?зін-?зі тану п?ні: Жалпыадамзатты? ??ндылы?тар отбасылы? т?рбиені? негізі


Бекітемін: Ө.Дүйсәлі
Ата-аналар жиналысының жоспары
№ 1мектеп-гимназия Сынып:1-11 аралығындағы төрағалары
Мерзімі: 8.10.2016жыл Ата-аналар саны: 10
Мұғалім: Матжанова Айнұр
Жиналыстың тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтар отбасылық тәрбиенің негізі
Мақсаты:
Жалпыадамзаттық құндылықтарды отбасылық тәрбиедегімаңыздылығын түсіндіру арқылы рухани адамгершілік қасиеттерін байыту.
Міндеттері:
1.Жалпыадамзаттық құндылықтар ретінде түсініктерін кеңейту
2.Балаларды рухани – адамгершілікке баулудағы ата-ананың ролін, төзімділігін қалыптастыру
3.Отбасында бір – бірін аялауға, құрметтеуге, қиыңшылықты бірге жеңуге және т.б. асыл қасиеттерге тәрбиелеуРесурст ар: (материалдары, көздері) слайд, плакаттар, сурет салу құралдары, музыка
Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, ата-аналарды орналастыру
Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан- жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге,тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын »
Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!
Қандай сезімде болдыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер.
Танысу жаттығу: «Менің сүйкімді есімім»
Жоспар:
1.Ата-аналармен байланыс өзін-өзі танудың негізгі шарты
2.Балалардың мінез-құлқына әсер ететін ата-аналардың қарым-қатынас типтері
3.Бала тәрбиесіндегі ананың ролі
4.Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі Бейнефильм: «Әке мен сенің бір сағат уақытыңды сатып алайыншы»
Талдау:
1.Осындай жағдайға әкелуіне не себеп деп ойлайсыздар?
2.Бала тәрбиесімен тек бір адам ғана айналысуына сіздің пікіріңіз? (әке немесе шеше)
3.Сіздің отбасыныңда осындай жағдай кездесті ме? 4.Болған жағдайда сіз қалай шешесіз? Шығармашылық жұмыс:
I – плакаттан жасалған ағаштың бейнесін бала тәрбиесіне қатысты мақал-мәтелге толтыру
II – плакаттан жасалған жүректің бейнесіне «Бақытты отбасын суреттеу»
III – плакаттан жасалған күннің суретіне балаларыңыздың бойынан көргілеріңіз келетін асыл қасиеттер топтамасын құру Топпен ән айту: «Әке-Ана»
Автор:Әбдіжаппар Әлқожа
Жанашырым ана дара шыным ана Бар асылым ана шуағымсың Бағбанымсың әке зор бағымсың әке Қорғанымсың әке шырағымсың Ана аяулым өзіңмен мақтанамын Ана мен сені Меккеге апарамын Ана баланың қолдаған бақ талабын, Бұлағымсың Әке бір жылы сөзіңе шаттананым Әке мен сені Меккеге апарамын Әке биекке самғатып баптағаның Шынарымсың әке Өмір берген маған, көңіл бөлген маған Сенім берген ай күнімсің Қамқорларым дана сүйенішім дара Әке мене ана байлығымсың Ана аяулым өзіңмен мақтанамын Ана мен сені Меккеге апарамын Ана баланың қолдаған бақ талабын, Бұлағымсың Әке бір жылы сөзіңе шаттананым Әке мен сені Меккеге апарамын Әке биекке самғатып баптағаның Шынарымсың әке
Үйге тапсырма: Қандай жағдай болмасын балаңызға қолдау көрсетіп, жылы сөздеріңізді аямаңыздар. Соңғы тыныштық сәті:
Баяу музыка қосылады
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді, барлық ізгілікті қасиеттер мен іс - әрекеттерді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Матжанова Айнұр