«Бала т?рбиесіндегі жетістік –мектеп пен отбасы ынтыма?тасты?ында» (Ата-аналар?а арнал?ан workshop)


«Бала тәрбиесіндегі жетістік –мектеп пен отбасы ынтымақтастығында»(Ата-аналарға арналған workshop)
Уақыт Жүру барысы Күтілетін нәтиже Керекті ресурстар
2 мин Ұйымдастыру бөлімі:
Туш- әуен ырғағында workshop-тың мақсаты хабарланады. Барлық қатынасушылар басқосудың мақсатымен танысып, қандай мәселе талқыланатымен хабардар болады Музыка
10 мин Топтық тапсырмалар таратылады
-«Сіз қандай ата-анасыз?»,
-«Ұстаз бен ата-ана арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек?»
Ата-аналар топта бір мақсатта жұмыс істейді;
Ата-аналар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды; Тест сұрақтары, микрафон
10 мин «Суретті тест» әдістемесі
Мектеп психолгі ата аналарға үйдің, гүлдің, жолдың, жыланның, ағаштың, шалбар мен орамалдың суреттерін салуды тапсырды
Ата-аналардың өздері салған сурет арқылы жанұясында алатын орны мен мінез-құлық ерекшеліктерін тани білуі арқылы шынайы көңіл-күй қалыптасады;
Ата-аналар мен ұстаздар арасында ашықтық пен құрмет қалыптасады А3 ақ қағаздары, фломастерлар
10 мин «Жанұядағы Ананың орны»
«Жанұядағы Әкенің орны»
«Жанұядағы Ата мен Әженің орны»
Жағдаяттар арқылы ата-аналардың түсінік-пікірін сахналау ақылы жеткізуі

Ата-аналар арасындағы ынтымақтастық шығармашылыққа ұласады;
Сахналық қойылым дайындайды, образға енеді, сол ақылы ата-ана мен мектеп арасындағы байланыс жақындай түседі.
Дайын жағдаяттық мәтіндер
3 мин Флишмоб
Ата-аналар бала тәрбиесінде уақ-түйектің болмайтынын анық түсінеді;
Баланы заманына сай тәрбиелеу үшін заман ағымынан өзінің де шет қалмауы керектішін сезінеді;
Музыка
10 мин «Мінсіз мұғалім, ол қандай?»,
«Мінсіз оқушы, ол қандай?»
«Мінсіз ата –ана , ол қандай?»
Постер қорғау

Ата-ана – мектеп – оқушы
міндеттерін ажырата отырып,
өзара түсінушілік пен ынтымақтастық атмосфера орнайды;
Ватман қағаздар, фломастерлар, маркерлер
6 мин «Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың алдын алу» - тренинг

Баланың көңіл күйі төмен болып, ашу шақырған кезде үлкендер қандай іс-әрекетке бармау керек, ашу бақылаудан шығып кеткенде қайда апарып соқтырады, суицидтік мінез-құлықтың қалай алдын алу керек т.с.с. педагогикалық-психологиялық түсінік-білімдері кеңиді Әр түрлі шарлар
5 мин
Кері байланыс


«Екі жұлдыз, бір тілек» ата-аналар мектеп өмірінде үлкен өзгеріс бар екенін сезінді және соны қолдайтындықтарын бідірді;
жаңаша оқытудың мақсаты мен міндеттері, ерекшеліктері туралы түсінік алды;
жаңаша оқу – балаларын жетістікке жеткізетін қадам екенін ұғынды;



.
Ұйымдастыушылар: Исатай орта мектебі «Өркен» кәсіби қоғамдастық мүшелері
Гумарова Ағзия Зулхарнаевна Атырау облысы Исатай ауданы Исатай орта мектебінің «Өркен» кәсіби қоғамдастығының менторы
Хаттама №3
29.01.2015 жылы Исатай орта мектебінде «Сенімділік – өзін-өзі бағалау арқылы табысқа жетудің алтын кілті» тақырыбында І (ілгері) деңгей көшбасшылары Гумарова Ағзия, Молдағалиева Светлана, коуч Бибігүл Нұрмұханның ұйымдастыруымен коучинг өткізілді. Коучингке 11-сынып оқушылары, ата-аналары, пән мұғалімдері, мектеп психологі және аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинет жетекшісі Махсотов Ерлан Ескендірұлы, аудандық білім бөлімі әдіскерлері Хамзина Шолпан Ғарифоллақызы, Телешова Жанар Мұқышқызы қатынасты.
Коучинг мектеп директоры Хайруллина Ұлбосын Садыққызының қонақтарға қош келдің айтуымен басталып, «Өркен» кәсіби қоғамдастығының модераторы Гумарова Ағзияның коучинг барысына сәттілік тілеуімен ашылды.
Алдымен мектеп психологі Кемелова Құндыз ұйымдастырған «Қимыл-қозғалыс арқылы көңіл-күй көтеру» тренингі жылы да шырайлы орта қалыптасуына игі әсерін тигізді. Коуч мұғалім Бибігүл Байболатқызы «Екі бақа» видеоролигін көрсете отырып, жетістікке жетудің ең басты қадамы- мақсат қоя білу мен тынымсыз еңбек ету екенін оқушылар мен ата-аналарға, ұстаздар мен қонақтарға ұқтыра отырып,Ұлттық Бірыңғай Тестідегі басты мақсат жоғары нәтижеге қол жеткізу жолындағы кедергілер мен мүмкіндіктерді анықтау үшін келесі кезекті әріптесі Молдағалиевыа Светланаға жолдады. «Фишбоун» әдісі арқылы оқушылар осы таңда өздеріне кедергі болып отырған мәселелерді анықтап, одан шығудың жолдары мен мүмкіндіктерін жасады. Ата-аналар балаларының жетістікке жетуіне қолдау білдірсе, ұстаздар тобы бұл оқушыларға сенімділік білдіре отырып, биылғы ҰБТ-дағы өздерінің болжамдарын білдірді.
Келесі кезекте Гумарова Ағзия «Ассоциация» әдісі арқылы «Алтын сандық» ішіндегі ресурстарға талдама жасауларына мүмкіндік беріп, олардың ҰБТ ережесін қаншалықты білетіндіктеріне сынақ жүргізсе, ұстаздар тобына «Мүмкіндік» тақырыбында тәмсіл құрастырып, өз ойларын флипчартқа түсіріп, оқушыларға ҰБТ жетістігі үлкен өмірге қадам басардағы маңызды белес екендігін сезінулеріне, сол мүмкіндікті тиімді пайдалану әр оқушының өз қолында деген ой түйіндеуіне алып келді. Ал ата-аналар өздеіне берілген иллюстрациялық суреттерден «Уақыт –асыл қазына» тақырыбында ой толғау құрастырып, сол арқылы Уақыттың қатал сыншы екендігін, оның қаталдығы – ешқашен қайта оралмайтындығында және ешқашан ақшаға сатылмайтындығында екендігін айта келіп, өмірдің әр минутын мәнді де мағыналы өткізу – бұл әркімнің міндетьі деген тұжырымдарын білдірді.
Коучингті ұйымдастырып және жүргізіп тұрған Бибігүл Байболатқызның ұйымдастыруымен коучинг соңында ата-аналар балаларын қолдау көрсетудің бір үлгісі ретінде олардың ойлау, еске сақтау, жадын жаңартуға әсері мол жеміс-жидектер тарту етсе, ұстаздар әр оқушыға Сенім білдіріп тілек-хаттарын жолдады. Оқушылар есте сақтау мен жадыны жаңартуға арналған тапсырмалар орындап, соңы «Көңілді күн» әніне бой сергітумен аяқталды.
Рефлексиялық бөлімде Исатай аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет жетекшісі Махсотов Ерлан Ескендірұлы ұжымға, ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдіріп, «өте жақсы» деген бағасын берді. «Коучинг барысында оқушылар мен ата-аналардың ҰБТ-ның мақсаты мен міндетін, жауапкершілігін толықтай сезініп отырғанын, ата-ана- оқушы- ұстаз арасындағы бірлескен жұмыс өз нәтижесін беретініне сенемін» деген пікірі оқушыларға үлкен міндет артса, ата-аналар мен ұстаздарға жауапкершілік жүктеді. Коучинг соңында ІІІ деңгей курсынан өткен сынып көшбасшысы Дөкенова Гүлзаданың ұйымдастыруымен 11–сыныптың қабілетті оқушылары коучинг барысынан шағын метражды фильм құрастырып, өздерінің ақпараттық құзыреттіліктерін танытты.
«Өркен» кәсіби қоғамдастығының хатшысы Дүсіпова Гүлфайрус