Word. Итм?рынны? емдік ?асиеттері ?ылыми жоба 18 бет


МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе ............................................................................................................3
ІІ. Итмұрынның шығу тарихы2.1. Итмұрын тұқымдастар сипаттамасы ...................................................4
 2. 2. Итмұрынның пайдалы, емдік қасиеттер ............................................6
ІІІ. Қорытынды ................................................................................................15
Пайдаланылған әдебиеттер ...........................................................................16
Аңдатпа
Зерттеу мақсаты: Итмұрын туралы мәліметтер жинақтап, зерттеу жүргізу.
Болжам: Бұл жұмыс кезінде мен іздену, зерттеу, бақылау, тұжырымдау әдістерімен жұмыс жүргіздім.
Зерттеу бөлімі 3 бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде итмұрын өсімдігі туралы, итмұрын тұқымдастары сипаттамасы және де итмұрынның пайдалы, емдік қасиеттеріне тоқталып мәлімет беру.Қорытынды бөлімде жеткен жетістігім мен ұсыныс-пікірлер қамтылды.
1.Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, міндеті айқындалып, зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізілді.
2.Барлық материалдар тақырыпқа сай жинақталып, қорытынды пікір жазылды.
Зерттеу әдістемесі: Жұмысты баяндау, интернет желісі материалдарын пайдалану, жинақтау, саралау әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеу жаңалығы: Итмұрынның раушангүлділер тұқымдасына жататыны және оның адам денсаулығына падасы, слнымен қатар емдік қасиеттерін білдім.
Зерттеу нәтижесі: - Итмұрынның емдік қасиеттері анықталды.
Қорытынды: Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы кеңінен қолданылады. Итмұрынның 60-тан астам түрі болса, соның 13 түрі дәрі жасау кәсіпорындарында қолданылады. Адам күн сайын 2 г ұнтақталған итмұрынды жеп отырса, сергектік сыйлап, жыныс қабілетін көтереді.
І КІРІСПЕ
Жабайы раушан дейді екен,Итмұрынды ел кейде.Піседі екен жемісі,Қараша айы келгенде.Онда аскорбин қышқылыСенесің беКөп десе.Елу есе –
Лимоннан,Қарақаттан он есе.
Ақын атамыз жырлағандай, өсімдік те табиғаттың бір бөлігі. Адамға қажет дәрі - дәрмек, киім – кешек, тамақ түрі табиғаттан алынады. Қазіргі таңда жер бетінде өсімдіктердің 500 мыңға жуық түрі бар екен. Өсімдік, ол – тіршілік, ол - өмір, ол - жердегі барлық тірі ағзаларға өмір беріп тұрады. Итмұрын – раушан гүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер туысы. Қазақстанда кездесетін 25 түрдің ішіндегі ең әдемісі. Республиканың (Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) сай, Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде тауда, жазықта, қорым тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі. Ылғалды жақсы көреді, топырақтың да, ауаның да ылғалдығына сезімтал, биіктігі 2 метрге дейін сүр-қошқыл түсті, қабығы бар, сабағымен бұтақтарыұсақ тікенекті. Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән, олар жануарлардың жеп қоюынан сақтайды.Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды, әдетте 2-3-тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті, ал астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан.
ІІ. Итмұрынның шығу тарихы 
2.1. Итмұрын тұқымдастар сипаттамасы 
Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады. Біздің эрамызға дейінгі 4 мың жылдыққа жататын Алтайдың көмбелерінен табылған металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар бейнеленген. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады.Итмұрын жер шарының қоңыржай және субтропикалық аймақтарының барлық жерлерінде өседі. 500-ге жуық түрі бар. Табиғатта таулы-тасты жерлерде, беткейлерде, орманда, су жағалауында өседі. Табиғи түрі Қазақстанның барлық тау бөктерлерінде өседі. Итмұрынның екпе түрлерінің барлығын дерлік раушан (роза) деп атайды. Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы кеңінен қолданылады. Итмұрынның гүлі ақ, қызғылт, сары түсті, диаметрі 4-6 см, хош иісті, жай күлтелі және гүлпарлы да түрлері бар. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Жемісі тамыз, қыркүйек айларында піседі. Жемісі сопақша келген жылтыр, түсі қызыл немесе қызғылт-сары болады. Қазақстанда кездесетін 25 түрдің ішіндегі ең әдемісі. Республиканың (Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) сай, Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде тауда, жазықта, қорым тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі. 
Итмұрын – раушангүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық бұталы өсімдік. Биіктігі 2 метр. Бұталары тікенекті.Ылғалды жақсы көреді, топырақтың да, ауаның да ылғалдығына сезімтал, биіктігі 2 метрге дейін сүр-қошқыл түсті, қабығы бар, сабағымен бұтақтары ұсақ тікенекті. Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән, олар жануарлардың жеп қоюынан сақтайды. Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды, әдетте 2-3-тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті, ал астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан. Гүлі қос жынысты, дұрыс гүл (актиноморфты) тостағаншасы жіңішке жасыл түсті, күлтесі ашық күлгін немесе қызғылт түсті. Тостағаншалар мен күлтелер саны бірдей (5-тен), аталық пен аналықтары көп (саны анықталмаған), гүлі көлемді (диаметрі 6 см-ге дейін), үзын гүл табанына көбінше жалғыздан, сирек топтасып бекиді. Ашық түсті гүлінің хош иісі жәндіктерді өзіне тартады, ара, үлкен тозаң жейтін қоңыздар, бір гүлден екінші гүлге ұшып-қонып жүріп айқас тозаңдандырады. Кейде жәндіктер гүлді түнеп шығатын орын ретінде пайдаланады, өйткені кешке қарай гүлдердің күлтелері, жабылады.Итмүрын шілдеде гүлдейді, тамызда жеміс береді. Раушан туысының жемісі туралы толығырақ айтсақ артық болмас. Раушан туысының жидегі шындығында да жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Біз суреттеп отырған түрдің жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін қүрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән. Итмұрынның пайдалы қасиеттері. 
Итмұрынның ерекшелігі — бағалы витаминдерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады.Ол адамға шипалы. Оны жинап, кептіреді. Қайнатып, тұнбасын пайдаланады. Одан емдік майлар да жасалады.

2. 3 Итмұрынның емдік қасиеттері
Халқымыздың ежелден дәрі ретінде қолданып келе жатқан өсімдіктердің бірі – итмұрын. Ол республикамыздың барлық өңірінде, әсіресе таулы аймақтарда көп кездеседі. Итмұрынның 60-тан астам түрі болса, соның 13 түрі дәрі жасау кәсіпорындарында қолданылады. Бізде кең тараған төрт түрі бар. Қоңыр қаралтқым, сопақша қызғылт, тікенді, қара домалақ болып келеді. Осылардың барлығын дәріге қолдануға болады. Бұлар сапасы, дәрілік қуаты жағынан өзара ерекшеліктерге ие. Мәселен, қоңырлары мен қарасы басқа екеуіне қарағанда дәрумендер жағынан 4-5 есеге дейін артық болады. Қызылы мен тікенділерінде 300 бірліктен сәл жоғары болса, қалған екеуінде 1200-1500 бірлік дәрумендер бар.Сондықтан да дәріханалар итмұрын тұнбаларын жасап, түрлі тері сырқаттарына майлар әзірлейді. Итмұрынды күзде піскен кезде жинап, жел қағып тұратын көлеңкеде кептіреді. Таза ыдыста ұзақ мерзім сақтауға болады. Ал қысқа қалып, аяз ұрса, С дәруменінен айрылып қалады. Оның құрамында қант 18, С дәрумені 6 пайызға дейін бол¬са, бұл 40-50 есе қарақаттан, 100 есе лимоннан артық деген сөз. Адам осының 5-8 данасын ғана күнделікті аспен бойына сіңірсе қажетті дәруменді толық алды деп есептеледі.
В2, Р, К, Е, каротин 12-18 мг, пайыз, органикалық қышқылдар, алма және лимон заттары, эфир майлары, минералды тұз, темір, марганец, фосфор, кальций, молибден, кобальт, хром, мыс, тағы басқа заттар көптеп кездеседі.Итмұрынның дәні ғана емес, жапырақтары мен гүлін де жинайды. Гүлінде эфир майлары көп болса, жапырақтарында С дәрумені баршылық. Күзде тамырын да жинайды. Тамырын турап, бір ас қасығын жарты литр суға 10 минут ақырын қайнатып ішсе, бойдағы зат алмасуды реттейді. Жұмыс қабілетін арттырады, қан құрамын жақсартады, түрлі жаралардың жылдам жазылуына ықпал жасайды. Сонымен қатар, өтті айдайтын, зәрді жүргізетін, сұйық болып өтетін ішті тоқтататын, туберкулездің алдын алатын, тәбетті ашатын дәрі десе де болады.
Адам күн сайын 2 г ұнтақталған итмұрынды жеп отырса, сергектік сыйлап, жыныс қабілетін көтереді. Ұнтақталған дәнді 5 минут ақырын қайнатып, термоста 30-40 минут ұстап, шектеусіз іше берген жағдайда еске сақтау қабілетін жақсартып, ағзалардың жасаруына септігін тигізеді. Осы орайда ескеретін бір жайт, аталған тұнбаны тістің арасынан өткізіп ішуге болмайды. Өйткені тістің эмалын кетіретін қышқылдар бар.Адамның жұмыс қабілеті төмендеп, жылдам шаршайтын болса, қан құрамы өзгеріп, өкпеде туберкулез белгілері байқалса, бауыр, өт, қуық жұмыс ырғағы бұзылып, көңіл-күйді бұзатын болса, төмендегідей әдістерді қолданған жөн. Бір ас қасық ұнтақталған итмұрын дәнін 400 г қайнап тұрған суға салып, су моншасында 15 минут қайнатады, бір тәулік бұқтырады. Осыдан әр жолы жарты стақаннан күніне 2-3 рет ішеді. Балаларға осыған бал қосып береді.Итмұрын тамырынан ұнтақталған бір ас қасықты 500 г суға 15-20 минут ақырын қайнатып, жатырдан қан кеткен кезде астан бұрын 150 грамнан ішеді. Күніне үш рет. Жатырда өспе (миома) болған жағдайда ұнтақталған дәнінен 1 шай қасық, 1 ас қасық аюбадам, бір шай қасық бал, талшын ағашының жемісінен бір шай қасық, жұмыртқа қабығынан жарты шай қасық қосып, бәрін араластырып, күнделікті астан соң жеміс шырынымен ішеді.Қан аздыққа 2 ас қасық ұнтақталған дәннен 500 г суға 10 минут ақырын қайнатып, бұқтырып, астан бұрын 150 грамнан қабылдайды. Күніне үш рет.Зәрді ұстай алмайтын жағдайда 4 ас қасық ұнтақталған дәнді 1 литр суға 30 минут ақырын қайнатып, қайнап бола берген кезде 2 ас қасық гүл ұнтағынан салып, тағы да аз қайнатады. Бұқтырып қойып, таңертең-кеш астан бұрын стақанмен ішеді. 15-20 күн бір емделу барысы.

Оқушы ғылыми жобасы туралы
Заман талабына сай оқушылардың өзіндік ізденімпаздық қырларын дамыта түсетін нәрсе – ғылыми жобалар. Осы мақсатта сараланып, жүйеленген ғылыми жобалар топтамасы оқушылардың тереңірек ізденуіне бағыт-бағдар береді.
Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.
Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.
Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.
Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!

Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты
арқылы да ала аласыз!
Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіре аласыз!