Натурал сандарды? б?лгіштері мен еселіктері. Жай ж?не ??рама сандар (5 сынып)


МАТЕМАТИКА 5
Тексерілді: _______________________ Пән мұғалімі: Бегасилова А.Е.
Мерзімі: _________________ № 49 сабақ
Тақырыбы: Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Мақсат:
Жаңа білім: • Сандардың бөлгіштері мен еселіктері ұғымдарымен танысады және жай сандар мен құрама сандар туралы біледі.
Жаңа түсінік: • Оқушылар сандардың бөлгіштері мен еселіктерін және жай сандар мен құрама сандарды айырып таниды.
Қолданым әрекеті: • Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табуда есе арттыру мен есе кеміту арқылы берілегн санның еселігі мен бөлгішін табуға болатындығының сырын ашып түсінеді.
Шығармашылық әрекет: • Сандардың бөлгіштері мен еселіктері туралы білімдерін жинақтайды және түйіндейді.
Тақырып жоспары:
1. Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері.
2. Жай және құрама сандар.
•Анықтама: Егер натурал саны d натурал санына бөлінетін болса, онда саны d санының еселігі, ал d саны санының бөлгіші деп аталады.
Мысалы, 8 саны 4 санына бөлінеді. Сондықтан 8 саны 4 санының еселігі, ал 4 саны 8 санының бөлгіші болады.
Тапсырма: Еселік пен бөлгішке мысал келтіріңдер.
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Жай және құрама сандар.
Натурал сандар бөлгіштерінің санына байланысты жай сандар мен құрама сандарға бөлінеді.
•Анықтама: 1 сны мен өзіне ғана бөлінетін натурал сан жай сан деп аталады.
Мысалы, 2 саны жай сан, өйткені ол 1 мен 2-ге бөлінеді, 5 саны жай сан, себебі ол тек 1 мен 5-ке бөлінеді.
Өз беттеріңше мысалдар келтіріңдер.
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Жай сандар шексіз көп.
•Анықтама: Екіден артық бөлгіштері болатын сан құрама сан деп аталады.
Мысалы, 6 саны құрама сан, себебі төрт бөлгіші бар: 1, 2, 3, 6; яғни оның бөлгіштерінің саны 2-ден артық.
Өз беттеріңше мысалдар келтіріңдер.
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Ескерту: 1 санының бір ғана бөлгіші бар. Демек, 1 саны жай сан да, құрама санда емес.
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. 1) 5 саны 15-тің бөлгіші болады;
2) 75 саны 15-тің еселігі болады;
3) 8саны 24-тің бөлгіші болады;
4) 72 саны 8-дің еселігі болады;
5) 3 саны 105-тің бөлгіші болады;
6) 66 саны 9-дың еселігі болмайды деген дұрыс па?
____________________________________________________________________________________
2. 4; 8; 9; 12; 13; 18; 20; 29 сандарынан 1) 2-ге еселік болатын;
2) 24-тің бөлгіштері болатын сандарды теріп жазыңдар.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. 19;18; 42 сандарының барлық бөлгіштерін өсу ретімен айтып беріңдер және қандай сандар екенін атаңдар.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4. 45, 50, 70, 75, 90, 100 және 120 сандарынан 25-тің еселіктерін теріп жазыңдар.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ІІ деңгей тапсырмалары
1. 81 санын 3 есе кемітіп, сонан соң тағыда 9 есе кеміткен. Бастапқы сан неше есе кеміді? Шыққан сан жай сан бола ма? Жауаптарыңды түсіндіріңдер.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. 1) 45-ке бөлгіш 5-ке еселік;
2) 92-ге бөлгіш 23-ке еселік;
3) 120 -ға бөлгіш 30-ға еселік санды жазыңдар.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ІІІ деңгей тапсырмалары
1. Бір топта 48 спортшы, екіншісінде 36 спортшы бар. Топтар бірінен соң бірі жүргенде, қатар саны тең болатындай етіп сапқа тұруы керек. Спортшылар неше түрлі әдіспен сапқа тұра алады? __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жауабы: 6 түрілі әдіспен
2. Дәлелдеңдер (мысалдармен):
1) Екі жай санның көбейтіндісі құрама сан екенін;
2) 2-ден өзге кез келген жұп сан құрама сан екенін.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
іV. шығармашылық әрекет Топтық жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлініп төмендегі есепті шығарады.
Әрбір оқушы кез келген натурал санның бөлгіштері мен еселіктері болатындығы туралы ой қорытады.
Екі шартты да қанағаттандыратын екі санды әрбір тор көзге жазыңдар. Кестені толтырыңдар.
Сан 15-тің бөлгіші 18-дің бөлгіші 32-нің бөлгіші
6-ның бөлгіші 12-нің бөлгіші 24-тің бөлгіші Сан 3-ке еселік 5-ке еселік 11-ге еселік
4-ке еселік 7-ге еселік 13-ке еселік I топ. кестенің бірінші қатарын,
II топ. кестенің екінші қатарын,
III топ. кестенің үшінші қатарын орындайды.
Үй тапсырмасы:
1) Оқушылар сендер өздерің отырған партаның ұзындығы мен ені қандай сандар екенін анықтап, олардың бөлгіштерін толық жазыңдар.
2) Кітаптағы №228 есепті шығарыңдар.
3) Тақырыпты қайталап оқу.