?ліппемен ?оштасу мерекесіні? жоспары Рахмет са?ан, ?ліппе! (1 сынып)


Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу. Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Математика» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.Атасы немересін жетектеп келеді.Автор: Жеті жасар баласын,Жетпісте шал жетектеп. Келе жатыр көшеде,«Қайда әлгі мектеп»-деп.Жетпіс келеді жүгіріп.Ата:Балам, балам, жақсы бол,Міне, сенің мектебің.Сабағыңа зейін салАқылды бол, тентегім.Немере (Диас):Қыркүйекте келдім деСыныпқа кірдім қуанып,Қарсы алды ұстаз мейірімменҚадамымды құп алып.
Музыка жетекшілігімен 1-ші сынып оқушылары ортаға шығады.
Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Бүгін, міне, 1-ші сынып оқушыларының «Рахмет саған, әліппе!» атты әліппемен қоштасу ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.
Даяна:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.Алдарыңда қызғалдақтай құлпырған,Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Мұғалім:Өсті міне бойларың,Өсті ақыл - ойларың.Қуанышқа ортақпын,Құтты болсын тойларын!-Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.Іші толы әріпке,Білімдегі жарық не?Хормен:Болашаққа жол ашар -Ол сүйікті - Әліппе!Мұғалім: -Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!Әліппе: -Армысыңдар жас достар!  Армысыңдар, ата-ана!  Болашаққа жол бастар,  Әліппең келді ортаға.  Білім деген ғажаптың,  Әліппесін меңгерген.  Келешегі қазақтың,  Басталады сендерден. Жақсы білім көрімдік,  Болсын бізге халайық.  Не үйретіп, не білдік,  Қане, ортаға салайық! 
Даяна: Әліппем менің Әліппем,Сені қолға алып мен.Есігін аштым мектептің,Ертеңгі сәуле жарықпен.Диас:Келгенде алғаш мектепке,Білмеуші едік әріпте,Оқимыз қазір ертекте,Үйреткен оны Әліппе!Зарина:Әліппе деген алтын жолАпарар сені алысқа.Жеңіл емес ауыр жолТырысып бақ намысқа.
Есінеп, Жалқаубек сыныпқа кіреді.
Ж: Сәлем, балалар! Сендер не істеп отырсыңдар?
Б: Әліппе үйреткен өнерімізді көрсетпекпіз.
Ж: Не үшін? Бәрібір сендер әліппені толық меңгерген жоқсыңдар. Жүріңдер менімен бірге, мен сендерді нағыз өнерге үйретемін.
Б: Ол қандай өнер?
Ж: Ол сабақты оқымау, үлкенге көмектеспеу, тазалықты сақтамау өнері.
Б: Жоқ! Бармаймыз!
Әліппе:
Балалар, ендеше сендер Жалқаубекке бар үйренгендеріңді айтып, ақылды, мәдениетті екендеріңді дәлелдеп беріңдер.
Б: Оны қалай дәлелдейміз?
Ә: Бәрімізге өнерлі, білімді екендеріңді көрсетіңдер. Менің тапсырмаларымды орындаңдар.
Әліппенің әні: «42 әріп»
Даяна
Алфавиттің А тұрады басында
Әрқашан да Ә тұрады қасында
Байқадың ба,
Б тұрады үшінші,
Ал осының
Сыры неде түсінші?
А деген ол –
Аналар ғой ардақты,
Ә деген ол –
Әкелер ғой салмақты.
Б деген ол –
Балалар ғой әдемі...
Алшақ кетпей,
Сондықтан да
Тұрады олар
Алфавиттің басында.
Зарина
Оқуды көп ойладық,
Қызығына тойиадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық, тойладық.
Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті
Ардақтайды, қолдайды.
Мұғалім:
Ал енді, балалар, әліппе ұсынған жұмбақтарды шешейік. (тақтада әріптерді
ілінген, балалар кез келген әріпті алып артында жазылған жұмбақты оқиды. Жауаптары тақтаға сурет арқылы беріледі. Оқыған жұмбағын суреттің үстіне іледі.)

Жұмбақтар
Бетін адам ашады  
Білім нұрын шашады. (Кітап) 
Үйреткен ілімді, 42 білімді (әліпби)
Қабат-қабат қаттама Ақылың болса аттама (кітап) 
Бiлiмнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.    (Мектеп)
Бiлiмнiң дәнiн тередi,
Балаға тәлiм бередi.   (Ұстаз)
Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады.   (Қоңырау)
Қырық екi жауынгер,
Сабын түзеп тұрады.
Бұлдiршiндер
Қауымды ел,
Сырын терең ұғады.  (Алфавит)
Бар бiлiмнiң бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кiтап тiл ашқан?    (Әлiппе)
Оқушыға күнде ерiп,
Жүретiн не?   (Күнделiк)
Ән: «Әліппе»
Жалқаубек:
Иә, әліппеден білім алыпсыңдар ғой! Бірақ сендер тек
әліппемен ғана достасып қойған жоқсыңдар ғой. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар. Менің арқамда сендер математика пәнін толық меңгерген жоқсыңдар, солай ғой?
Б: Жоқ! Математикамен де доспыз!
Мұғалім: -Математика – ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдеріңді көрсетіңдер. (ауызша есеп беріледі, есеп жауаптарынан әліппе, ана тілі деген сөздер шығады)
8+2=10 (Ә)
3+5=8 (л)
8-6=2 (і)
6-5=1 (п)
9-8=1 (п)
10-7=3 (е)
1+8=9 (А)
9-5=4 (н)
5+1=6 (а)
2+7=9 (т)
9-2=7 (і)
7+1=8 (л)
10-3=7 (і)
Мұғалім:
Қане, шыққан сөздерді дауыстап оқиықшы.
Әліппе. Ана тілі
Әліппе:
- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:-Сәлеметсіңдер ме, балалар? Туған елдің тілімін,Ақылымен танылам.Түсіндірер бәрінеАна тілі мен болам.
Ал, сендер қандай бала екенсіңдер?
Б: Талабы биік таудаймыз.Мың бұралған бишіміз.Біз шеберміз.Ақылдымыз.Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.Көп оқимыз.Барлығы хормен: Біз – қазақ елінің болашағымыз.-Балалар, мен, сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін. Алға басар қадамымыз сәтті болсын.
Мұғалім:
Ал, енді, әліппемен қоштаспас бұрын, мектеп директорына сөз берейік. (әліппені аяқтағаны үшін куәлік беріледі).
Диас:
«Әліппем», менің «Әліппем»,
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле, жарықпен.
Зарина:
Қош бол, құтты «Әліппем!»
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Даяна:
Сөйледі ол тіл бітіп,
Небір қызық сырларын.
Тыңдай бердім мен жұтып
Тіл біткен тақпақ, жырларды.
Арта берді кітапқа
Бойымдағы құмарым...
Жалқаубек:
-Ооо, қандай қызық екен? Мен де куәлік алғым келеді!
Мұғалім:
-Ендеше Жалқаубек, сен жалқаулықтан, жаман әдеттерден безіп, әліппеден сауат ашуға, еңбекқорлыққа үйрен.
Жалқаубек:
-Жақсы, онда мен де әліппемен бірге барып, білім алайын.Әліппе:
-Мен де сендермен қоштасамын. Сабақты жақсы оқыңдар!Білімнің көп қой саласы, Әліппе соған  жолбасшыҒылымның қиын жалғасынБасқа кітаптан табарсың! -    Қош болыңдар, балалар! 
Ән: Қош бол,құтты Әліппе!
- Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ата – ана шашу, шашу шашайық,Ақ сандықты ашайық.Бұл мереке, бұл тойдың,Қорытындысын жасайық!!! (шашу шашылады)
Мұнда біреу жымияды қызына,Мұнда біреу ақыл айтар ұлына.Мұнда біреу сөз сөйлейді жараса,Мұнда біреу елтіп отыр жырыма.Ол кім десең,Қуаныштан езулерің жымиған,Ол – ата – ана, әлемдегі сыйлы адам, - дей келе, келесі сөз кезегін ата – аналарға беремін.Мұғалім:Әліппемен қош айтысып қаламыз,Енді қолға ана тілін аламыз.Ата-ана қуанышқа ортақ бол,Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!