1.О?ушыларды Жекен Ж?ма?ановты? «А? боран» м?тінімен таныстыру,жеке ?абілеті мен белсенділігіне с?йене отырып,м?тіндегі т?йінді ойды ашу?а жа?дай жасау. 2.Байланыстырып с?йлеуін,шы?армашылы?пен ж?мыс істеуін,ойлауын,іздену ?абілетін дамыту. 3.?з бетінше


Сабақтың тақырыбы: Ж.Жұмаханов «Ақ боран» 26.01
Жалпы мақсаты: 1.Оқушыларды Жекен Жұмақановтың «Ақ боран» мәтінімен таныстыру,жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып,мәтіндегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
2.Байланыстырып сөйлеуін,шығармашылықпен жұмыс істеуін,ойлауын,іздену қабілетін дамыту.
3.Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.Өзара құрмет сезімін тудыру.Басқаның пікірін сыйлауға,сөзін бөлмеуге,бірлікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Мәтінді түсініп,өз сөздерімен әңгімелей және ой қорытуды біледі.
Әдіс-тәсілдер: АКТ,СТО әдістері («Қар үйіндісі», «Топтастыру», «Аялдама») жеке, топпен жұмыс
Тапсырмалар: Топтық, шығармашылық тапсырмалар
Керекті жабдықтар: Акт,суреттер, қима қағаздар,бағалау парақшалары
Уақыты Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І.Ұйымдастыру
ІІ «Ой қозғау»
Топтастыру
Бейнежазба Психологиялық дайындық .
Топқа бөлу.
Күндей күліп,
Гүлдей жайнап,
Біз үлкейіп өсеміз!
Қанат қағып,
Арман қуып,
Біз мақсатқа жетеміз!
«Қар үйіндісі» әдісі
Қыс мезгілінде болатын қандай табиғат құбылыстарын білеміз?
-Бейнежазбадан нені байқадыңыздар?
-Ненің даусы естіледі? Оқушылар хормен айтады,дөңгеленіп тұрып,қыстағы табиғат құбылыстар арқылы топқа бөлінеді.
1-топ «Қар» тобы
2-топ «Боран» тобы
бы
3-топ «Аяз» тобы
Әр топ атына сәйкес құрамында сол сөз кездесетін бір сөйлемнен айтады.
Табиғат құбылыстары-боран,қар,тұман,аяз, қырау,қар аралас жаңбыр.
Оқушылар бейнежазбаны көре отырып,бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.
ІІІ.Мағынаны тану
-Ендеше бүгінгі жаңа сабағымызда қысқы табиғат құбылысына байланысты боранды күні болған оқиға Ж.Жұмахановтың «Ақ боран» әңгімесімен танысамыз.
Автор жайлы мағлұмат беру. Ж.Жұмахановтың қысқаша өмірімен танысады.
«Жеке жұмыс»
«Аялдама» әдісі
Оқулықтағы мәтінді үш бөлікке бөліп,әр топқа бөліктері таратылады,беріл ген мәтінді түсініп оқуы керек.
Берілген бөлімдегі мәтінді топ мүшелері 2-3 сөйлемнен кезекпе-кезек әңгімелеу.
Оқушылар өз беттерімен «Ақ боран» мәтінін оқып,танысады.
Әр топ «Аялдама» әдісі арқылы өздерінің оқыған бөлімін басқа топ мүшелеріне әңгімелеп береді.
Сергіту сәті
«Кубизм» әдісі Әр топтан бір оқушыдан шығып,берілген суретті маңдайына қойып оқушыларға көрсету
«Кубизм» әдісі бойынша жұмыс жасау.Кубикті әр топқа кезек-кезек тастап отыру,топ мүшелері әр
қырындағы сұрақтарға жауап беруі тапсырылады.
Шаңғы,хоккей таяғы,коньки суреттері берілген.Оқушылар сурет бойынша сипаттап айтады.Оқушы сипаттауы бойынша суреттегі заттың атын айтуы керек.
1.Әңгіменің басында қыстың қатал мінезі қалай берілген?
2.Қасымның боранда адасып қалмауына не көмектесті деп ойлайсың?
3.Жерге құлағын тосқан кезде Қасым не естіді?
4.Қасымның аты қандай белгі берді?
5.Автор боранды қандай боран дейді?Оның себебі не деп ойлайсың?
6.Ақ құйын арасынан қараңдаған біреу не деп дауыстады?Ол кім?
«Ой толғаныс»
Топпен жұмыс 1-топ
Қасым қандай бала?Оны кесте бойынша дәләлде .
2-топ
« Жылқы» тақырыбына шағын эссе жазу.
3-топ
Мәтін бойынша сурет салу. 1-топ
Оқушылар Қасымның табанды, ақылды,өжет,байқа- ғыштығын,шыдамдылығын дәлелейді.
2-топ
Жылқы-Қамбар ата,төрт түлік,қымыз,талғампаз жануар екеніне эссе жазады.
3-топ
Оқушылар мәтін бойынша сурет салады.
«Сен білесің бе айдары
Эдвард де Бононың «Ақылдың 6 қалпағы»әдісі Қыстың көркі қар демекші,қар түйіршіктерінің 5000-нан аса түрі болады екен.
Егер сендер қар жапалақтап жауғаннан кейін тыныс алсаңыз,тыныс сарайыңыздың кеңейіп,денеңіздің сергігенін байқайсыз.Мысалы:50г қар жауса, 16л ауаны тазартады.
Кері байланыс «Бүгінгі сабақ ұнады ма?» Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айтқызу,
Бағалау
Үйге тапсырма