Ащы? саба? жоспары Тап?ырлар тартысы


Кайболдиева Нургул Жумакелдыевна
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Маңғыстау гуманитарлық колледжінің
математика пәнінің оқытушысы
Cабақтың тақырыбы: Тапқырлар тартысы (интеллектуалды-танымдық сайыс сабағы)
Мақсаты: Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Cайыс 7 кезеңнен тұрады:
І кезең –«Бәйге»
ІІ кезең –«Кім зерек?»
ІІІ кезең– «Сиқырлы кубик-рубик»
ІV кезең – «Ойлан, тап»
V кезең– «Ғажайып үштік»
VІ кезең -«Сандық ребустар»
1- кезең «Бәйге» сұрақтарға жауап бер
Шарты: Шапшаң сұрақтарға жауап беру қажет. Әрбір сұрақ 5 балмен бағаланады.
Егер сағат түнгі 12-де жаңбыр жауып тұрса, онда 72сағаттан соң күн шығуы мүмкін бе?(жоқ, ол кезде түн болады)
Отырып-ақ жүре беретін кім?(шахматшы)
Төрт жарым таяқтың неше ұшы бар? (10)
9 бен 27 сандарының арасында қанша жұп сан бар? (9 жұп сан)
Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан? ( Ж: « Әл жебр» деген араб сөзі)
Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді? ( жер өлшеу)
2 ғасырда неше жыл бар? (200 жыл)
Сағаттың ¼ -і неге тең? (15 минут)
10 мен 26 сандарының арасында қанша тақ сан бар? (8 тақ сан)
1,5 санына кері санды ата? (2/3)
64 қай санның кубы? (4)
Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең?
2 сағат 10 минут неше секундқа тең? (7800 секунд)
ІІ кезең-«Кім зерек?»
Шарты: студенттердің көзбен көру арқылы шапшаң есептеу қабілеті тексеріледі. Тапсырмадағы сұрақтарға тез, нақты жауап беру қажет.
Көзбен көру баөылағыштық
1.Суреттегі фигурада қанша үшбұрыш бар?
26733595250
2.Суреттегі гүлдер оюында қанша гүл жапырақшасы бар?
376555102870
3. Тоғыз шаршы суретте көрсетілгендей орналасқан. Қара шаршының қабырғасы 1см-ге тең.Сұрақ белгісі тұрған екі шаршының қабырғасын табу керек. Сызғыш немесе басқа да өлшеу құралдарын пайдалануға болмайды. Көз мөлшерімен немесе шамамен табуға болмайды.
267335125730
4.Мына пішінде қанша төртбұрыш бар екенін анықтаңыз, тек қана шаршыларды емес, сонымен қатар үлкен-кіші барлық төртбұрыштарды санаңыз?
174281129777
ІІІ кезең – «Сиқырлы кубик-рубик»
Шарты: Әр топтан бір-бірден 4 студент тақтаға келіп, рубик текшесін шапшаң жинап құрастыруы тиіс.
Рубик текшесі (маж.Bűvös kocka — сиқырлы текше) — логикалық басқатырғыш ойын құралы ретінде пайдаланылады.
Рубик текшесінің алты жағында тоғыз кішкентай текшелер өзара байланыстырылып орналасқан. Әр кішкентай текше алты түстің біріне боялған. Ойын мақсаты — Рубик текшесінің әр жағын бір түсті қалпына келтіру. Сол үшін Рубик текшесінің жылжытылатын бөлшектерін бұрып, әр түрлі түзбелерді жасау керек.
Рубик текшесі (көбіне «кубик-рубик» ретінде танымал) – 1974 жылы венгриялық мүсінші және архитектура оқытушысы Эрне Рубиктың ойлап тапқан (1975 жылы патенттеген) механикалық бас қатырғышы.1982 жылдан бастап Рубик текшесі байқаулары ұйымдастырыла бастаған.
Бұл кезден соң оның белгілігі төмендер емес. Бұны миллиондарша сатылуы ғана емес, текшені құрастыруы бойынша әлем чемпионатының пайда болуы анық көрсетеді. Бұл салада 2016 жылғы голландиялық 20 жастағы Матс Валк рубик текшесін 4,74сек, ішінде қажет қалпына келтіріп, чемпион атағын алған болатын.
2633217117

ІVкезең– «Ойлан, тап»
Шарты:Таяқшалардан бірнеше қате теңдіктер құрастырылған. Әрбір теңдікте бір таяқшаның ғана орнын ауыстырып дұрыс теңдікке келтіру қажет. Уақыт шектеулі.
2823210166370
1788126877

Vкезең – «Ғажайып үштік»
Шарты: Мұндағы тапсырмалар күрделілігіне қарай 10, 20, 30 ұпайлармен бағаланады. Тапсырмалар 3-ке бөлінген: викториналық сұрақтар, нақыл сөздер, қазақтың байырғы есептері.
Викториналық сұрақтар:10. Тәрелкедегі 7 бауырсақтан 7 балаға бір-бірден және тарелкеде бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады? (бір бала тарелкесімен алады) 10. Төрт дос бала мейрамханаға жиі барып әрқашан бір үстелге отырады. Жалғастың әрқашан бір орынға отыра беретіні белгілі болса, достар неше түрлі тәсілмен үстелге отыра алады? (3) 10. Бөрененің ұзындығы 150 см. Оның 1/3 бөлігін кесіп алып тастады. Қалған бөлігінің ұзындығы қанша? (100 см)
Нақыл сөздер:20. «Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтанда оны оқу керек»-дегенді кім айтқан? (М.Ломоносов) 20. «Математика барлық нақты ғылымдар сөйлейтін тіл»-дегенді кім айтқан? (Н.Лобачевский) 20. «Геометрияға да поэзиядан кем түспейтін шабыт керек»-дегенді айтқан ғалым? (Әл-Фараби)
Қазақтың байырғы есептері:
30.Бір бөшке қымызды бір ер адам 14 күн, ал әйелі екеуі қосылып 10 күн ішеді екен. Әйелі жалғыз ішсе сол бөшке толы қымызды қанша күнде тауысады?
30. Күлшеқызға өгей шешесі «45 бұршақты үш ыдысқа бөліп сал, оның екеуіне бірдей, үшіншісіне екі есе аз сал» деп тапсырма береді.Күлшеқызға бұршақтарды ыдыстарға дұрыс бөлуге көмектес.
30.Бір жиында Қарабай, Сарыбай, Қызылбай атты үш бай кездесіп қалады. Біреуі қара, екіншісіқызыл, үшіншісі сара ат мініп келіпті. Сонда сары ат мінген бай Қарабайға былай депті: «Бізге аттарымызды ауыстырып міну керек. Сонда мінген атымыздың түсі мен өз атымыз сәйкес келеді екен. Әр байдың мінген атының түсі қандай?
VІ кезең– «Сандық ребустар»
Шарты: Сандық ребусты шешу. Сандық ребустағы әрбір әріп бір цифрды білдіреді, яғни бірдей әріптерді бірдей цифрлар алмастырады және бір цифр әртүрлі әріптермен белгілене алмайды. Сол жақтағы шеткі әріп нөлге тең бола алмайды.
241363553975426284653884-120469140970

294703527305
4715113123007
-12065058420
165163523495