?йымдастырыл?ан о?у ?ызметі Та?ырыбы Жабайы а?дар. Аю


Ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлім: Жаратылыстану
Пән аралық байланыс: «Коммуникация» - Сөйлеуді дамыту, «Денсаулық»-Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Жабайы аңдар. Аю»
Мақсаты: балаларға жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейтіп, оның ішінде аюмен жақын таныстыру. Аюдың не себепті жабайы аңдардың қатарына жататындығын түсіндіру, оның тіршілігі туралы әңгімелеу. Аңдарға, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға баулу.
Көрнекілік құралдар: аңдардың түрлі-түсті суреттері, аюдың бетпердесі.
Сөздік жұмыс: хайуанаттар бағы.
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбер
Амансыңдар ма, достарым! Бір-бірімізге қолымызды созып, бір бірімізбен амандасайық. Ән салуға барамыз, Досымызды табамыз. Сәлемет пе! Міне, мен! Доспын енді сенімен!
Үйымдастырушылық-ізденістік Тосын сый. Балалар біз бүгін орманға саяхатқа барамыз. Ол үшін барлығымыз автобусқа отырайық.
Міне балалақайлар орманға да келіп жеттік. -Балалар біздің орманға келген себебіміз: мұнда біз аюмен танысамыз.
Әңгіме
Орманда мекендеп өз бетімен тіршілік ететін аңдарды жабайы аңдар деп атаймыз. Олар қасқыр, аю, түлкі, тиін.
Жабайы аңдар азықтарын орманнан тауып жейді. Қыста қардың көп түсуіне байланысты аңдардың азық табуы қиынға соғады. Осы кезде аңдар адамдардың көмегін қажет етеді.
Сендер жабайы аңдарды қайдан көрдіңдер?
-Ия, балалар аңдарды теледидардан, хайуанаттар бағынан көрдік.
Хайуанаттар бағында аңдарға арнайы күтім жасалады, онда жұмыс істейтін мамандар жануарларды қоректендіреді.
Ал аңдарды көруге келген адамдардың тамақ беруіне рұқсат етілмейді.
Өйткені аңдар өте қауіпті.
Сөздік жұмыс: хайуанаттар бағы
Сергіту сәті
Қорбандаған аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Балалар суретте қандай аң бейнеленген?
-Ия балалар суретте аюдың бейнесі.
Аю жабайы аңдардың бірі. Жазда аю кез- келген жерден өзінің азығын таба алады.
Сонымен бірге аю араның балын жақсы көреді. Аш кезінде шөп пен ағаштардың тамырымен қоректендіреді.
Ол қысқы ұзақ ұйқы алдында жақсылап қоректеніп, денесіне май жинап алады. Аюлардың түстері қоңыр, ақ болып келеді. Аюдың баласын қонжық деп айтады. (балалардан қайталауын сұраймын)
-Аю қалай жүреді?
-Балалар аюдың үйін «апан» деп атаймыз.
-Міне балалар, жабайы аңдар, оның ішінде аю туралы көп нәрсені білдік.
Сондықтан да қамқорлық көрсету керек. Балалар қазір біз «Қандай аңнын жүрісі» ойынын ойнаймыз, ал сендер табындар?
Шарты: әр аңнын жүрісін әуен ырғағымен келтіру.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табындар.
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
Бұл не?
Қозғалмалы ойын «Аю, аю тұршы»
Рефлексиялық-түзетушілік -Ойын сендерге ұнады ма? -Аю не жақсы көреді? -Бізге кім келді? -Жабайы аңдарға нелер жатады? -Аюдың баласын не деп атайды екенбіз?