Т?рбие са?аты: «?аза?стан, туды алтын д?уірі?!»



Сұлтанова А.Х.
Балалар үйінің тәрбиешісі
Тақырыбы: «Қазақстан, туды алтын дәуірің!»
Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан мәлімет беру, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакат, Қазақстанның Әнұраны, Туы, Елтаңбасы, деректі фильм көрсету.
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті тәрбиешілер мен балалар!
Қазақстан! туды алтын дәуірің,
Алғандайсын жұлдыздардың жарығын,
Алтын заңын құтты болсын қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, Алыбым.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
2-жүргізуші:
Балалар біз қай ұлтпыз?
Хормен: Қазақпыз
Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
Хормен: Қазақстан!
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнін туды кенеле бер.
Мерейін құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер!
Біздің атамекеніміз, қазақ даласы-бабаларымыздың ұрпағына қалдырып кеткен асыл мұрасы.Қазақ жері кең байтақ, табиғаты да әр алуан.
Ортада Омарқасова Заринаның орындауында «Кеңес» күйін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші: Қазақстан территориясы бойынша дүние жүзінде 9 орын алады. Ал ТМД елдері бойынша екінші орын алады. Қазақстанның жер аумағы 2,7 млн, шаршы шақырым.
Дүбірлетіп өңірді,
Дүрілдетсін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл күні!
2-жүргізуші: Ортаға бүлдіршіндерімізді шақырайық.
Диас:
Отан – сенің ата – анаң,
Отан – досын, бауырың.
Отан – өлкең, астанаң
Отан – аудан, ауылың!
Гүлназ:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді!
Насихат:
Отан дейміз кең – байтақ Астананы
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады!
Зарина:
Топырағын мен тамырласып кіңдігім,
Қуаныштан жүрек толқып тұр бүгін,
Нығайтамын елдігімнің тұғырын
Берік ұстап Тәуелсіздік тізгінің!
Сабина:
Отан – тарих, Отан – тіл
Жасаған елін, өз халқын,
Отан – өлең, Отан – жыр.
Көтерген көкке ел даңқын!
1-жүргізуші: Елім менің! Бұл өз үйіннің табалдырығынан басталады. Содан шетсіз, шексіз қияға өрлеп кете барады. Оның жұпар атқан жусаны, кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, осының бәрі-туған елдің бір бөлшегі.
2-жүргізуші: Еліміз Егемендік алған жылдардан кейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Өз тарихымыз, сал-дәстүріміз зерделеніп, жинақталған, кең мағыналы кітаптар, әдеби зерттеулер жарық көре бастады. Қазақстан Республикасы экономикасы, әлеуметтік тұрмысы тұрақты дамып келе жатқан Орта азиядағы беделді мемлекеттер қатарына қосылды.
Ортада «Шашу» биін тамашаланыздар.
1-жүргізуші: Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздіктің тірегі, жеріміздің кіндігі, халқымыздың бірлігі Астана – Қазақстанның жаңа бейнесі, жарқын келбеті. Дүниежүзіндегі астаналардың ішіндегі ең жас Астана – халқымыздың болашаққа деген үмітінің сенімді кепілі.
2-жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, Дүниежүзіне танылды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз, қазақ мемлекеті.
Жаннұр:
Отан – осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
Отан – деп өс жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!
Санжар:
Республикам мейірімді мәрт ана,
Тосқауылды бұзып өттің қаншама.
Қазыналы ұлан байтақ өлкеге,
Бүкіл ғалам көз тігеді тамсана!
Гаухар:
Тауды көрсен күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан.
Менің байтақ Республикам таулары
Менің көгім мөлдіреген көк аспан!
Назима:
Шежіресін шертсе күй ғып көне жер,
Ертеңіне, өркеніне сене бер.
Дүниені дүбірімен тандатқан,
Міне, осындай Қазақстан деген ел!
Василий:
Әлемге атың жайылсын жарқын,
Жасай бер, жаса, Қазақстан!
Баянды болсын бақытың, халқын
Жасай бер, жаса, Қазақстан!
1-жүргізуші: Қазақстан – татулықтың, достықтың, бірліктің киелі бесігі. Түрі, тілі, діні бөлек болғанмен, жүрегі «Қазақстан – туған жерім, Отаным, алтын ордам» деп соғатың жүз отыз ұлттан астам халық тұрып жатыр.
2-жүргізуші:
Ер болдың ерік алдын астаналы,
Енді кімнен қарағым жасқанат?
Тәуелсіз мемелекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атыменен басталады!
Сондықтан, елдің болашағы да, өрлеуі де, бүгінгі жас ұрпақ сіздердің қолдарынызда. «Ел үмітін ер ақтар, ер үмітін ел сақтар» демекші ел үмітін ақтау сіздермен өлшембек. XXI ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, елімізде тыныштық болып, егеменді елдігіміз ұзағынан сүйіндірсін!
Ортада «Қара жорға» биін тамашаланыздар!
Қорытынды: Біз жас ұрпақ бойынан «Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» атамекенін қорғаған батырларымыздың ерлік пен өрлік өнегесін көргіміз келсе ұлттық қадір – қасиетін бойына сіңіріп тәуелсіз
Қазақстанымыздың білімді де, білікті тәрбиелі азаматының жаңа келбетін көргіміз келсе, халқымыздың даналық тәрбие мектебінің тұнық кәусарынан қанып ішіп, жас ұрпақ бойына шаршамай, шалдықпай, үздіксіз сіңіре білейік!