?ыс?а мерзімді саба? жоспары та?ырыбы Натурал сандарды ?осу


Тақырыбы Натурал сандарды қосу
Күні: Мақсаты Натурал сандарды қосуды анықтайды,есептерді шығаруға, үйреніп практикада қолданады
Күтілетін нәтиже Оқушылар сыни тұрғыдан ойлайды,өз бетінше ізденеді,
өз-өздерін ретке келтіре отырып бағалайды,
білімдерінактикада қолдана алады
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер «Миға шабуыл,» «Жигсо» , Спираль, Өмірлік ахуалды талдау
Қолданылатын ресурстар Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Түгендеу
Топқа бөлу.
І топ –
ІІ топ –І
ІІ топ –
Тренинг Барлық оқушыны ортаға шығарып шеңбер құрғызамын. Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін.
Топқа бөлдіремін.
Мұғаліммен сәлемдеседі.
Сыныптың топ басшысы жоқтарды айтады.
Әр оқушы айтқандары бойынша топ құрып орындарына отырады.
Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Білім
Қызығушылық
тарын ояту «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақ жауап
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру. Топ бойынша өткен тақырыптар бойынша сұрақ- жауаптарға дайындық жасау. Мұғалім берген тапсырманы орындау. Үй тапсырмасына берілген сұрақтарға жауап береді, шапшаңдылық таныту, өз ойларын жеткізу.
Түсіну « Жигсо» әдісі бойынша жаңа сабаққа дайындық жасау әрекеттері
Тақырыбы:
Натурал сндармен орындалатын амалдара.
Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру. Ой қозғау арқылы жаңа сабақтың негізгі тақырыбы мен мағанасын аштыру.
a +b = b +a теңдігімен жазуға болады.
Мысал: 2+3 =3+2 осы теңдіктің ақиқаттығын координаталық сәуледе көрсетіңдер Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізеді, топ бойынша әрекеттер жүргізу арқылы жаңа тақырыпқа бастама жасайды, өз ой-пікірлерімен санаса білу
Қолдану Спираль» әдісі (13 мин) әдісі арқылы
«Натурал сандарды қсу. Молярлық масса
» бойынша жұмыс
Жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіруде дайын материалдар тарату, картаға кескіндеу, картамен жұмыс жасау.
Жаңа сабақты толық меңгерту үшін сыни тұрғыдан ойлаудың «Спираль» әдісін алу. Бұл әдістің тиімділігі, топтағы оқушылардың барлығы да мәтінмен жұмыс жасайды. Оқушыларға уақыт беріп, тапсырма бойынша жұмыс жасауын тапсырам.
1. Қосындының мәнін табыңдар(бағандап қосамыз).
1) 27 837 + 4 529; 2) 35 628 + 6 774; 3) 89 266 + 14 657;
4) 9 339 + 23 456; 5) 53 460 +7 985; 6) 1 928 765 + 8 593 769. Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту. Топ бойынша жаңа тақырыптың идеясын ашады, талдайды, бір- біріне түсіндіреді
Сергіту сәті «Балапандар биі» атты жаттығу жасау Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.
Талдау Кітаппен жұмыс.
Тақырыптарға шолу
Карточкалармен жұмыс Топтарға жаңа тақырып бойынша Кітаппен жұмыс атқару үшін әр топқа кітаптағы тапсырмалармен жұмыс істеуді тапсыру, мағанасын талдау Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру. Кітаптағы тапсырмаларды топпен біргіп жұмыс істейді, талқылайды, зерттейді.
Жинақтау «Өмірлік ахуалды талдау» әдісі арқылы тақырыпты сабақты жинақтау Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тақтадағы ілінген қағаздарды топқа таратады және қосымша материалдар үлестіріледі Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын жеткізе отырып тақыртыпты сипаттау арқылы жинақтайды
Бағалау Бағалау критерийлері мен бағалау шкаласын Әр топқа бағалау апарқьтарын тарату Бағалау шкаласы арқылы өз білімдерін топпен жеке бағалау
Рефлексия Стикерлерді толтыру Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)
Оқушыларға стикер толтыруды ұс ыну Ұсынылған стикерді толтыру
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті: қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді. Оны
a +b = b +a теңдігімен жазуға болады.
Мысал: 2+3 =3+2 осы теңдіктің ақиқаттығын координаталық сәуледе көрсетіңдер
(1-сурет).
О
• • • • • • 1-сурет
0 1 2 3 5
Қосудың терімділік қасиеті: екі санның қосындысына үшінші санды қосу үшін бірінші санға екінші мен үшінші сандардың қосындысын қосу керек. Оны
(a +b)+c = a+(b +c) теңдігімен жазуға болады.
Мысал келтіріп осы теңдіктің ақиқаттығын координаталық сәуледе көрсетіңдер.
Бірнеше санды қосу кезінде қосылғыштардың орнын ауыстырып, қалауымызша жақшаларға алуға болады.
Мысалы, ( 736 + 57 ) + ( 164 + 43) өрнегінің мәнін табу үшін қосқанға оңай болу үшін 736 мен 164 және 57 мен 43 сандарын қосқан ыңғайлы.
( 736 + 57 ) + ( 164 + 43) = ( 736 + 164) + ( 57 + 43) = 900 +100 = 1000.
Мысал: (927 + 805 + 546) + (473 + 295 + 354 ) өрнегін ыңғайлы тәсілмен қосыңдар.
____________________________________________________________________
Сандарды қосу кезінде қосылғыштардың біреуін екіншісіне қосқанға ыңғайлы етіп қосынды түріне келтірген соң қосындының мәнін табу ыңғайлы. Мысалы, 279 + 56 = 279 + ( 21 +35) = ( 279 + 21) + 35 = 300 + 35 = 335.
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Қосындының мәнін табыңдар(бағандап қосамыз).
1) 27 837 + 4 529; 2) 35 628 + 6 774; 3) 89 266 + 14 657;
4) 9 339 + 23 456; 5) 53 460 +7 985; 6) 1 928 765 + 8 593 769.
2. Қосудың қасиеттерін қолданып қосындынын мәнін есептеңдер;
1) 13+19+11 = 13 +(19 + 11) = 13 + 30 =43;
2) 37+23+18=(37 + 23) +18 = 60 + 18 =78;
3) 53+29+17 = (53 + 17) + 29 = 70 + 29 =99 ;
4) 16+38+34 = (16 + 34) + 38 = 50 + 38 = 88 ;
5) 254+143+246 = (254 + 246 +143 = 500 + 143 = 643 ;
6) 301+199+234 = (301 + 199) + 234 = 500 + 234 = 734;
7) 632+676+168 = (632 + 168) + 676 = 800 + 676 = 1476 ;
8) 847+526+153 = (847 + 153) + 526 = 1000 + 526 = 1526.
3. Қосуды орындаңдар:
1) (2 026 + 551) + ( 3 049 + 574) = (2 026 +574) + (551 + 3049) = 2600 + 3600 = 6200 ;
2) (602 + 788 + 465) + (235 + 389 + 111) = (602 + 788) + (465 +235) + (389 + 111) = 1390 + 700 + 500 = 2590 .
ІІ деңгей тапсырмалары
1. Еліміздегі ең суы көп өзен – Ертіс өзені. Оның республика аумағындағы ұзындығы 1 700 км, ал өзеннің Республикадан тысқары бөлігінің жалпы ұзындығы одан 848 км артық. Өзеннің жалпы ұзындығын табыңдар.
Шешуі: Республика аумағындағы ұзындығы -1700 км
Республикадан тысқары ұзындығы – 1700 + 848 = 1548 км
Жалпы ұзындығы – (1700 + 1548) км = 2248 км
Жауабы: 2248 км
2. Бірінші сан 84, екінші сан одан 27-ге артық, ал үшіншісі екіншіден 36-ға артық. Осы үш санның қортындысының мәнін табыңдар.
Шешуі: І сан – 84
ІІ сан – 84 +27 = 111
ІІІ сан – 111 + 36 = 147
I + II + III = 84 + 111 + 147 = 342 Жауабы: 342
3. Республика шекарасының 3000 км-ден астамы су арқылы өтеді. Ол құрылық арқылы өтетін шекара ұзындығынан 9 мың км-ге кем. Республикамыздың шекарасының жалпы ұзындығын табыңдар.
Шешуі: Су арқылы – 3000 км
Құрылық арқылы – 3000 км + 9000 км = 12000км.
Жалпы – 12 000 км + 3 000 км = 15 000км.
Жауабы: 15 000 км
ІІІ деңгей тапсырмалары
1. Көлденеңінен және тігінен алынған кез келген сандардың қосындысының мәні 250 болатын етіп, берілген шаршыны толтырыңдар.
Х3 88 Х4 46
Х2 33 48 х1
62 Х6 Х5 53
94 Х7 45 61
Шешуі: Белгісіз сандарды табу ретімен х1, х2, х3, х4, х5, х6, х7 деп белгілесек. х1 = 250 – (46 + 53 + 61) = 90 х2 = 250 – (33 + 48 + 90) = 79
х3 = 250 – (79 + 62 + 94) = 15 х4 = 250 – (15 + 88 + 46) = 101
х5 = 250 – (101 + 48 + 45) = 56 х6 = 250 – (62 + 56 + 53) =79
х7 = 250 – (94 + 45 + 61) = 51
2. Жұлдызшаның орнындағы цифрларды тап.
61767
+ 356*3
2**42
**021*
Жауабы: 61767+35603 + 2 2842 = 120212.