БУЫНАЯ?ТЫЛАРДЫ? ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ


Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы №16 жалпы білім беру орта мектебібиология пәнінің мұғаліміЯхяева Бану БегендікқызыБиология пәні. 7-сынып
Тақырыбы: Типтің жалпы сипаттамасы. Буынаяқтылардың буылтық құрттармен ұқсастығы және айырмашылығы. Шаянтәрізділер класы.Мақсаты: Білімділік: Буынаяқтылар типі және шаянтәрізділер класы туралы білімдерін дамыту, олардың тіршілік әрекеттерін, табиғатта және адам өмірінде алатын орны туралы білім қалыптастыру. Дамытушылық: Буылтық құрттар ерекшеліктерімен салыстыра отырып оқушылардың жаңа білімді игеру,салыстыра білу,сөйлеу шеберлігін дамыту. Тәрбиелік:Оқушыларды қоршаған ортаны, табиғатты аялауға, мейірімділікке, инабаттылыққа, тазалық сақтауға, табиғатқа қамқор бола білуге баулу. Сабақтың түрі: жаңа сабақСабақтың әдісі: жеке, жұппен, өзіндік жұмыс, баяндауСабақтың жабдығы: интерактивті тақта, слайдтар, оқулықПән аралық байланыс: 3оология.Сабақтың жоспары:І. Ұйымдастырушылық кезеңІІ. Үй тапсырмасын сұрау.ІІІ. Жаңа сабақ.ІҮ. Бекіту сұрақтары Ү. Үйге тапсырма беру.ҮІ. Бағалау.І. Ұйымдастырушылық кезеңа) Оқушылармен сәлемдесуб) Оқушыларды түгендеув) сынып тазалығын шолуІІ. Үй тапсырмасын сұрау.№1слайд
1. Типтің ұлулар аталуы неліктен. 2. Ұлулар типінің кластары 3. Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері 4. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат 5. Ұлулардың асқорту жүйесіндегі ерекше без қалай аталады 6. Ұлулардың қантарату жүйесі 7. Ұлулар қалай тыныс алады 8. Ұлулар қалай қозғалады 9.Қармалауыштар деген не? Оны неге кейде аяқ дейді? 10.Ұлулардың маңызы (табиғатта және адам өміріндегі)
№2 слайд (флипчарт)
1.Мына ұғымдардың дұрыс жауабын тап? 2.Үккі дегеніміз не--------------------- 3.Шапанша дегеніміз не?---------------- 4.Бауыр дегеніміз не?--------------------- 5.Жүрек дегеніміз не?--------------------------- 6.Ауыз тізшелері,асқорту безі, екі немесе үш қуысты, қатпарлы қабат
№3слайд (флипчарт)
1Ұлу денесінің сыртын қаптайтын қорғаныш не?2. Ұлулардың басында болатын өсінділер?3. Теңізде тіршілік ететін басаяқты ұлу? 4. Тұлғадан түзілетін ерекше қатпарлы қабат не? 5. Тұщы суда мекендейтін қосжақтаулы ұлу?6 Басаяқты ұлулардың өкілдері?9. Сегізаяқты қалай ұйықтатуға болады?.
ІІІ. Жаңа сабақ.1 бөлімі. Мәтін таратылып беріледі. ББҮ стратегиясын пайдаланып оқушылар бірінші жеке, одан соң жұппен талқылайды. Түртіп алады. Кестемен жұмыс. Дәптермен жұмыс.Типтің жалпы сипаттамасы Жаңа тақырыпты қысқаша түсіндіру.Буынаяқтылар - омыртқа жотасы жоқ жәндіктер. Бұлардың аяқтары буын арқылы жақсы қимылдайтын бірнеше бунақтардан құралатындықтан буынаяқтылар деп аталады.Буынаяқтылар - Жер шарында өте көп таралған жәндіктер.Ғалымдардың есептеулеріне қарағанда буынаяқтылардың екі миллионнан астам түрі белгілі екен, ал жануарлар әлемінің қалған 15 типіндегі жануарлар түрі 200 мыңнан аспайтын көрінеді. Буынаяқты жәндіктер суда да (теңізде, тұщы суда), құрлықта да мекендейді, олардың көпшілігі тіпті құрлықтағы жануарлардың денесінде де тіршілік етеді.Буынаяқтылардың денесі негізінен алғанда үш бөліктен (бас, көкірек, құрсақ) құралғанымен де, барлығында бірдей айқын білінбейді. Олардың денесі әктенген тұздар сіңген органикалық заттармен - хитинді жабынмен қапталады. Хитинді жабын жәндіктің ішкі мүшелерін зақымданудан қорғайды. Жабынның ішкі жағына бұлшықеттер бекінеді. Кейбір буынаяқтылардың, мысалы шаянтәрізділердің жабыны денені қаптайтын нағыз сауыт тәрізді болады.Буынаяқтылардың буылтық құрттармен ұқсастығы және айырмашылығы. Буынаяқтылардың ішкі құрылысы буылтық құрттарға көбірек ұқсайды, сондықтан да олардың арғы тегі - қарапайым теңіз буылтық құрттары деп есептеледі. Олардың дене қуысындағы мүшелерінің (асқорыту, тыныс алу, қанайналым, зәршығару, жыныс, жүйке жүйелері, сезім мүшелері) одан әрі дамып, жетіле түскенін байқау қиын емес.Буынаяқты жәндіктердің арғы тегі көпқылтанды  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D1%83%D1%8B%D0%BB%D1%82%D1%8B%D2%9B_%D2%9B%D2%B1%D1%80%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80" \o "Буылтық құрттар" буылтық құрттар деп есептеледі. Буылтық құрттардан негізгі айырмашылығы - денесі хитинді затпен қапталған. Хитин дегеніміз - жасуныққа ұқсас  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%90%D2%93%D0%B7%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%B7%D0%B0%D1%82&action=edit&redlink=1" \o "Ағзалық зат (мұндай бет жоқ)" ағзалық зат. Шаян- тәріздестерде хитинге әктенген заттар сіңеді. Ал өрмекшітәріздестердің, бунақденелілердің хитинінде  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D3%99%D1%80%D1%83%D1%8B%D0%B7" \o "Нәруыз" нәруыз көбірек болады. Жабынның ішкі жағынан жеке будаланған  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B5%D1%80%D1%96" \o "Тері" тері-бұлшықет қапшығының бұлшықеттері бекінеді. Соның нәтижесінде дене бөліктері біріне-бірі тәуелсіз, дәлме-дәл, өте шапшаң және тиімді қозғалыс жасай алады.
Буынаяқтылардың сыртқы хитинді жабыны өте жеңіл. Сондықтан  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D1%83%D1%8B%D0%BD%D0%B0%D1%8F%D2%9B%D1%82%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D1%80" \o "Буынаяқтылар" буынаяқтылар салмағы ауыр бақалшақты ұлулардан әлдеқайда оңтайлы қимылдайды. Хитин берік болғандықтан, созылмайды. Буынаяқтылар денесі өскенде хитинді жабын мезгіл-мезгіл денеден сыпырылып, түлейді. Хитинді жабынның қалың-жұқалығы барлық  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D3%99%D0%BD%D0%B4%D1%96%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80" \o "Жәндіктер" жәндіктерде біркелкі емес. Өзеншаяны,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A2%D0%B0%D2%A3%D2%9B%D1%8B%D1%88%D0%B0%D1%8F%D0%BD&action=edit&redlink=1" \o "Таңқышаян (мұндай бет жоқ)" таңқышаян жабыны, қоңыздың қатты қанаты және жабыны өте қалың. Ал  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D1%81%D0%B0" \o "Маса" маса,шыбын тағы басқа жәндіктердің жабындары жұқа болады. Мұндай жабындар буылтық құрттардың жабынынан беріктігімен, ылғал өткізбейтіндігімен ерекшеленеді. Буынаяқтылар бастапқы даму кезінде жиі-жиі түлейді. Ересек  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D3%99%D0%BD%D0%B4%D1%96%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80" \o "Жәндіктер" жәндіктер өте сирек немесе мүлде түлемейді.
Кластың жалпы сипаттамасы. Сөйтіп, біз буынаяқтылардың үш класын оқып - үйренеміз, атап айтқанда: шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер және бунақденелілер класы. Тіршілігі және сыртқы құрылысы. Өзен шаяны өзен - көлдер мен ағынды тоғандарда мекендейді. Бұл - судың тазалығын қалайтын жәндік. Шаянның денесі екі бөліктен: баскөкірек жәнеқұрсақтан құралады. Баскөкірек бөлігіңде бірі - ұзын, бірі - қысқа екі жұп бунақтанған мұртшалары, екі көзі мен ауыз мүшелері алдыңғы жағыңда болады. Бұлардан сәл төменірек бес жұп бунақтанған аяқтар көрінеді, олардың алдыңғы екеуінің ұшыңда үлкен қысқышы бар, ал қалған төрт жұбы жүретін аяқтар болып есептеледі.Шаянның баскөкірегі алты бунақты құрсақпен жалғасып, бунақтардың әрқайсысында екі - екіден екі тармақты қысқа аяқшалар болады. Шаянның құрсағы жалпақтау келген қатты тақташадан тұратын құйрық жүзбеқанатымен аяқталады. Құрсақтың соңғы бунағыңда аналь тесігі болады.Шаян денесін қатты хитинді жабын қаптағаңдықтан, сілемейлі қабықшамен қапталған денені шұбалшаң тәрізді соза да, жиыра да алмайды. Соңдықтан ол су түбіңде бунақтанған жүру аяқтары арқылы жүреді де, суда бунақтанған құрсағын лезде бүгіп, құйрық жүзбеқанатын қатты серпу арқылы жүзеді. Сөйтіп, су түбінде қозғалғаңда - алға қарай, суда жүзген кезде артқа қарай қозғалады. Бұл кезде хитиңді жабынмен қапталған аяқ немесе құрсақ бунақтары сауыттың ішкі жағыңдағы бұлшықеттер арқылы қимылдайды. Соңдықтан шаянның сауыты қорғаныш жабын ғана болып қалмай, ішкі қаңқа тәрізді бұлшықеттер арқылы буыңдасқан сүйектерді қимылға келтіріп, қызмет атқарады (қолдарыңды бүгіп жазып, оның қалай жүзеге асқанын түсіндіріңдер). Қоректенуі. Шаян аузының айналасында үш жұп жақ және қысқыштарына тақау үш жұп жақаяқтары болады. Шаян қорегін жақаяқтарымен қармап, жақтарымен ұсақтайды. Шаянның аузы хитинмен қапталғандықтан, ашылмайды да, ұсақталған қоректі бірден жұтады қорек кеңдеу келген қысқа өңешке, одан екі бөліктен тұратын қарынға түседі, оның біреуі - күйіс қарын, екіншісі - сүзгілі қарын. Күйіс қарында хитинді тісшелер болады, қарынның қабырғасы жиырылған кезде тісшелер жұтылған қорек - ті ұсақтайды. Қорек одан әрі сүзгілі қарынға түсіп, ондағы хитинді өскіншелер арқылы сүзіледі де, ортаңғы ішекке қарай жылжиды. Ортаңғы ішекке асқорыту безі - бауырдың өзектері ашылады, асқорыту безінің сөлі сол өзектер арқылы ішекке құйылады. Осы сөлдің әсерінен қорек толық қорытылып, еритін затқа айналады да, ішек қабырғасына және бауырға сорылып, қанға өтеді.Қоректің қорытылмай қалған қалдығы артқы ішекке барады да, одан аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады.Шұбалшаңның асқорыту жүйесін еске түсіріп көріңдер: ауыз жұтқыншақ, өңеш, жемсау, бұлшықетті қарынша, ішек, аналь тесігі.Жүйелер бөліктерінде жүретін әрекеттер шаянтәрізділердегідей болады. Тыныс алуы. Шаян баскөкіректің екі бүйіріндегі екі желбезек қуысындағы нәзік өскіншелер - желбезектер арқылы тыныс алады. Баскөкіректің астыңғы жағындағы саңылаудан су дене қуысына өтіп, желбезекке дейін барады. Желбезек арқылы қанға оттегі өтіп, қаннан көмірқышқыл газы суға бөлінеді. Қан айналымы. Шаянның қан айналымы арқа жағын ала орналасқан жүрек пен қантамырлар - салатамыр арқылы жүзеге асады. Тамырлардағы қаннан жүрек қимылға келеді, сөйтіп, кантамырлар соғады. Жүрек - пішіні бесбұрышты кішкене қалта, оған дене қуысындағы түссіз қан тікелей келіп тұрады. Жүрек жиырылған кезде қаңды салатамырға айдайды да, қан салатамырдан ішкі мүшелер аралығына барады. Қан ішекте қорытылған коректі, сондай - ақ желбезек арқылы оттегін қабылдап, зәршығару мүшелерін сүзіп өтіп, оларға оттегі мен қорек жеткізеді де, мүшелердегі көмірқышқыл газды (желбезекке) және бөлінген сұйық өнімді (зәршығару мүшелеріне) алып кетеді. Зәр шығаруы. Шаян екі жасыл без арқылы зәр шығарады. Жасыл бездер - сыртқа шығаратын өзекшелері бар дөңгелек қалташалар. Осы бездерден бөлінген сұйық өнім қанға барып, тамыр қабырғаларынан сүзіледі де, еріген заттар сыртқа төгіледі. Жүйке жүйесі және сезім мүшелері. Шаянның жүйке жүйесі шұбалшаңның жүйке жүйесіне ұқсас. Өте күшті дамыған жұтқыншақүсті және жұтқыншақасты жүйке түйіндерінің бірігуінен «ми» түзіледі. Көз және мұртшаларды - жұтқыншақүсті, ал ауыз мүшелерін жұтқыншақасты жүйке түйіндері қамтамасыз етіп, жүтқыншақ айналасындағы сақинаға айналады. Жұптасқан ірі жүйке түйіндерінен құралған ұзын құрсақ тізбекшесінен таралатын жүйкелер шаян денесіндегі әр түрлі мүшелерге таралады. Шаянның сезім мүшелері күшті дамыған және олар жүйке жүйесімен тығыз байланысты болады. Сезім мүшелері сыртқы орта әрекетін жүйке түйіндеріне жеткізіп, соның нәтижесінде дене тітіркенеді де, оған тиісті жауап қайтарады.Шаянның сезім мүшелері баскөкіректің алдыңғы бөлігінде жатады. Бұл бөліктен ең алдымен сипап сезу және иіс сезу мүшелерінің қызметін атқаратын бір жұп ұзын мұртшалар мен тепе - теңдік, есту мүшелерінің қызметін атқаратын бір жұп қысқа мұртшалар көрінеді. Бунақталған мұртшалардың сезімтал талшықтары жанасқан затты және иісті сезеді, мұның шаян тіршілігінде (әсіресе түнде) маңызы зор.Өзен шаянында баскөкіректің алдыңғы бөлігінде қозғалмалы сабақшада екі көз болады. Сондықтан шаян мойны жоқ болса да (оның басы мен көкірегі бітісіп, баскөкірекке айналған) денесін бұрмай - ақ айналасындағыны толық көре алады.Өзен шаяны - күрделі көзді жәндік. Күрделі көз - көптеген көзшелерден құралады. Мұндай көздің ерекшелігі - әрбір көзше алдындағы заттың тек өзіне қараған бөлігін ғана көреді де, күрделі көз құрамындағы барлық көзшелер бірігіп, затты толық көре алады. Сондықтан көрудің бұл тәсілі жинақтап көру деп аталады. Күрделі көздегі көзшелер саны бірнеше мыңға дейін жетеді, мысалы шаянтәрізділерге жататын ас шаянның күрделі көзіндегі көзшелер саны - 3020. Көбеюі. Өзен шаяны - дара жынысты жәндік. Аналығының құрсақ бөлігі, аталығының бас көкірек бөлігі жалпақ болатындықтан, бірінен - бірін сырттай ажырату оңай. Аналық шаян қыс соңында 60, кейде 500 - 600 жұмыртқа салады, шаянның жұмыртқасы уылдырық деп аталады. Ұрықтанған уылдырықтар жабысқақ болады да, аналы шаянның құрсақ бөлігіндегі аяқтарына жабысып, жұмыртқадан жаңа шыққан жас шаяндар да алғашқы кезде сонда тіршілік етеді.Жас шаяндар хитинді жамылғыны мезгіл – мезгіл алмастырып түлейді. Жаңа түлеген жас шаянның хитині жұмсақ және түссіз болады. Осы кезде шаян тез өседі де, хитинге әк сіңіп, қатаяды. Хитин әктенгенде шаян өсуін тоқтатады, өйткені хитинді жабын өте тығыз және созылмайтын болғандықтан, шаянның денесін қысады.2 бөлімі. Берілген критерилер арқылы шаянтәрізділер класын сипаттаймыз.Дәптермен жұмыс.ІҮ. Бекіту сұрақтары «Иә не жоқ»
1.Буынаяқтылар ұлулар типіне жатады. Жоқ. 2. Буынаяқтылар біржасушалы жәндіктер. Жоқ. 3.Шаянтектестер буылтық құрттарға жатады. Жоқ. 4.Буынаяқтылардың жәндіктердің арғы тегі көпқылтанды жәндіктер. Иә. 5.Шаянтектестер желбезек арқылы тыныс алады. Иә. 6.Шаянтектестердің қантарату жүйесі ашық. Иә. 7.Шаянтектестердің қантарату жүйесі тұйық. Жоқ. 8.Зәршығару жүйесі бездер арқылы жүзеге асады. Иә. 9.Денесі бас, көкірек, құрсақ деп бөлінеді. Жоқ. 10.Шаянтектестердің паразиттік тіршілік ететіндері бар. Иә. Білемін Білгім келеді ҮйрендімҮш қатардан оқушыларды сөйлетіп тексеру.Оқушыларға бүгінгі өтілген сабақты бағалату арқылы оқушының қаншалықты сабақты түсініп кеткенін білу.Ү. Үйге тапсырма беру.214 беттегі А, С деңгейлерінің тапсырмаларын ауызша, В деңгейінің тапсырмасын жазбаша орындап келу. Дәптердегі сызбаларды пайдалана отырып §46 мазмұндау.ҮІ. Бағалау. Бағалау парағы.