8 наурыз — халы?аралы? ?йелдер к?ніне арнал?ан мерекелік концерт сценарийі «Г?л ?ссе — жерді? к?ркі, ?ыз ?ссе — елді? к?ркі»


Макинск қаласының №2 мектеп гимназиясы
8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне арналған
мерекелік концерт сценарийі
«Гүл өссе - жердің көркі,
Қыз өссе - елдің көркі»
Дайындаған:
бастауыш сынып мұғалімі Азнабаева А.Т.

Өткізілген мерзімі: 06. 03. 2013 ж.
Сыныбы: 1 «ә»
Мақсаты:   Әйелдің табиғи сұлулығын сақтауға баулу, біздің заманымыздың қыздары өзінің сұлулығымен бірге жан сұлулығын және тән сұлулығын сақтауға үйрету. Ұлдарға қыздарды құрметтеп, қолдап жүруге тәрбиелеу. Эстетикалық сезімін ұғындырып, жетілдіру.
Көрнекілігі:  оқушылар жасаған қолөнер бұйымдары, плакаттар, суреттер, биге арналған реквизиттер, үнтаспа.
Әдістер: Сұрақ-жауап, практикалық, концерттік номерлер.
Түрі: мерекелік концерт
 
Сабақтың барысы
«Халықаралық әйелдер күні мерекесі» тақырыбына сәйкес безендірілген сыныпқа ата-аналар мен қонақтар келіп жайғасады. Аудиторияда оқушылардың еңбек сабағында орындаған «Көктем» тақырыбындағы қолөнер жұмыстарынан көрме ұйымдастырылған: панно, аппликация, папье-маше. Әр бұйымның тұсында оқушының аты-жөні белгіленген.
Салтанатты ашылу. Мұғалімдердің құттықтау сөзі.
Мұғалім:
Армысыздар ару қыздар, абзал ана,
Анаға тең келетін бар ма дана?
Мерекең бүгінгі күн құтты болсын,
Қуанышпен құшақтарға гүлдер толсын!
Оқушы қыздардың әрқайсысына өлең жолдарын арнап, таныстыру жасап ортаға шақырады.
Оқушы қыздар алдын-ала үйретілген дефиле элементтерін орындап музыка сүйемелімен келіп орындарында билеп тұрады.
Мұғалім:
Біздің қыздар өте сымбатты, әдепті, ақылды. Қош келдіңдер! Қанеки жігіттеріміз де орындарына жайғассын. Келесі кезекті балалардың аналарына арнап дайындаған әніне берейік.
Ән «Анашым»
Мұғалім:
Өте тамаша ән, рахмет! Құрметті аналар, енді біздің сынып оқушылары қолдарынан жасаған әдемі сыйлықтарын сіздерге табыс етеді.
Сыйлықтарын сыйлау рәсімі. Музыкамен әр оқушы кәдесыйларын ұстап тізіліп тұрады. Тақпақтарын мәнерлеп оқиды да өз қолдарымен безендіріп жасаған құмыралар мен білезіктерді аналар мен қонақтарға сыйлайды.
Мұғалім:
Тамаша, жарайсыңдар балалар. Өлең шумақтарын мәнерлеп оқып бердіңдер, рахмет. Біздің сынып оқушылары ақылды, әдепті, сонымен қатар, шебер екен. Келесі кезекте қыздардың орындауында «Оюлар» биі. Қарсы алыңыздар!
Би «Оюлар» Қыздар мұғалімнің айтып тұрған ою атауларын би қимылдарымен көрсетіп орындайды.
Мұғалім:
Қандай жақсы би билеп бердіңдер, рахмет. Адема деген сұлу қызымыз сіздерге жеке орындауда «Бала тілегі» деген әнін орындап береді.
Ән «Бала тілегі»
Барлық балалар тұрып билеп әнге қосылып тұрады.
Мұғалім:
Аналар өз балаларын әртүрлі әдемі сөздермен атап еркелетеді. Мысалы, құлыным, жаным, ботақаным.
Сұрақ-жауап, әр бала өз анасы оны қалай атап еркелететіні туралы айтады.
Мұғалім:
Ал енді Нұрсұлу бізге төрт түлік мал өздерінің төлдерін қалай жақсы көретіні туралы айтып бергісі келеді.
Тақтадағы ілініп тұрған суреттегі төрт түлік малдың әрқайсысын көрсетіп тақпағын мәнерлеп оқиды.
Мұғалім:
Рахмет, Нұрсұлу, өте жақсы айтып бердің. Келесі кезекте, Жансаяның орындауындағы әнді тамашалаймыз. Жансая музыка мектебіне барып, домбыра сыныбында оқиды.
Ән «Құттықтаймын мама»
Мұғалім:
Тамаша, қандай әдемі ән орындап берді! Ал енді біздің қыздар «Көктем гүлдері» деген биін билейді.
Би «Көктем гүлдері»
Қыздар қолдарына әдемі гүлдерін алып би орындайды.
Мұғалім: Осымен халықаралық әйелдер күніне арналған шағын мерекеміз аяқталды. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!