Внекласная работа на казахском языке (1сынып)


Сұлутөр ауылы
№38 орта мектеп
Қош бол, Әліппе!
Ертеңгілік
1-сынып
Мұғалімі:Асқарбаева Бахыткуль Жолдасбековна
Тақырыбы : «Қош бол,әліппе! »Мақсаты:1. Әліппенің қадір - қасиетін меңгерту. Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу.2. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Ата - аналарға баланың 4 айда қандай білім игергенін іс - жүзінде көрсету.3. Ана - тілін сүйіп қастерлеуге, адамгершілікке, ұқыптылыққа, көпшілік алдындағы ұстамдылыққа, кеш барысында өзін - өзі мәдениетті көрсете білуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: « Қош бол,әліппе ! » сөзі жазылған плакат, шарлар, нақыл сөздер. Әсем безендірілген сахна.Барысы:Мұғалім:Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн – «Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы - «Әліппемен қоштасу». Білім жолдағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Енді қазір осы жарты жыл ішінде оқып үйренген білімдерін тамашалаңыздар. Сонымен «Білім басы - Әліппе!» ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер! Балаларды қошеметпен ортаға шақырайық(Балалар қатармен ортаға шақырамын)Әрқашан алға ұмтылып, Азамат,Еламан ,Нұртілеу,Ешкімнен қалыспадың.Аяна,Арайлым,Аяулым,Жайқалып өскен қыр гүлім!Аңсар, Аяжан,Ислам, Махфуза,Тек биіктерден көрініп,Бақытты болсын қайда да.Мінекей алтын балаларЗіннат,Жанел,Қуат, Азамат.Өздері бал - бұл жайқалып,Келеді басып жай ғана.
Құлпырған балғын жүзді балаларымҚонаққа келді ата - аналарыңКөрсетші кәне қандай өнерің барҚуанып қалсын ата - аналарың.Әліппені бітірді балаларым,Әліппеден нәр алған даналарым.Өзі оқып жазатын хәлге жетті.Құтты болсын білімі балалардыңБүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,Балалардың есімі әулеттерге таралар,Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік басындаАқ тілекпен шашу шашпақ аналар. (Аналарымыз шашу шашады)Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.1 – оқушы НұртілеуКөз салып қараңызшы бойымызғаОртақ боп бүгінгі өскен ойымызға.Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,Әліппемен қоштасу тойымызға.Балалар, біз осы уақыт аралығында не үйрендік?Оқуды, жазуды, ән айтуды, ертегі айту.- Бұл білімді қайдан үйрендіңдер?Хормен:- Әліппе досымыздан!Мұғалім:- Иә, ендеше сүйікті Әліппемізді ортаға шақырып алғысымызды білдірейік.Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе.Әліппе:Армысыздар жас достар!Армысыздар, ата - ана!Болашаққа жол ашар,Әліппең келді ортаға.Білім деген ғалымның,Әліппесін меңгерген.Келешегі қазақтың,Басталады сендерден.Жақсы білім көрімдік,Болсын сізге халайық.Не үйрендік не білдік,Қане, ортаға салайық!Ән: « Қош сау бол,Әліппе»- Жарайсыңдар олай болса Әліппеге өз өнерімізді көрсетейік.2 - оқушы: АзаматЕң алғаш алғанымда әліппеніҚызығып қарай бердім әріптерді.Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?Ұстазым оның кілтін алып берді.Ұстазым көз алдымда күлімдеді.Күн сайын әріптердің атын білемСөз оқимын айырып әріпті енді.3 – оқушы: АрайлымӘліппе – білім анасыӘліппе – кітап данасыӘліппе бетін ашпаған,Адамның бар ма баласы?!4 – оқушы: ЗіннатКелгенде алғаш мектепкеБілмеуші едік әріптеОқимыз қазір ертектіҮйреткен оны әліппе5 - оқушы : Н.АзаматӘліппем, менің әліппемСені қолға алып менЕсігін аштым мектептіңЕртеңгі сәуле жарықпен.6 – оқушы : ИсламӘліппе деген алтын жолАпарар сені алысқаЖеңіл емес, ауыр жол,Тырмысып бақ намысқа7 – оқушы: МахфузаОқуды көп ойладыңҚызығына тоймадықӘріптерді үйреніпСауат аштық тойладық.
8 – оқушы: АянаӘліппемен қош айтысып қаламызЕнді қолға «Ана тілін» аламызАта - ана қуанышқа ортақ болСауатты боп шықты міне балаңыз.
9 – оқушы :АңсарАлфавиттіңА тұрады басында.Әрқашан даӘ тұрады қасында.Байқадың ба?Б тұрады үшінші.Ал осыныңСыры неде? Түсінші:А деген ол - аналар ғой ардақты,Ә деген ол - әкелер ғой салмақты,Б деген ол - балалар ғой әдемі.Біздің елде үшеуі де кәделі.
10 – оқушы: ЕламанАна тілің - ертегің,Ана тілің - өркенің,Ана тілің - ертеңің.Қадірле ана тіліңді -Жүрегіңнің бөлшегін.
11 – оқушы: АяжанЖақсы кітап - "Әліппе",Үйретеді әріпке.Қуыршақпен қоштастым."Әліппемен" достастым.
12-оқушы:Аяулым"А"- дан бастап әріпті,Түгел маған танытты.Ақыл - ойын дананыңАна тілден аламын.Анам тілім ардақтыАқ сүтіндей анамның.
12 – оқушы:Жанел Өсірген ой, білімдіСүйем туған тілімді.Мақсат етем әр сөздіңМәнін терең білуді.13 – оқушы: ҚуатБар кітапқа бас салған,Әліппе – ғылым ағасы.Әліппеден басталғанДаналықтың данасы.Мектебің мынау класың,Осында он жыл тұрасың,Тарыдай болып кіресің,Таудай болып шығасыңӘліппе:Ризамын балаларМеңгердің болмадың босқа текАна тілі атты әпкем барСендерді жетелеп әкетерАна тілі:Сәлеметсіздер ме, балалар.Туған елдің тілімінАқылымен таныламТүсіндірер бәрінеАна тілі мен баламАна тілің – арың бұлҰяттың боп тұр беттеӨзге тілдің бәрін білӨз тіліңді құрметте- Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.Би: Сүйкімді балалар биі. (Вальс)- Сендерге Әліппенің не үйреткенін көрейікші.- Ал, қане балалар өнерімізді көрсетіп жіберейікОйын: «Шар ішінде не бар?»Сұрақ:1. Қазақ тілінде неше әріп бар?2. Дыбыс қаншаға бөлінеді?3. Қандай дыбыс дауысты да, дауыссызда болып келеді?4. Отаныңның президенті кім?5. ҚР астанасы қай қала?6. Сенің кіші Отаның қалай аталады?Жұмбақтар жасыру:1. Жазу жазып жалықпаған,Жаза жаза арықтаған (бор)2. Алты қырлы,Алтын сырлы (қарындаш)3. Қабат - қабат қаттама,Ақылың болса аттама. (кітап)4. Үйреткен ілімді,Қырық екі білімді. (Алфавит)5. Өшірді сүртті,Өзгені құртты,Өзін де құртты. (Өшіргіш)- Балалар, сендер қандай пәндерді оқып жатырсыңдар?- Бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шынықтыру, әліппе, математика.- МАТЕМАТИКА пәнінен не үйрендіңдер?Тура және кері санап береміз.
Математика әлеміне саяхат.Табақта үш алмаҚолымда екі алмаҚосқанда барлығыБолады неше алма?( 5бес)Көлден ұшты он қазҚайтып қонды екі қаз.Қонбады енді нешеуі,Қане, кім шешеді?(8 бес)42 жауынгерСапын түзеп тұрады,Бүлдіршіндер қауымыСырын терең ұғады.(Алфавит)Санамақ та білеміз.1 - санамақ1 дегенім - бесік,Шықтық содан өсіп.2 дегенім - елімДалам, тауым, көлім.3дегенім - үміт,Үміт артар жігіт.4 дегенім - төзім,Төзе білем өзім.5 дегенім - бақытБағалайтын уақыт.6 дегенім - ақылТыңдағаның мақұл.7 дегенің - жалау,Жүректегі алау.8 дегенің - сөзің,Серт беретін кезің9 дегенің тоқтауЕлдің жоғын жоқтау.10 дегенім - Отан,Қорға соны ботам.
Әріптер сөйлейді.
А –дегенім Алмұрт / Нұртілеу/
Аузыңа сал,бал жұт!
Ә – дегенім Әңгелек / Аяжан/
Әңгелегім дөңгелек.
Б – дегенім Бүлдірген / Аңсар/
Балдай дәмін кім білген
Г –дегенім Гүлдеймін / Азамат С/
Гүлге теңеу іздеймін.
Гүл деген –мен, Күн – анам
Гүлдей жайнап қуанам
Д-дегенім Долана /Қуат /
Долана өсер далада
Қ –дегенім Қарбыз /Арай/
Қызыл болса,жарғыз.
Ө-дегенім Өрік /Жанел/
Өрікті ал, теріп.
Н - Ас біткеннің анасы /Зіннат/Қасиетті нан осы.Қайсы әріптен басталғанСоңғы әрпіне де қарашы.
Ы- Ыдысты саздан жасаған, /Аяулым/
Ықылас біздің жас маман.
Е – Елге есті ер керек, /Азамат Н/
Ер жет, өсіп ертерек.
Р - Роза шықса ән салып, /Аяна/
Риза болар бар халық.
О - кәдімгі дөңгелек / Еламан/Кетпесін ол дөңгелеп.
М - әрпі Түйе өркешіне қарайық /Махфуза/Ұқсайды оған қай әріп?
С - Білезікке қарайық /Ислам/Ұқсайды оған қай әріп?Ж – Жыр алыбы-Жамбыл ата , /Нұртілеу/
Ұрпағына берген бата.Л-Лашын биік самғайды, / Аңсар/
Лашын көкті шарлайды.
Х –Хадиш сөмке көтерген, / Аяна/
Хат хабар күнде әкелген.
Ү –дегенім үйрек, /Махфуза /
Болып жүрме күйреуік.
З - әрпі Қаздан көре аласың / Нұртілеу/Қағаздан да табасыңБайқамасаң анықтапҮш екен деп қаласың.
Ана тілі:- Рахмет саған Әліппе осындай балалар көп болса мен қуанамын.Ән «Қошақаным»Әліппе:- Ал енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар.- Балалар, сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйрендіңдер - Осының бәрін үйреткен кімдер? Оқушылар (хормен): - МЕКТЕП! - ӘЛІППЕ! - МҰҒАЛІМ! - АТА - АНА! - Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата - аналарымыздың үлесі бар. Ата - анамызға ризашылығымызды білдіреміз. Мұғалім:- Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң - қуанып, ренжісең - жұбататын асыл адамдар ата - ана! - Ол кісілер біз үшін ең ардақты адамдар. Ата - ананы сыйлау - біздің парызымыз - АНА сөзіне байланысты өлең шумақтарын тыңдаңыздар: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың, Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың. Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың, Мәпелеген баласын, аман болсын анашым! Өмірде бір - біріне серік болып,Отбасының бақытына берік болып.Ұрпағының амандығын тілегенӘкелерім аман болсын көреген!Балалар хормен: - Ата - анаға мың рахмет!
Ән: «Ел жатқанда жатпаған.»
Би : Шығыс биі. (Қыздар)Би: Испан.(Арай,Жанел )Көрініс: « Шалқан»ертегісі Би: Үнді биі. Ән: Құттықтаймын, мама, туған күніңмен- Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын! Құттықтау сөзі:1. Мектебіміздің директоры.2. Ата – аналардан