«Ана – г?л, ана – жыр, ана – ?мір шуа?ы» аналар мерекесіне арнал?ан сценарий


Аналар мерекесіне арналған мерекелік сценарийі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру -анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту -ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру -балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру -өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Ертеңгіліктің барысы: Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар, қасиетті аналар! Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Бегарыс: Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін Мерекелі осы күн!
Арман Сәлеметсің бе Алтын күн! Сәлеметсің бе Жер ана! Сәлеметсің бе көк аспан! Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Нұршат Бүгінгі көктем күнінде, Барлық адам қуанар, Аналарды мейраммен Құттықтайды балалар.
Жаңыл Мен үшін не керек – бәрін іздеп табасың. Айналайын анашым, жұмысыңа барасың. Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.
Ернат: Қандай бала болмайық, Анамызға балдаймыз, Көтерейікші көңілін Ән салайық бәріміз. Ән 3-4 сынып ән «Анашым»
3-4 сынып тақпақ
2 сынып «Бала тілегі»
Жүргізуші:
Алатаудың ақ қарындай,Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.Қалайша аяулы ана тына алармын,Ән болып сағыныштан ақтарылмай, -  деп абзал аналарымыздың құрметіне ән мен биРинат ән «Мама»
1 сынып би «Мама» (Сыйлықтарын береді барлық сыныптар)
2 сынып ТАҚПАҚ
Жүргізуші: « Әндер сақинасы» (караоке «Ана туралы жыр»)
1 сынып тақпақ
Жанболат: Ақ қабақты анашым Күн сәулелі анашым. Әлпештеген баласын, Айналайын анашым. Нұраслан: Әр сөзімді жаттаған, Жүрегімде сақтаған. Анашым деп мақтанам, Айналайын ақ анам!
Райхан Анамды мен жақсы көрем, Айтқан тілін алып жүрем. Қасымда анам жүргенде, Шаттанып ойнап- күлем! Нұрсайын: Ой балалар, балалар Ойналық та күлейік Қане енді бұралып Би билеп те берейік 1-4 сынып би «ҚУЫРШАҚТАР»
2 сынып Айым «Әже»
Ойын ата-аналармен «Сұрақ-жауап» “Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар”
Ал аналар сайысқа қалайсыңдар?Сендер өтер әлі де талай сын бар,Тапсырма ал қоржыннан қысылмай кеп,Жауап берсеңдер сұраққа, жарайсыңдар!
№1.Алғаш көктемде бүр жарып шығатын қандай гүл? (бәйшешек)
№2.Қалтасы бар жануар, ол қай жерде мекендейді? (кенгуру.Австралия)
№3.Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
№4.Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой, ешкі)
№5.Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)№6.Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)
№7.Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
№8.Нанның кептірілген бөліктері (сухари)
№9.Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын, тігін машинасы)
№10.Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)
№11.Тістегі пломбаны тартып шығыратын кәмпит (ирис)
№12.Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны? (шелпек)
Жүргізуші:
Мектебіміздің балалары сіздерден қалыспайдыӨнерін көрсетуге ешқашан жалықпайды
Ән «Ел жатқанда жатпаған» 1-2 сынып
Махаббат ән «Ана Әке»
Жүргізуші:
Ал келіңдер, келіңдер,Бір - біріңе еріңдерБілімдеріңді тексеріпБір таласып көріңдер — деп аналарымызды мақал - мәтелдердің жалғасын табуға шақырамыз!1. Ана үйдегі бақӘке отыратын тақ2. Анасыз бала ұйықтамайдыҚатықсыз айран ұйымайды3. Анасын көріп қызын алТабағын көріп асын іш4. Анаға қарап қыз өсерАтаға қарап ұл өсер
5. Ана сүтін ақтамағандыЕшкім жақтырмайды6. Ана ақылды болса — үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы
1-2 сынып ән «Еркелетсем күлімдейтін»
3-4 сынып флешмоб
Рабиға. Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.Өзің мына сыйға берген өмірдеАқ сүтіңді ақтап өту - арманым.Барша ана, құтты болсын мерекеңізӘрқашанда ана сізбен берекеміз.Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.Сонда біз кісілікке теңесеміз. - дей отыра біз мерекемізді аяқтаймыз.
Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сауболыңыздар!