Жаратылыстану п?нінен саба? жоспары Ж?лдызды аспан 5 класс


Пәні: Жаратылыстану Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды аспан. Жұлдыздар жүйесі. Сабақтың мақсаты: Күтілетін нәтиже: 1. Жаңа білім алады. 2. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды. 3. Қызығушылықтары артады. 4. Сыни ойлау дағдылары қалыптасады. Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Дифференциация Бағалау Ресурстар Ұйымдастыру Амандасу тренингі Оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу Амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді. Топқа бөлінеді. Әр топ топ басшысын, хатшысы, репортер, тәлімгер сайлайды. «Гүлдер» тренингі (оқушылар қағаздағы әр түрлі гүлдерді алу арқылы өз топтарын айқындайды. Үй тапсырмасын сұрау: Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру. Адамдар қандай әдістерді қолдана отырып, табиғатты оқып үйренеді? Бақылау қалай жүргізіледі? Тәжірибе жасау дегеніміз не? Өлшеу арқылы нені білеміз? Оқушылар сұрақтарға жауап береді: Табиғатты оқып үйренудің бірнеше әдістері ба: бақылау, тәжірибе, өлшеу. Бақылау қазіргі кезде арнайы аспап-құралдар арқылы іске асады.Өлшеу арқылы адамдар көптеген денелердің көлемін, ауданын, арақашықтығын анықтайды. Жердің ауданы, күннен және айдан арақашықтығы, таудың биіктігі, теңіздердің, мұхиттардың тереңдігі, т.б. Сұрақ-жауап әдісі, диалог Жаңа сабақ: Миға шабуыл: Жаңа сабақты хабарлау. Тақырыппен танысуға 10 минут уақыт беру Оқушылар өз беттерімен тақырып мазмұнымен танысады, бір-біріне топта айтып түсіндіреді. Өз бетімен білім алу, көшбасшылық, дарындылық қабілеттері байқалады. Мағынаны тану: Оқушыларға ес картасын беру, қажетті құралдамен қамтамасыз ету. Жаңа сабақтың мазмұны бойынша ес картасымен жұмыстануға тапсырма беру. Оқушылар ес картасымен 20 минут көлемінде жұмыстанады. Өз бетімен жұмыс. Флипчарт сурет салуға қажетті құралдар Ой толғаныс: Оқушылардың жұмыстарын тыңдау. Оқушылар өз топтарының жұмыстарын қорғайды. Зерттеушілік әңгіме. Көшбасшылық Топтық бағалау Дәптермен жұмыс: Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар беріледі: Анықтама бер: (Жұлдыздар,Шоқжұлдыздар,Құс жолы)Оқушылар анықтама береді: Жұлдыздар-бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі. Шоқжұлдыздар- белгілі бір жерге шоғырланып орналасқан жұлдыздар . Галактика – жеке жұлдыздар тобы. Құс жолы - Миллиондаған жұлдыздардан тұратын жұлдыздар жүйесі. Дәптермен жұмыс. Үйге тапсырма Жұлдызды аспан. Жұлдыздар жүйесі. Қазақ халқындағы жұлдыздарға қатысты ырым-тыйымдар, аңыздар ды ел аузынан жинақтау. Кері байланыс: Оқушылар бүгінгі сабақтан не түйгендерін, не үйренгілері келетіндерін жазып,
кері байланыс бұрышына орнатады.