Аналар асыл жандар! Халы?аралы? ?йелдер к?ніне арнал?ан мерекелік концертті? ба?дарламасы


Аналар асыл жандар !
Сабақтың мақсаты: Балаларды мейірімділікке, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Аналарының өлшеусіз еңбегін бағалауға үйрету. Еліне, Отанға деген балалық
махаббатын арттыру. Барысы: Жүргізуші
Армысың, аяулы аналар,қыздар!Жайнасын көңілдердің жасыл бағыСіздер үшін ән мен күй, өлең мен биСіздер үшін мереке шашулары
Бүгінгі мерекелік құттықтау сөзі Шұбар ауыл округінің әкімі Естемесов Ақылбек Әкімбекұлына беріледі.
Келесі сөз кезегі мектебіміздің директоры Қазақбаева Анар Орынтайқызына және кәсіподақ ұйымының төрайымы Танкакова Қарлығаш Нүсіпбекқызына беріледі .«Балауса » балабақша бүлдіршіндерінің орындауында биды қабыл алыңыздар
Жүргізуші
Әлемнің жарығынСыйладың сен мағанДаланың әр гүлінЖинадың сен маған Ән: « Анашым » орындайтын 1 а сынып оқушысы Нурахметова АйзатЖүргізуші Көктемді қанатына қондырып, жан жылуын көкірегіне толтырып, әйел – аналардың дәстүрлі мерекесі – сегізінші наурыз да келіп жетті.Өздеріңізді анадай шуақты құлпырған қызғалдақтай әсем мерекелеріңізбен құттықтаймыз!«Балауса » балабақша бүлдіршіндерінің орындауында «Әжемнің шайы» әнін қабыл
алыңыздар
Жүргізуші
Бүкіл әлем аналардың ақ сүтінен нәр алғанБүкіл әлем аналардың үмітінен таралғанӘлемде сен болмасаң осылайшаТуар ма еді жүрегімде биік мақсат, игі арман
Би: «Арулар» тобының орындауында қазақ биін қабыл алыңыздар / 3 а/Жүргізуші
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттымТәтті ұйқыңды бөліп талай тіл қаттыңӨміріме нәрін берді ақ сүтіңКең құшағың – аясындай гүл бақтың Ән: «Ақ дидарлы анашым » орындайтын 3 сынып оқушысы Мусаева Ақбота Жүргізуші Мен өзіңмен қайда болса біргемінМахаббатың жүрегімде жүр меніңКүн нұрындай жадырай бір күлгеніңҚандай жақсы ортамызда жүргеніңСияқты бір жаздың сұлу нарт гүліҚұлпырады бүгін міне наурыз күніОсы күні тасып сенің көңіліңЖас жүректен шықты шалқып шат үні
Би: «Қызғалдақтар » тобының орындауында Түрік биін қабыл алыңыздар. /5 а /
Жүргізуші Қуанып көз алдымда жүргеніңеҚұмарсың менің келер күндерімеО, ана, жетсе екен бар өміріңҚартайған шағымды да бір көругеКүнде той бола бермес дәл осындай,Тыншымас көңіл бақыт жол ашылмайӨмірде саған жақын адам болмасТөрт бөлген түн ұйқысын анашыңдай
Ән: « Ана жүрегі » орындайтын 8 а сынып оқушысы Қуанышбаева Зарина
Жүргізуші
Көңілің Алатаудың ақ қарындайМейірімің күннің шуақ шақтарындайҚалайша аяулы ана тына алармынӘн болып сағыныштан ақтарылмай- дей келе мектебіміздің қыздарына арналған әсем әнің қабыл алыңыздар
Ән: « Ана-Әке » орындайтын 10 а сынып оқушысы Мусаев Арлан
Жүргізуші Сенен өскен балаларБатырлар мен даналарҚұттықтаймыз мейрамменҚұрметті абзал аналар! Ән: « Шақырады көктем » орындайтын Сағындыкова Адель
Жүргізуші
Ана – адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде, әр үйде мейірім мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам. Ана! Ол біздің елде ардақты адамКіші де, үлкені де ардақтағанӨзінің аяулысы Отанын да«Ана» деп біздің халық текке айтпаған Би: Испан биі орындайтын «Гүлдер» тобы
Жүргізуші
Өмірде ана бақыт, ана – пана,Өмірді өркендетер ана ғанаӨсірген талай көсем, талай шешенТалай ер, талай ақын, талай дана. Ән: « Асыл әжем » орындайтын Октябрь Әдемі
Жүргізуші
Ана дейміз бәріміз де аңқылдапАна дейді жас сәби де жарқылдапАна деген бәйтерегі өмірдіңАна деген алтын қазық, алтын бақ Ән: «Қыздар» орындайтын Болатхан Меруерт
Жүргізуші
Адамдықтың ашқан соң қақпасын кепТуған елің сүйсіне мақтасын депПәк сезіммен тілеймін адамдардыАнасының ақ сүтін ақтасын депБи: Қыдырбай Ажар орындауында қазақ биін қабыл алыңыздар. / 10 а /
Жүргізуші
Өмірге ана – бұлақ, ана – пана,
Өмірді өркендетер ана ғана,
Өсірген талай көсем, талай шешен.
Талай ер, талай ақын, талай дана.
Ана! Ол – біздің елге ардақты адам.
Талай ер, талай ақын, талай дана.БИ: Асембай Салтанаттың орындауында Қара жорға биін қабыл алыңыздар. / 8 а /
Жүргізуші
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарынЖүрегіңе жүрегімді жалғадымӨзің мына сыйға берген өмірдеАқ сүтіңді ақтап өту арманым – деген жыр жолдарымен бүгінгі «Аналар асыл жандар!»
атты мерекелік концертіміз аяқталды .Келіп,көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рақмет.