Разработка утренника Аналар — асыл жандар, ж?регі жар?ын жандар


«Арулар – асыл жандар, жүрегі жарқын жандар» атты ертеңгілік.
Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру; -анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббатын тарату;-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; -балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру; -өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу;
Әсем безендірілген зал. Әуен қосылады, балалар қол ұстасып кіреді.
Жүргізуші: Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Аяулы асыл аналар!
Армысыздар құрметті ақ жаулықты әжелер, бәйшешектей аналар, қызғалдақтай қыздарымыз, қадірменді қонақтар! Бүгінігі көктемнің алғашқы күні 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз! «Болашақ» мектепалды даярлық тобының «Арулар – асыл жанжар, жүрегі жарқын жандар» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Қар астынан қылтиып шыққан қызғалдақтай болып, келіп қалған, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Балалар мен қазір жұмбақ жасырамын, барлықтарың шешіп көріңдер.
Жұмбақ жасыру:
Қар еріп, су көбейіп,
Сай – салаға қашады.
Ағаш басы бүршік жарып,
Гүл бәйшешек ашады.
Достарым, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Көктем мезгілінде.
Жүргізуші: Көктем мезгілінде қандай мерекелер болады?
Балалар: 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні, Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар.
-Балалар мен сендерге мақал – мәтелді бастаймын, сендер аяқтайсыңдар.
Мұқият тыңдаймыз, мақалды аяқтаймыз.
Мақал – мәтелдер:
1)Баланың ұяты әкеге,Қыздың ұяты шешеге.
2)Сөз анасы – құлақ,
Су анасы – бұлақ.
Жүргізуші: Олай болса, құрметті аналар, қонақтар Қанатұлы Әбілсейіт пен Байркенова Жанельді «Анашым» әнімен тамашалаңыздар!
Ән: «Анашым»
Жүргізуші: Құрметті әжелер, балаларыңыздың сіздерге арнап жаттаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Әжелерге арналған тақпақтар:
Нұртуған: Әрбір сөзі өсиетті,
Баға жетпес ақ әжем.
Аман – есен жүріңізші,
Бар тілегім сол әжем.
Жанель:Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған.
«Алтыным» - деп мақтаған,
Айналайын ақ апам.
Әбілсейіт: Еркелесем күлімдейді,
Ұрысқаны білінбейді.
Маңдайымнан иіскем мені,
«Құлыншағым, күнім» - дейді.
Жүргізуші:Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп әлі де,
Жүзге жетсін жасыңыз.
Қане, балалар, ақ жаулықты әжелерімізге арнап «Асыл әжем» әнін орындап берейік.
Ән: «Асыл әжем»
Жүргізуші: Ал енді, ару аналарымыз сіздермен қызықты ойын ойнағымыз келіп тұр.
Ойын: «Көзіңді жұм да, таны»
Ойынның мақсаты: Аналардың тапқырлығы, байқампаздығын анықтау.
Ойынның шарты: Ортаға үш ұл және аналар немесе әжелері шығады. Аналардың көзі байланады, ұлдар орындары ауыстырылып қойылады да көзі байланған ұлдардың аналары, өз ұлын қалай да болса танып алуы керек. Жеңімпаз ана «Тапқыр ана!» дипломымен марапатталады.
Жүргізуші: Жарайсыздар, аналар. Өте керемет ойын болды.
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып – тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алыңыз! - ару қыздарымыздың орындауында «Ханшайым» биін тамашалаңыздар.
Би: «Ханшайым»
Жүргізуші: Ал енді, аяулы аналар, қыздар сіздермен қызықты ойын ойнап жіберейік.
Ойын: «Өлеңнің жалғасын айт»
Ойынның шарты: Бір топтың аналары мен қыздарын ортаға шақырамын. Бірінші топ аналары мен қыздары өлеңді бастайды, екінші топтың аналары жалғастырып кетуі керек, келесіде керісінше екінші топ аналары мен қыздары ән айтады да бірінші топ жалғастыру керек. Ерекше көзге түскен ана немесе қызымыз «Әнші, ана!» «Әнші, қыз!» дипломымен марапатталады.
Жүргізуші: Гүлдей құлпырған аналар балаларыңыздың арнайы сіздерге арнап жаттаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Ерке: Еркелеймін, шаттанам,
Жарқын күлкің бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйейін,
Келші, келші ақ мамам.
Әбілсейіт: Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Еркежан: Ата деген – асыл жандар, болаттай,
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл – ойды тонатпай
Елдана: «Әдепті бол деп - құлыным»
Жақсылығын аямаған.
Қызығымды көрші тек,
Өмір бойы, жан анам.
Барысбай: Күнде осылай шыдамай,
Қарсы аламын анамды.
Құшақтаймын қуана,
Ең әдемі адамды.
Айша: Жақсы көрем күлкіңді,
Айналайын ақ анам.
Менің анам сүйкімді,
Бәрінен де жақсы адам.
Қайрат: Ең жақсы сөз – ана,
Ең жақсы сөз – бала.
Өсіп жаста бала,
Аман болсын ана!
Аман болсын бала!
Альмира: Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе,
Мейірімді күннен де.
Ерасыл: Бәрімізге анасын,
Біз үшін гүл боп жанасын.
Құттықтаймын анашым,
Құтты болсын мерекең.
Алина: Мамочка родная,
Я тебя люблю.
Нет на свете лучше,
И милее глаз.
Нұрай: Қуанышы ананың,
Қуанышы баланың.
Бізді өсірген анашым,
Еңбегін де зор екен.
Аружан: Первые подснежники,
Я тебе дарю.
Руки твои ласковые,
Очень я люблю.
Ну как же это здорово,
Что ты есть у меня!
Нұрболат: Әрбір сөзді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Карина: Мамочка родная,
Я тебя люблю.
Все цветы весенние,
Тебе я подорю.
Ділнар: Үн қатасын бал тілмен,
Еркелеймін әр күнмен.
Құттықтаймын анашым,
8 наурызбенен.
Жанель: Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген, өсірген,
Айналайын анашым.
Жүргізуші: Мама — это значит нежность,Это ласка, доброта,Мама — это безмятежность,Это радость, красота!Мама — это на ночь сказка,Это утренний рассвет,Мама — в трудный час подсказка,Это мудрость и совет!Мама — это зелень лета,Это снег, осенний лист,Мама — это лучик света,Мама — это значит ЖИЗНЬ!
Қане, ару қыздарымызды Аружан, Карина, Алинаны «Пусть всегда будет солнце» әнімен ортаға шақырамыз.
Ән: «Пусть всегда будет солнце»
Жүргізуші: Анасыздар, әр үйге панасыздар,Бала десе от болып жанасыздар.Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Сері жігітіміздің ойынан бір қыз кетпей жүр екен. Қанекей, олай болса ол сері жігітіміз кім екенін өздеріңіз тамашалаңыздар.
Ән: «Төрешің»
Жүргізуші: Мың бұралып билеген,
Аруды кім сүймеген.
Күміс күмей аруларға,
Кімдер басын имеген – дей отырып, Ержомарт Еркені «Губки бантиком» биімен қарсы алыңыздар.
Би: «Губки бантиком»
Ойын: «Су тасы»
Ойынның шарты: Екі орындыққа кесеге құйылған су қойылады, келесі бетте екі орындықта бос кеселер тұрады. Аналар қасықпен тасып, бірінші кеседегі суды төкпей, шашпай екінші кесеге құю керек. Суды әдемі тасыған ана «Епті ана»дипломына ие болады.
Жүргізуші: Қамымды ойлар күн- түні,
Анам- менің көктемім.
Ақтай алсам, үмітін,
Арманыма жеткенім.
Құрметті аналар, ақ жаулықты әжелер назарларыңызда «Қолшатырлар» биі.
Би: «Қолшатырлар»
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар.
Ойын: «Биле, биле»
Ойынның шарты: Бір топтың аналары би бастайды, екінші топтың аналары жалғастырып кетуі керек, келесіде керісінше екінші топ аналары би бастайды да бірінші топ жалғастыру керек. Ерекше көзге түскен ана «Биші ана!» дипломымен марапатталады
Жүргізуші: Құрметті қонақтар Қайрат, Әбілсейіт, Барысбай ұлдарымыздың қыздарымызға арнаған «Шоқ қыздар» әнімен қарсы алыңыздар!
Ән: «Шоқ қыздар»
Ойын: «Мақалдың жалғасын айт»
Ойынның шарты: Бір топтың аналары мақал бастайды, екінші топтың аналары жалғастырып кетуі керек, келесіде керісінше екінші топ аналары мақал айтады да бірінші топ жалғастыру керек. Ерекше көзге түскен ана «Мақалшы, ана!»дипломымен марапатталады
Жүргізуші: Как хорошо, когда есть мама,
Ее улыбка – так чудестна.
Когда она всегда есть с нами,
Друзья, ведь это так прелестно.
Құрметті аналар, біздің сұлу қыздарымыз Аружан, Карина, Алинаның орындауында «Мама» әні. Қарсы алыңыздар.
Ән: «Мама»
Жүргізуші: Аналар мерекелеріңіз құтты болсын! Келесі кезекті биге берейік.
Ал, «Мамина сердце» биін тамашалаңыздар!
Ойын: «Сурет сал»
Ойынның шарты: 2 ананы шығарамын. 2 ананың көздерін шарфпен байлап, алдына ақ парақ пен фломастер беріледі. Сол ақ параққа аналар әдемі гүл салуы керек. Гүлді әдемілеп салған ана «Суретші ана» атанып, дипломмен марапаттылады.
Жүргізуші:Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.  
Ұлыңызды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз! – дей отырып, ұлымыз Әбілсейіттің анасына арнаған тартуын қабыл алыңыздар.
Ән: «Әйел ана»
Жүргізуші: Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Аналарды ардақтап,
Әдеппен бас иеміз!
Ардақты әжелер, асыл жанды аналар қыздарыңыздың «Көктемгі вальс» биін тамашалаңыздар.
Би: «Көктемгі вальс»
Ойын: «Шынықсаң шымыр боласың»
Ойын шарты: Жерге үш қатар газет төселеді де ортаға шыққан үш ана сол газеттердің үстімен жылдам жүріп келесі бетке өтуі керек те келесі беттегі есепті шығарып кері қайтуы қажет. Алғашқы боп жеткен ана «Спортшы ана»дипломына ие болады.
Осы балабақшада істейтін барлық апайларды 8 наурыз мерексімен құттықтаймыз. Ен бірінші балабақша меңгерушісі Ержомарт Меруерт Аскербекқызына алғысымыз шексіз!
Жүргізуші: Ана- деген жан екен,
Ана- деген ән екен.
Ұстаз- ана, мерейің,
Үстем болсын әрдайым! – дей отыра, Қанатұлы Әбілсейіт пен Байркенова Жанельді «Мереке» әнімен ортаға шақырамыз.
Ән: «Мереке»
Жүргізуші:
Ертеңгілік соңында аналарымызды, ақ жаулықты әжелерімізді дипломмен марапаттауға рұқсат етіңіздер.
Осымен, «Арулар – асыл жандар, жүрегі жарқын жандар» атты ертеңгілік аяқталды. Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігі
«Арулар – асыл жандар, жүрегі жарқын жандар» атты ертеңгілік
Өткізген: Касымова С. Қ
Бозанбай ауылы 2016 – 2017 оқу жылы