның баласын қалай атайды?
Қоян жабайы аңға да,үй жануарына да жатады Көздерін жұмып әндетіп бірге елестетеді.
-қыс мезгілі.
-желтоқсан,қаңтар,ақпан.
-декабрь,январь,февраль
-Desember, januaru februaru.
Кысқы табиғатты әңгімелеп береді.
-Орман әдемі,
-Ағаштарда жапырақтар жоқ, қармен қапталған.
-Айнала аппақ қар.
Шыңнан сырғып түсті де
Келді етекке қыс міне.
Аққарлар ақ көбелек
Қонды үйлердің үстіне.
Боран соғып бірде өкпек
Үйге айдады кір деп тек
Мұз көрпеге оранды
Боран соғып дірдектеп.
Суретші қыс
Қонақтайды бақтарға
Ақ көбелек,ақ мамық
Аунап таза ақ қарға
Балалар жүр мақтанып.
Тазарып бар кір,шаңнан
Қыс өнерін бастады
Терезеге қыраудан
Сурет салып тастады.
-Орман әдемі,
Ағаштарда жапырақтар жоқ, қармен қапталған.
Айнала аппақ қар.
.
Қоян-заяц-rabbit.

-көжек.
-Келесі жұмбақтың шешуін тауып көріңдер
Қырда жүрер ол жортып.
Іні де жоқ бармайтын
Құйрығымен бұлдартып,
Қандай аң ол алдайтын?
Түлкі қандай әдемі Түлкі түнде құстарды, қояндарды аулауға шығады.
-Түлкінің ерекшелігі неде? Құйрығы ұзын, бұлаң-бұлаң етеді.
Сұрғылт тартқан түсі бар
Ақсиған көп тісі бар.
Тыным таппай жүгіріп,
Сілекейі шұбырған
Қыстау маңын ториды,
Ауылдың өш бар иті.
Қасқыр иісті аластан сезеді.Олар топ болып жүреді. Түнде қандай жануарды болса да ұстап алуға белсенділік танытады.
Қасқырдың баласын қалай атайды?
Жазда қыдырады,
Қыста тынығады.
Інін құрғақ шөппен жауып,қыста ұйықтайды.
Бұл уақытта қоректенбейді өз жинаған майы арқылы өмір сүреді.
Аюдың баласын қалай атайды?
-Ал мынау ағаштан ағашқа секіріп жүрген тиін.
-Тиін немен қоректенеді?
Тиін туралы кім тақпақ айтып береді?
-Жабайы аңдарды үш тілде айтайық.
Орманшы: Жабайы аңдардың адам өміріне қауіпті екенін түсіндіреді.
-Балалар,орманшы атаймен бірге жабайы аңдардың қимылын көрсетіп,бір тынығып алайық.
Сергіту сәті.
Көлбең-көлбең көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Аю,түлкі, қоян қалай жүреді
Кім көрсете біледі.
-Кәне, балалар аңдардың қимылын келтірейік.
Орманшы: Балалар сендер алғыр балалар екенсіңдер,аңдар туралы да көп нәрсе біледі екенсіңдер. Мен орман тыныштығын бақылап қайтайын. Сау болыңдар.
-Балалар біз қандай ертегімен таныстық?
Ендеше ертегіні сахналап берейік.
Сахналау. Ертегіні сахналайды.
Түлкі-лиса-fox
-Құйрығы ұзын, бұлаң-бұлаң етеді.
Қасқыр-волк-wolf
-бөлтірік.
Аю-медведь-bear
-Қонжық.
-жаңғақпен.
Мен тиінмін,тиінмін...
-Жабайы аңдар-
-дикие животные-
-wild animals
Өлең жолдарын айтып, аңдардың қимылдарын жасайды.
«Қоянның құлағы неге ұзын?»
-балалар ертегіні рөлдерге бөлініп,сахналап береді.

Рефлексиялық
түзетушілік
-Орманда өмір сүретін аңдарды қалай атаймыз?
-Балалар жабайы аңдарға нелер жатады?
-Олар қай жерде мекендейді?
Ойын: «Аңдардың азығын тап»
Шарты: Балаларға аңдардың азықтары үлестіріледі. Қай аңның азығы екенін тауып,ыдыстарына қоюы керек.
Балаларды мадақтау. -аю, қасқыр, түлкі т.б.
- жабайы аңдар.
-орманда мекендейді.
біледі: сурет бойынша әңгіме құрай біледі;
игерді: аңдардың орманда мекендейтін немен қоректенетінін;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жабайы аңдардың бір-бірінен ажыратуды,ертегіні сахналауды, олардың қимылын келтіруді.