Т?рбие са?атыМені? ?аза?станым — мені? болаша?ым


№ 2 Чкалов орта мектебі
«Менің Қазақстаным – менің болашағым»
Тәрбие сағаты
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Бөгенбаев Б. Р.
Тәрбиешілер: Досмуханова Б. Т.
«Менің Қазақстаным – менің болашағым»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Менің Қазақстаным – менің болашағым»Мақсаты: ҚР - ның картасымен, әсіресе Солтүстік облысы, туған жерімізбен таныстыру. Отанын, елін, табиғатын, жерін құрметтеп аялауға және ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Музыка ырғағы арқылы патриоттық сезімін ояту.Көрнекілігі: суреттер, әуен, слайдТәрбие сағатының өту барысы:Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.Қазақстан Республикасының «Ән ұраны» балалардың барлығы тұрып ән ұранды айтады.Кіріспе бөлім.- Біздің Республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз - тәуелсіз мемлекет. Яғни, біздің еліміз егеменді болғандықтан, өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлкеттік туы бар.Біздің ұлттық ана тіліміз – қазақ тілі.- Балалар, республикамыздың президенті кім?(Н. Ә. Назарбаев)- Біздің астанамыз қалай аталады?- Біздің елордамыз – Астана.Негізгі бөлім.- Бұл тақтаға ілінген бұл не?- Жақсы, олай болса, елімізге, туған жер мен Отанымызға арналған тақпақтар мен мақал - мәтелдерге кезек берейік!
Дина: Қазақстан - туған өлкем,Жер көп пе, сендей көркем?Көрсін деп күллі әлемгеЖалауыңды желге желпем
 Қайсар: Отан туы желбіреп Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжірепТуған елдің туына.
Бейбарыс: Туған жерде толамыз,Ертең жігіт боламыз.Отан ортақ үйіміз,Көңілді ән мен күйіміз.
Ильяс. Туған жер беу, туған жер!Сен ыстықсың біздерге.Мың - мың дастан жатырХалқым басқан іздерде..
Айсулу: Отан оттан да ыстық.Отан - сенің ата - анаң,Отан - досың, бауырың.Отан - өлкең, астанаңОтан - аудан, ауылың.Асел: Күнді құшқан қос қыран,Аясында қалқыған.Аспан түсті туым бар,Көк теңіздей шалқыған.
Мансур: Арыстандай айбаттым.Жолбарыстай қайраттым,Аспандаған байрақтыңҚанша жұлдыз жайнаттың.Қанша бұлбұл сайраттың,Қазақстан ардақтым.
Санжар|: Аялап ару ананы,Өсірген еркін баланы,Бесік боп тербеткенОтаным – Қазақстан.
Алилмансур: Отанды біз атамекен,Деп аялап атаймыз.Өйткені, оны мекен еткен,Бабамыз бен атамыз.Өзге елде сұлтан болғанша,
Сая: Қазақпын, мен қазақтың бөлшегімін,Қажетіне өзгенің өлшемінің.Айбарлы елдің ұлымын, айтаңбалы.Кейіпкері емеспін ертегінің.
Көрініс. (Музыка ойнап, аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағыңды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, бұл тарих емес пе?Немересі: Ол қандай болған?Атасы: Ендеше тыңда, балам! Сен тарихыңды, жеті атаңды білуге тиіссің. Отаны жоқ адам нағыз бақытсыз жан, ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған тәуелсіз халықпыз. Отанды көркейту үшін сендер сабақты жақсы оқуларың керек.Немересі: Ата, ендеше мен Қазақстнады одан әрі дамыту үшін сабағымды жақсы оқитын боламын.Атасы: Балалар, туған дерді гүлдендірер ұл - қызы, міне, сендерсіңдер.(Атасы мен немересі шығып кетеді).Қорытынды: «Ата – қоныс жер қымбат, Туып - өскен ел қымбат», - демекші, балалар, бүгінгі тәрбие сабағында айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.Орағың өткір болса,Қарың талмайды.Отаның берік болса,Жауың алмайды.- Сау болыңыздар!