Д?ріс ?лтты? банк органдары, негізгі міндеттері, функциялары


Тақырыбы : Ұлттық банк органдары, негізгі міндеттері, функциялары
Жоспары : 1. Ұлттық банктің міндеттері
2. Ұлттық банктің басқарушы органдары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы басқарады. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы «Қазақсатан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» заңына сәйкес оның атынан әрекет етеді және мемлекеттік органдармен, банктермен, қаржы ұйымдарымен, халықаралық, шетелдік және басқа ұйымдармен қарым – қатынаста Қазақстан Ұлттық Банкін сенімхатсыз білдіреді. Ұлттық Банктің Төрағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі атынан шарттар жасауға құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкі қызметі үшін жауапты болады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәжілістерінде төрағалық етеді.
Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасына Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметіне байланысты мәселелер бойынша осы заңда Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасына арналып ескерілген өкілеттіктерді қоспағанда, жедел және атқарушы-өкімші шешімдер қабылдау, Қазақстан Ұлттық Банкінің атынан шарттар жасасу өкілеттігі берілген.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Республикасы Президентіне отставкаға кетуге дейін екі ай бұрын жазбаша түрде өтініш беріп, отставкаға кетуге ұсыныс жасауға құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының тағайындалу мерзіміне қарамай, 6 жыл мерзімге тағайындалады.
Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкінің мүддесін сенімхатсыз – ақ білдіреді, құжаттарға қол қояды және соттарда және өзге ұйымдарда істерді қарау кезінде, сондай – ақ басқа мәселелер бойынша өзінің құзіреті шегінде, қызметкерлер қатысу үшін сенімхат береді.
Төрағаның орынбасары Қазақстан Республикасының Президентіне өзінің жазбаша өтінішін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы арқылы екі ай бұрын беру арқылы, отставкаға кетуіне болады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің жоғарғы органы Басқарма болып табылады. Ұлттық Банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Оның құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкінің бес лауазымды тұлғасы, Қазақстан Республикасы Президентінен бір өкіл және Қазақстан Республикасы Үкіметінен екі өкіл енеді.
Қазақстан республикасы Президентінен, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкінен Қазақстан Ұлттық Банк Басқармасының мүшелері тиісінше Қазақстан Республикасы Президентімен, Қазақстан Республикасы Үкіметі және Қазақстан Ұлттық Банкі арқылы тағайындалады және одан босатылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің оралымды басқару органы Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі болып табылады.
Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкі төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді. Қазақстан Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің құрамын Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы Директорлар кеңесінің мәжілістеріне төрағалық етеді. Оның тапсырмасы бойынша Директорлар кеңесінің мәжілісін Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары жүргізе алады. Директорлар кеңесі Қазақстан Ұлттық Банкінің қарауындағы мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды, бұған Қазақстан Ұлттық Банк Басқармасы мен Төрағасының және оның орынбасарларының құзырына енетін мәселелер ғана қосылмайды. Директорлар кеңесі өз құзырына енетін мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды. Директорлар кеңесінің жұмыс тәртібі оның регламентімен айқындалады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының айрықша құзіретіне жатпайтын кез келген мәселе бойынша шешімді қарауға және қабылдауға құқылы.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
Ұлттық Банк еліміздің банк жүйесінің нешінші дәрежесін құрайды ?
Ұлттық Банкті басқарушы органдарын атаңыз
Басқарушы органдарының құрамына кімдер кіреді ?
Басқарушы органдардың атқаратын қызметі
Ұсынылатын әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Банк құқығы Л.Давыдова, Д.Райманов
Нормативтік құқықтық актілер