?аза? тілі п?нінен Дауысты дыбыстар саба? жоспары (5 сынып)


Сабақ жоспары
Сынып: 5
Мерзімі: 1.02.2016
Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар және олардың түрлері. Жуан және жіңішке дауыстыларСабақтың мақсаты:Дауысты дыбыстардың жұп-жұбымен бірнеше топқа бөлінуін көрсету. Тілдің қатысына қарай бөлінуін аңғарту;Оқушылардың сөздік қорын дамыту. Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыр, оқу - білімге деген ынталарын арттыру;Бірлікке, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу;Сабақтың түрі Аралас сабақӘдіс - тәсілдер: түсіндіру, жаттығу, талдау, ойын, топтастыруПәнаралық байланыс: әдебиет, музыкаКөрнекіліктер: әліпби, сызба плакат, «Жасырынған әріптер», интерактивті тақта, слайдтар, бағалау парағы.Сабақтың барысы:I Алғашқы ұйымдастыру бөлімі1. Амандасу.2. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеруII Үй тапсырмасын тексеруМ: - Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Дауысты дыбыстар және олардың түрлері.Жуан және жіңішке дауыстыларМ: - Дәптерге күннің жадын, тақырыпты жазып қоялық.(Сабақаралық байланыс жасалады.)"Фонетика" топтастыру(Тіл дыбыстары, әліпби, тіл білімінің бір саласы, буын, әріп)- Тіл дыбыстары қалай жасалады?- Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.- Сөйлеу мүшелеріне не жатады?- Өкпе, ауыз қуысы, оның ішіндегі тіл, таңдай, ерін және мұрын қуысы.а) Мұғалімнің жаңа материалды түсіндіруі- Ауа өкпеден еш кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады.Дауысты дыбыстар саны – 12. Олар: а, ә, о, ө, ы, і, ұ, ү, е, и, э, у- Тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай дауысты дыбыстар үш топқа бөлінеді:• жуан және жіңішке• ашық және қысаң• еріндік және езулікТілдің қатысына қарай:жуан: а, о, ы, ұ,(у)жіңішке: ә, ө, і, ү, е, и, э, (у)Жақтың қатысына қарай:ашыққысаңЕріннің қатысына қарай:еріндікЕзулікМ: Жуан дауыстылар тілдің кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалады.Жіңішке дауыстылар тілдің ілгері сызылуы арқылы жасалады.Мысалы: Астана – жуан буынды сөз.Бәйтерек – жіңішке буынды сөз.Кітап – аралас буынды сөз, себебі кірме сөз (араб сөзі).Телефон – аралас буынды сөз, себебі кірме сөз (орыс тілінен енген сөз).Ботагөз – аралас сөз, біріккен сөз.Аз - кем – аралас буынды сөз, қос сөз.У – ерекше дыбыс. Ол - бірде дауыссыз, бірде дауысты, бірде жуан, бірде жіңішке дауысты.Мысалы: сұлу, тура (У дыбысы – жуан дыбысты дыбыс.)куәлік, жүру (У дыбысы – жіңішке дыбысты дыбыс.)жауын, қауын (У дыбысы – дауыссыз дыбыс.)ә) Жаттығу жұмыстарыI тапсырма. Берілген сөзге ассоциация құру. Жіңішке буынды сөздердің астын сызу.I топ«Мектеп»Мұғалім, ұстаз, білім, оқу, оқушы, класс, баға, тақта, дәптер, сөмке, т. б.II топ«Әдебиет»Ақын, жазушы, өлең, әңгіме, кейіпкер, шығарма, теңеу, портрет, роман, т. б.III топ«Тіл»Тіл әлемі, ауызша тіл, лексика, фонетика, тіл мәдениеті, қазақ тілі, ана тілі, т. б.II тапсырма. Бейне материалмен жұмыс. Бейне материалдағы заттардың атын жазу. Жуан буынды сөздердің астын сызу. (Интерактивті тақтаның кітапханасын пайдалану)I топСиыр, қой, қаз, шошқа, торай, ешкі, лақ, әтеш, тауық.II топЖылан, елік, бұзау, ит, үйрек, өрмекші, маймыл, қоңыз, балық, қарға, құс, жолбарыс, қозы, жылқы.III топБейне материалдағы сөздерге қосымша жалғап, сөйлем ойлау.Сергіту минуты «Кім тез табады?»М: Сабағымыз М. Мақатаев өлеңімен басталды. Ал, енді М. Мақатаев сөзіне жазылған әндерді тыңдап, атын табамыз.«Саржайлау», «Сәби болғым келеді», «Сен көріктісің»Оқулықпен жұмыс240 - жаттығу. Ауызша орындалады. Жұмбақты шешу. Дауысты дыбыстарды анықтау.I топ. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,Мінсең – қанат, сүті дәрі,Еті тамақ. (Жылқы)II топ. Әкесі – тышқан,Шешесі – құстан. (Жарқанат)III топ. Ішіне тамақ салынған,Есігі тастай жабылған. (Тоңазытқыш)241 - жаттығу. Жазбаша орындалады.I топ. Жіңішке буынды сөздерді теріп жазу. (6 сөз)Білу, сену, беру, ілу, кезу, көну.II топ. Жуан буынды сөздерді теріп жазу. (8 сөз)Ашу, қазу, қу, жолығу, сызушы, жу, қану.III топ. Берілген сөздерге қосымша жалғап жазу.Ашулы, білуге, қазушы, сенуге, жазушы, қулық, берудің, ілуге, жолығуға, кезуші,сызушының, жума, көнудің, қонуға.III тапсырма. Деңгейлік тапсырма.I топКөп нүктенің орнына дауысты дыбысты қойып көшіру.От... н, ж... ңіс, т..., бат... р, ард... гер, ерл... к.II топОқу - білім тақырыбына3 мақал - мәтел жазу. Дауысты дыбыстың астын сызу.III топШығармашылық жұмыс. «Достық» тақырыбында мәтін құрастыру немесе өлең шығару.IV. Бекіту.I топ. «А» дыбысының басталатын жуан буынды сөзге мысал келтіру.II топ. «О» дыбысынан басталатын жуан буынды сөзге мысал келтіру.III топ. «Ұ» дыбысынан басталатын жуан буынды сөзге мысал келтіру.V. Үйге. 242 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті дыбысты қойып көшіру.Ғ. Мүсіреповтің «Жаңа достар» әңгімесі бойынша «Кейіпкер бейнесі» тақырыбында ойтолғау жазу. У дыбысы бар сөздерді табу. Талдау.VI. Бағалау.